- 30 нау. 2015 00:00
- 239
Кейбір шындықтар
Гиннес рекордтар кітабындағы деректер бойынша:
Жапон әйелдерінің орташа жас көрсеткіші 84 жыл, ал Ботсваналық әйелдердікі 39 жыл.
Ағылшындардың 15 жастағылардың жартысы есірткі заттар қолданады, ал төрттен бір бөлігі темекі шегеді.
Семіздік ауруына шалдыққан адамдардың үштен бір бөлігі дамыған елдерде өмір сүреді.
Ерте жаста жүкті болу, дамыған елдер арасында ең көп АҚШ пен Англияда орын алады.
Қытайда 44 миллион әйел жоғалған.
2002 жылы өлім жазасының 81 пайызы АҚШ, Қытай және Иранда орын алды.
Англиядағы супермаркеттер клиенттері туралы үкіметтен артық ақпаратқа ие.
Әлемдегі халықтардың бестен бір бөлігі күніне 1 доллардан төмен табыспен өмір сүреді.
АҚШ-та жылына 13,2 миллион адам пластикалық операция жасатады.
Үндістанда 44 миллион бала жұмыс істейді.
Бүкіл әлемде көлік апатынан қаза табатындар минутына 2 адамнан келеді.
Әлемдегі есрткі заттардың сауда айналымы 400 миллиардты құрайды.
АҚШ-тықтардың үштен бірі жатпланеталықтардың келгеніне сенеді. :))
Әр күні әлемде 800 миллион адам аш қалуда.
Мұнай қорлары 2040 жылдары таусылуы мүмкін.
Темекі шегетіндердің 82 пайызы дамыған елдерде өмір сүреді.
Соғыстардың төрттен бірі табиғи қорларға қол жеткізу үшін жасалуда.
Африкада 30 миллион адам ЖИТС (СПИД) ауруына шалдыққан.
Әр жылы 120 мың әйел немесе қыз батыс еуропаға сатылады.