«Баланың даралығы - даналығының бастауы» дөңгелек стол

Мақсаты: мұғалімдер мен ата - аналардың баланың бойындағы талантын, қабілетін анықтауына, байқауына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: мұғалімдер мен ата - аналар арасында жақын қарым - қатынас қалыптасуы және баланың бойындағы талантын, ерекше қасиетін, қабілетін уақытында анықтай алуы.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог.
2. «Мен кіммін?» тренингі.
3. «Бала – өмірдің мәні» ойыны.
4. «Сіз мына шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз»
5. «Менің ең қиын оқушым» жаттығу.
6. Ой - түйін: «Сиқырлы жүрек»
7. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспе сөз. Психолог.
«Тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін жүргізілетін барлық тәрбие ісіңіз – бүкіл тәрбие процесінің тоқсан проценті» - деген Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы – ең алдымен өзі туып өскен отбасында алған тәрбиеге, ондағы қалыптасқан қарым - қатынасқа байланысты. Қай ата - ана болмасын өз перзентінің иманды да инабатты, адамгершілігі мол, саналы азамат болып өсуін қаламайды дейсің. Сондықтан бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білу, әрбір ата - ана үшін қажетті шарт.
2. «Мен кіммін?» тренингі. Мұнда «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздей отырып жауап береді. Яғни өзін таныстырады. Мәселен, «Мен кіммін? Мен – Айжанмын. Мен – сабырлы, қарапайыммын, көріктімін, кішіпейілмін. Мен – адаммын, тұлғамын, пендемін.
Талдау: «Мен кіммін?» сұрағына жауап бергенде қандай сезімде болдыңыз?
3. «Бала – өмірдің мәні» ойыны. Ата - ана өмірінде баланың орны ерекше. Баланы өміріміздің мәні, сәні деп жатады. Ал, мұғалімдер үшін оқушы – оның беделі, абыройы, мақтанышы болмақ. Сондықтан осы нәрсені ескере отырып, «БАЛА» ұғымын қалай түсінеміз, бала туралы ойлағанда, ойымызға не нәрсе келеді. Яғни, «БАЛА» сөзін пайдалана отырып, мына параққа өз ойымызды түсіреміз.
Талдау: - «БАЛА» сөзінің сіз үшін мәні қандай?
- ойланған кезде ойыңызға ең бірінші қандай ой келді?
4. Әрбір бала үшін ата - анасынан артық ешкім жоқ, олар ең ақылды, күшті, әдемі.. Әсіресе, сәби шақтағы ата - ананың бала алдындағы беделі ерекше. Ата - ананың әділеттілігі, айтқан сөзі мен істеген ісінің дұрыстығына кәміл сенетіндігін балалардың «Мамам айтты», «Папам осылай істе деген» сияқты сөз саптауларынан – ақ байқауға болады. Ал, енді, күнделікті өмірде балаларымызбен қарым - қатынаста қолданып жүрген сөздерімізді еске түсіріп көрелік: қалай мақтаймыз, қалай еркелетіп, қалай ескерту жасаймыз, ренжігенде, айтқанымызды орындата алмағанда не айтамыз? Біздің яғни, үлкендердің санасына бұл ұстанымдар қайдан келеді? Ойланып қарасақ, біздің өміріміздегі жақсылық, кемшіліктерімізге бағыт - бағдар беру көп жағдайда ата - анамыздан беріледі. Сондықтан ата - аналар тәрбиелеудегі өзіміздің сөз саптауымыз бен үлгі - өнегенің балаға қаншалықты әсер беретінін әрқашан есте ұстағанымыз жөн.
«Сіз мына шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз»:
- Баршы менің қолым бос емес!
- Қарашы, тағы бүлдірдің!
- Дұрыс емес!
- Сенің бірдеңені үйренетін күнің бола ма?
- Сен мені жындандырасың?
- Әкең (немесе шешең) екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар!
Бұл біздерге таныс сөздер. Мұндай сөздер баланың санасына сіңіп қалады. Ал кейін есейе келе балаңыз тұйықталып, сізбен сөйлескісі келмесе, өз - өзіне сенімсіз, ынжық болса, әкесіне (немесе шешесіне) деген құрмет сенімін жойса таң қалмаңыз! Сондықтан баланың әр ісі, қылығына түсіністікпен қарап, өзін - өзі бағалауға, өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.
5. Қазіргі таңда «Қиын оқушы» мәселесі алдыңғы орында тұрған мәселелердің бірі. «Қиын оқушы» деген не? «Қиын оқушыны» жақсы ету үшін ата - мен мұғалім біріге жұмыс жасаса, нәтиже болады деп ойлайсыз ба? «Қиын оқушы» қайдан шығады? «Сіздер ата - анасыздар мұғалімге көмек берер ме едіңіз? Мәселен, қандай?» деген сұрақтарға жауап іздесек.
«Менің ең қиын оқушым» жаттығу.
Мақсаты: мұғалімдер мен ата - аналар өзара қиын баламен жұмыс істеу жөнінде қарым - қатынаста тәжірибе алмасу.
Топ мүшелерін шеңбер бойымен өздерінің тәжірибесінде кездескен бір қиын оқушы жайлы оның түр әлпетін, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т. с. с. жайттарды баяндап беру тапсырылады. Мұғалім оған әсер ету үшін қандай амалдар қолданғанын суреттеуі керек. Ата - аналар ол балаға әсер етудің эффективті тәсілдерін табуға көмек береді.
6. Ой - түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын мына плакатқа жүрек суретін салып, барлығымыз бір - бірден жүректен шыққан сөз болсын, сурет болса да бейнелеп көрсетсек. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет.
7. Қорытынды: - Халқымыздан қалған: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», деген нақыл сөзі бар. Бала тілі өзінің жанұя мүшелерімен араласуынан басталады. Сондықтан үлкендердің сөйлесу тілі балаға үлгі боларлықтай болу керек, ол көбінесе ата - анаға, олардың біліміне, баланы мәдени тәрбиелеп өсіруіне байланысты болмақ.
Ана – үйдің берекесі,
Бала – үйдің мерекесі.
Әке - өмірдің бәйтерегі,
Бала - соның жемісі.