Колледж жасөспірімдерінің бойындағы рухани, адамгершілік, мейірбандылық қасиеттерін қалыптастыру
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колледжінің Бағдарламалық қамтамасыз ету-110 тобының кураторы тобымен бірге «Қайырымдылық іс-шаралары» (ТДМ-1) тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында Зағип және көздері нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханасындағы оқырман қызметкерлердің өмірі және қызметі жайлы біліп қайтты.
Оқырман қауымның көпшілігі кітапхана қызметкерлері. Көздері нашар және мүлде көрмейтін қызметкерлер арасында түрлі қызметтегі «информатик», «бағдарламашы-техник», «дыбыс режиссері», «әнші, «ақын» т.б. қырынан танылған маман иелері зағип жандар арасынан табылды. Кітапхана қызметкерінің бірі аудио кітаптарды тыңдап оны зағип жандар оқи алатын брайль түріне айналдырып ыңғайын жасап отыратыны туралы бөлісті. Баспадан шығарылған кітаптарды арнайы брайль түріне көшіретін сканер құрылғыларының қызметімен таныстырды. Болалашақ бағдарламашылар кітапханадағы техника құралдарына қызығушылық тудырды. Баспадан шығарылған кітаптарды арнайы брайль түріне көшіретін сканер құрылғыларымен таныстырды. Жеке жеке брайль түрінде түрінде шығарылған әрбір бетті түптеп мазмұнды брайль түріндегі кітапқа айналдырып отырады.
Білім алушылар әрбір бөліммен таныса келе “тифлология” бөліміндегі қызметкерлерді де тыңдады. Бөлім қызметкерлері өмірде көз жанарынан айырылған әрбір жанға психологиялық қолдау көрсетіп, өмірдегі жолдарын табуға көмектесіп отыратындары туралы айта кетті. Кітапхана қызметкерлері өмірлеріндегі қиындықтарды жеңе білуді және көздері нашар көрсе де өмірге деген құштарлығы, сондай-ақ өмірде рухани ізденісте жүретіндері байқалды. Көру мүшелерінен айырылса да халыққа танымал тұлға ретінде қоғамда беделді орын алуға болатындарын айта кетті. Жалпы кітапханада зағип жандардың сауатын ашуға кез келген жағдайлар жасалынған. Зағип оқырман брайль түріндегі кітаптың тілін білмесе түрлі дыбысталған кітаптар мен грампластинкалар мен диафильмдер көптеп кездеседі тіпті ХІХ-ХХ ғасырдағы аудио кассеталар да табылады. Қарт оқырмандарға тифло құралдар беріледі игере алатын болса бірнеше кітаптарды флешка құрылғысына жинақтап береді. Мемлекет тарапынан тифло құрал ұялы телефондар көмек ретінде қарастырылады. Телефон құралдарының зағип жандарға арналған арнайы бағдарламалары бар.
Білім алушылар кітапхана бөлімдерін аралап, қызметімен танысып шыққаннан кейін кітапхана жоспары бойынша құрылған “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” халықаралық науқаны бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен “Әйел=Тұлға=Қоғам” тақырыбындағы гендерлік теңдікті, қоғамдағы әйелдің рөлін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараға қатыстырылды. Іс-шара барысында аталған кітапхананың бұрынғы қызметкері, ардагері қазіргі таңдағы “Жылы ұя” оңалту орталығының педагогі Иминова Мариям Рузахуновна білім алушыларға өмірдегі әйелдердің қарындас, әпке, аналарымызды құрметтеп сыйлау жөнінде тәрбиелік мәні бар дәрісін өткізді. Өмірдегі бастан кешірген оқиғаларымен бөлісе отырып, прозалық шығармасымен өлең жолдарымен аяқтады.
“Әйел=Тұлға=Қоғам” тақырыбындағы гендерлік теңдікті, қоғамдағы әйелдің рөлін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараның жабылуын “Өнер және спорт” бөлімінің әнші қызметкері Назым Момбекова “Бақытты әйел” әнімен аяқтады. Болашақ бағдарламашылар зағип қызметкерлерінің жұмысына тәнті болып, көзі нашар көретін азаматтардың өмірге деген құлшыныстарына таңқалып, ерекше рухани әсер алды.
Кеш соңында білім алушылар арасынан Абылхан Алихан “Төремұрат”, “Жолаушы” күйлерін домбырада орындап қатысқан білім алушылар атынан зағип жанды қызметкерлерге зор ықыластарын білдірді.
Н.Б. Денгельбаева