Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кім болам?
Балқаш қаласы
«Бөбек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Тәрбиеші: Қ. А. Абдибекова

«Кім болам?»
(Әлеуметтік орта саласы бойынша)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Кім боламын?
Мақсаты: Заманауи мамандық иелерімен таныстыру.
Міндеттері:
1. Балаларды мамандық иелерімен және олардың еңбегімен таныстыру.
2. Мамандық иелерінің қызметтері мен міндеттері туралы түсініктерін дамыту.
3. Мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу
Қостілділік компонент:
Көрнекіліктер: әртүрлі мамандық иелерінің суреттері.
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық

Мотивациялық - қозғаушылық
Күтпеген сәт:
Топқа үш мамандық иелері кіреді.
- Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келгенін?
- Дұрыс айтасыңдар!
- Ал, олар кім болып киініп келгендерін айтыңдаршы?
- Иә, дұрыс балалар, жарайсыңдар!

Ұйымдастыру - шылық - ізденістік
- Балалар бүгін біз қазіргі заманға сай «Рекламный агент» және «Дизайнер» заманауи мамандық иелерімен танысамыз.
(слайд) арқылы көрсету.
Мінекей балалар, сендер заманауи мамандық иелерімен таныстыңдар. Енді маған өздеріңнің әкелерің мен аналарың қайда жұмыс жасайтынын айтып беріңдерші?
- Балнұр айтшы сенің анаң кім болып жұмыс жасайды?
- Менің анам мұғалім, ол балаларды оқытады.
- Наржан сенің анаң ше?
- Менің анам шаштаразда жұмыс жасайды, ол адамдардың шаштарын сәндейді.
- Диас сенің анаң кім болып жұмыс жасайды?
- Менің анам дәрігер, ол адамдарға массаж жасайды.
- Жарайсыңдар!
Балалар бізде басқа да мамандар көп. Солардың ішінде сендердің денелеріңді шынықтыруға көмектесетін «Физрук» мамандығы да бар.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Сендердің денсаулықтарың
жақсы болу үшін мен сендерге денелеріңді шынықтыруға көмектесемін. менімен бірге сергіту сәтін жасайсыңдар ма?
- Балалар жарайсыңдар!
Мен енді басқа балаларға барып денелерін шынықтырайын, сау болыңдар.
Балалар енді біз ойын ойнайық. «Ойлан тап»(Дидактикалық ойын слайд).
Ойын шарты бойынша бала мамандық иесінің құрал - жабдықтарын табады.
Балалар енді біз екі орталыққа бөлінейік.
Бірінші орталықтағы балалар: «Рекламный агент» болып тауарларды жарнамалайды.
Екінші орталықтағы балалар: «Дизайнер» болып қуыршақтың көйлегін әшекейлейді.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама