Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Көлік. Көлік түрлері
Сабақтың мақсаты: Жер, жер асты, әуе, су көліктері туралы түсінік беру.
Жер үсті көліктерінің түрлері: жолаушы, жүк тасымал, арнаулы көліктер болып бөлінетінін түсіндіру.
Дамыту міндеті: Оқу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, көлік түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды көшеде жүру ережелерімен, бағдаршам, оның атқаратын қызметімен таныстыру. Көшеде жүру ережелерін сақтай білуге, бағдаршамды пайдалана білуге үйрету.
Көрнекілігі: жолда жүру ережелеріне арналған мазмұнды суреттер, бағдаршам макеті, түрлі ойыншық машиналар, Қазақстанның физикалық картасы.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі; сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, ойын, көрнекілік.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Жаңа сабақ.
1." Ой шақыру". Көшеде жүру ережелеріне арналған мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрату.
2. Қазақстанның физикалық картасымен таныстыру "Қазақстан еліне сиқырлы саяхат".
Сұрақ - жауап әдісімен оқушылар білімін толықтыру:
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- ҚР тұңғыш Президенті кім?
- Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

III. Олай болса, қазір "Пойыз" ойынын ойнап Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар - қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.

Ал, паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш - пш, пш - пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.

Гу - гу, гу - гу, гуілде,
Қалып қойма бәрің де,
Пш - пш, пш - пш, біз кетік,
Жүрісті тым үдеттік.
Ә. Асылбеков

1. Балалар бірінен соң бірі қол ұстасып, паровоз болып айналады, қалалардың атын атайды.
- Балалар, бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз?
- Қала, ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды?

IV. Оқулықпен жұмыс:
1. Оқушыларға мәтінді тізбектей дауыстап оқыту, онда не туралы айтылғанын әңгімелету.
Көліктер туралы түсінік беру
1. Жер үсті көлігі: машиналар, автобустар, т. б.
2. Су көлігі: қайық, кеме, катер, теплоход, т. б.
3. Әуе көлігі: ұшақ, тік ұшақ.
4. Жер асты көлігі: метро.
Жер үсті көлігінің түрлері: 1. жолаушы
2. жүк тасымал
3. арнаулы: жедел жәрдем, өрт сөндіру, МАИ көлігі, т. б.

V. Дәптермен жұмыс:
1. Суреттегі бағдаршам көздерін сәйкес түске бояу.
VI. Жол ережесі туралы түсінік беру. Шағын көрініс.
1 - оқушы: Жайраңдаған жараңдар
Жан - жаққа да қараңдар
2 - оқушы: Жолдан өтер көлік бар
Жол беретін адам бар
Әдеп, тәртіп сақтаңдар.
3 - оқушы: (Қолына қызыл дөңгелек ұстап )
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
4 - оқушы: (Қолына сары дөңгелек ұстап)
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
5 - оқушы: (Қолына жасыл дөңгелек ұстап)
Жасыл көзін ашқанда
Өте берші, жасқанба!

VII. Сабақты қорытындылау, жүйелеу. Көлік суреттерін тиісті жазбаға сәйкес ілу.
1. Жер үсті көлігі
2. Су көлігі
3. Әуе көлігі
4. Жер асты көлігі

Жер үсті көлігінің түрлері:
1. Жолаушы
2. Жүк тасымал
3. Арнаулы

VIII. Көліктерде жүріп, түсу, әдептілік ережелері, қоғамдық көліктегі тәртіп туралы түсінік беру.

IX. Жұмбақтар шешу:
1. Қазша қанатын жаяды
Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады. (Ұшақ)
2. Күндіз - түні күрсінеді,
Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)
3. Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)

X. Оқушылар білімдерін салыстыра бағалау, мадақтау.
XI. Біз бүгін не үйрендік, не білдік?
XII. Үйге тапсырма: түсініп оқу, жұмбақтар жаттау, көлік суреттерін жинақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама