Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Кім мяу деді?
Кім мяу деді?
Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Әтешке кездеседі: Сен «мяу» дедің бе?
Әтеш: ку - ка - ре - ку. Жоқ, мен емес, мен мақтаншақ әтешпін.
Күшік тышқанды көреді:
- Сен «мяу» дедің бе?
- Пи - пи - пи, жоқ мен емес. Мен кішкентай, қорқақ, қара тышқанмын.
- Енді күшік үйшіктің жанынан үлкен қабаған итті көреді.
- Сен «мяу» дедің бе?
- Ав - ав, мен емес. Мен үлкен ашулы қабаған итпін.
Осы кезде ара ызыңдап, күшікті шағып алады.
Күшік өзендегі суға мұрынын жуып жатып жүзіп бара жатқан балықты көреді.
- Сен «мяу» дедің бе?
Балық үнтүнсіз жүзіп кете барады.
Өзендегі бақа тіл қатады:
- Ква - ква. Балық сөйлемейді.
- Сонда, сен «мяу» дедің ғой?
- Жоқ, мен емес. Мен бақылдауық бақамын.
Күшік үйшігіне қайтып келеді. Орнына жатады. Осы кезде тағы да «мяу - мяу» деген дауысты естиді.
Күшік мысықты көріп қалып:
- А - а, сен ғой «мяу» деген деп қуа жөнеледі.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама