Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кімдер және не үшін годжи жидегін жегені жөн

Ол көз жанарын жақсартып, салмақтан арылтады және адамға күш береді. Бірақ жанама әсерлері де болуы мүмкін.  

Біз қазір қатты дәріптеліп жүрген суперфуд — годжи жидегін талдап шығып, ғылыми тұрғыдан оның пайдасы мен зияны туралы бәрін анықтап қойдық.

Годжи жидегінің пайдасы неде  

Ежелгі Қытайда бұл қызыл түсті жидек өмірді ұзартады деген пікірде болған. Қазіргі таңда интернетте годжи жидегінің салмақ тастауда пәрмені күшті деген қауесет көп: кей бағы жанғандар айына 23 килограмм салмақтан құтылғаны жайында айтып мақтанып жүр.

Бұндай әңгімелерде ақиқаттың үлесі бар. Енді годжи жидегін өз рационыңызға қосуыңыз керек екеніне үндейтін ғылыми тұрғыда расталған годжидің сегіз қасиетін тізіп шығайық.    

1. Көз жанарын сақтайды  

Годжи жидегінің қанық қызыл түсті болатыны сәбіздің де түсін қызғылт сары ететін заттек — каротиноидтердің арқасы. Оның ішінде бета-каротинің арқасы. Ол организмге жайылған соң А дәруменіне айналып кетеді. Бұл дәрумен көз болаты үшін аса маңызды. Егер ол жеткілікті мөлшерде болмаса, біздің көру қабылетімізге әсер ететін көздегі аса сезімтал пигменттер дұрыс шықпай қалады.

Годжи жидегінің [Goji Berries (Tibetan)] 1 унциясынан (28 г) А дәруменінің бір күндік нормасының 50% дейінгі мөлшерін алуға болады

Годжи жидегінде бета-каротиннен бөлек антиоксиданттардың да көп мөлшері бар. Бұл заттектер еркін радикалдармен — жұптаспаған электрондары болатын молекулалармен күреседі. Ол молекулалар денедегі басқа да молеулаларды зақымдайды. Молекулалық деңдейде болатын бұндай ақаулар ағзалар мен ұлпалардың, оның ішінде көз ұлпаларының үдемелі түрде қартая бастауына апарып соғады.    

Годжи жидегін жеп жүру антиоксиданттар деңгейін жоғарылатады да, осы арқылы көз жанарындағы өмір жасқа байланысты бұзылыс-ақаулардың дамып жетілуін баяулатады.  

Тағы бір бонус бар: годжи жидегі суқараңғы (глаукома) ауруына — қатерлігі бойынша әлемдегі зағип болып қалу себептерінің ішінде екінші орында тұрған созылмалы көз ауруына шалдығу қайбылын азайтады.  

2. Қартаюды тежеп баяулатады  

Годжи жидегінің құрамында бар антиоксиданттар бүкіл организмдегі еркін радикалдармен күресу құралы. Осының арқасында өміржастық өзгерістер бәсеңдейді. Бұл әжімге (терінің икемділігі мен біртегістігі ұзағырақ сақталады) де, басқа да ауыр бұзылыс-ақауларға қатысты: жүрек-қан тамыр ауруларының, мыйдың өміржастық дисфункцияларын және обырдың алуан түрінің пайда болып, асқыну қайбылын төмендетеді.

3. Иммунитетті нығайтады  

Годжи жидегінде жоғарыда айтып өткен заттек-антиоксиданттар мен А продәруменінен басқа С дәрумені де жеткілікті. Бұл норма бойынша қажетті 100 граммның 10% жуығын береді.

А және С дәрумендерінің дұрыс имммунитетті ұстап тұру үшін және салқын тигізуден бастап онкологиялық дерттер тақылеттес сан алуан ауру түрлерінің алдын алу үшін маңызы зор.   

4. Обыр ауруларына қарсы тұруы мүмкін  

Жидекті адамдарға беру арқылы әлі зерттеліп көрген жоқ. Бірақ годжи жидегінің шырыны тамақтандыру рационына қосылған тышқандарға істелген зерттеулер кезінде ғалымдар мынаны анықтады: бұлай тамақтандыру зиянды ісіктердің өсімін тоқтатып, обырдан емдеу пәрменділігін арттыра түскен.  

5. Қандағы қант деңгейін қалыпқа түсіреді  

Годжи жидегін пайдалану 2-типті қант диабетіне шалдыққан науқастарға глюкозаның қанға түсуін бақылауда ұстауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ғалымдар қанда «жақсы» холестериннің деңгейінің артуын жидекті тұтынумен байланыстырады.   

6. Торығып, жан күйзелген кезде жағдайды жақсартады  

Жан жақты зерттеулер қазірше тек тышқандарға ғана жасалды. Бірақ жасалған тәжірибелер көңіл көншітерлік-ақ. Ғалымдар годжи жидегінің шырынын тұтыну мазасыздықты шегеріп, жан торыққанда жағдайды жақсартатынын және ұйқыны тыныш қылатынын нақ дәлелдеп шықты. 

7. Күш-қуатыңды тасытады  

Годжи жидегінің бұл қасиеті адамдарда сыналып дәлелденді. Бір зерттеу барысында ғалымдар еріктілерге годжи жидегінің 120 грамм шырынын күнделікті беріп отырды. Сосын олардың сезім-түйсігін бақылаудағы топпен — плацебо алатын аламдармен салыстырып отырды. Нәтижесі керемет. Тәжірибенің он бесінші күні-ақ годжи шырынын ішетін сынаққа алынған адамдар:   

— өзін күш-қайратты сезінетінін; 

— жұмыс кезіндегі тапсырмаларлы орындауда мұқияттырақ бола бастағанын;  

— ақыл-ойы бұрынғыдан гөрі зерек бола бастағанын;  

— спорттағы нәтижелерінің жақсара бастағанын;   

— бұрынғыға қарағанда байсалды, сабырлы болғанын және өмірге көңілі тола бастағанын хабарлады.

Бақылаудағы топта бұндай эффект байқалмаған.  

Бұнда мына бір жайды атап өткен абзал: әңгіме алдын ала нәтижелер жайында болып отыр. Годжи жидегінің адам психофизикалық жай-күйіне ететін ықпалы бұдан гөрі ауқымды зерттеулер арқылы қайта тексерілуге тиіс.   

8. Салмақты бақылауда ұстауға септігі тиеді  

Басқасын айтпағанда, қышқыл-тәтті годжи жидегі жасұныққа (клетчатка) бай келеді. Асқазанға жеткен кезде ол ісініп кетеді де, тіпті 2-3 тал жидекті ғана жесеңіз де, қарын тоқтық сезіміне бөлейді. Осылайша годжи жидегі қарын ашу сезімін жұмсартып, артық тамақ жеп жіберуден сақтануға сеп болады. Бұл болса салмақты бақылауда ұстаудағы маңызды фактор.    

Годжи жидегі кімге залал келтіруі мүмкін   

Денсаулық үшін пайдалы екені айдан анық болғанына қарамастан, годжи жидегі еш бақылаусыз тұтына беретін тағам емес. Оның құрамында, мысалы, ішкен дәрі-дәрмекпен өзара әрекеттесуі мүмкін белсенді заттар бар.  

Осы себепті, бұл ғажайып жидекті татып көргіңіз келсе, бұл жөнінде терапевтіңізбен кеңесіп алыңыз. Егер сіз:   

— гипогликемияға — қан құрамындағы қант деңгейінің төмендеп кетуіне шалдықсаңыз; 

— қанды сұйылтатын дәрі-дәрмек ішіп жүрсеңіз;  

— қан қысымыңыз жоғары немесе төмен болып қиналып жүрсеңіз;

— жеміс-жидекке немесе көкөніске аллергияңыз болса, міндетті түрде кеңесіңіз.

Бөлек атап өтетін жайт бар: годжи жидегінде A продәрумені көп. Артық мөлшерде ішіп қоймау үшін жидекті басқа дәрумен қоспаларымен бірге пайдалануға болмайды. Бұны да сіздің дәрігеріңіз қадағалап отыруға тиіс.

Годжи жидегін қалай және нешеуін жеу керек  

Бізде годжи жидегі, көбінесе, кептірілген күйінде сатылады. Оны сол күйінде жей беруге болады. Организмді оған пайдалы заттектерге кенелту үшін күніне 1 үлкен қасық жидекті жеп тұрсаңыз жетіп жатыр.    

Ал мынау годжи жидегін күнделікті рационға қосып отырудың көп тараған түрлері:  

— қайнаған шайға қосыңыз (содан соң, әлбетте, жеп қойыңыз);

— йогуртпен араластырып жеңіз;  

— жеміс және көкөніс түрлерінен жасалатын салаттарға салыңыз;  

— таңғы асқа арналған жарма қауыз тағамдарға қосыңыз.  

Энергетикалық әсерін ескерсек, годжи жидегін түске дейін жеген абзал.

Оқуға кеңес береміз:

Годжи жидегі

Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім

Сәбіз шырынының 10 пайдасы

Жаңғақтың асқазанға пайдасы

Керемет әсері бар табиғи "энергетиктер"

Үйлесімді және тиімді тамақтану


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама