Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Көмектес септік
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың көмектес септігі туралы білімдерін кеңейту. Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау.
2. Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: стикерлер, тірек - сызба.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 85 - жаттығу. Көмектес септігінде тұрған сөздерді тапқызу.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздағы біліміміздің нәтижесін мына стикерлер саны арқылы анықтаймыз. Мен қолымдағы стикерлерді дұрыс жауап беріп отырған баланың алдына қоя беремін. Сабақ соңында стикерлер саналады. Көп стикерлі бала жақсы бағаға ие болады.
Бүгінгі сабағымызда кешегі өткен көмектес септік және барлық септіктер туралы білімдерімізді жинақтаймыз, тиянақтаймыз. Сыныпты топқа бөлу.

І. Ой шақыру.
А тобы.
1. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
2. Кім? деген қай септіктің сұрағы.
3. – ны,- ні,- ды,- ді қай септіктің жалғаулары.
Ә тобы.
1. Септік жалғаулары дегеніміз не?
2. Ілік септігінің жалғауларын ата?
3. Жатыс септігінің сұрақтарын ата?
Б тобы.
1. Септіктің қанша түрі бар?
2. Барыс септігінің сұрақтарын ата.
3. Жатыс септігінің жалғауларын ата?
В тобы.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. – дан,- ден,- тан,- тен қай септіктің жалғаулары?
3. Табыс септігінің сұрақтарын ата.
4. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу - Жеті ата, қазына, күн, септік.
- Балалар, бүгінгі жүргізілетін жұмыстарымыз осы 7 санына байланысты жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс.
А) «Жеті ата» тапсырмасы.
- Жеті атаны кім атайды? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат)
-«Жеті ата» тапсырмасы. 86 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімнің қай септікте тұрғанын айту. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. Хат Астанадан келіпті. Асыл Жанармен сөйлесті. Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.

Өзіндік жұмыс.
87 - жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа айт, шешуін тап. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын
айт.
Екі ішек бар далада,
Ауылды жалғар қалаға,
Қаланы жалғар ауылға.
Екі ішекпен зулайды ел
Жауында да, дауылда

Ә) «Жеті қазына» тапсырмасы.
-«Жеті қазына» қалай аталады?
88 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Септік сұрағы мен жалғауын ата.

Б) Жеті күн тапсырмасы. Бір аптада неше күн бар.
Тақтамен жұмыс. 90 - жаттығу. Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып,
жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.
Гүлзатқа бару. Гүлзатпен бару
Жіпті байлау. Жіппен байлау.
Ауылды көру. Ауылдан көру.
Қолды жуу. Қолмен жуу.
Әнді айту. әнмен айту.

Сергіту сәті.
- Балалар, «Дода» ойынын ойнап, сергіп алайық. Шарты: Мына жерде екі сан бар. 10және 20.
Осы сандардағы тапсырмаларды орындау керек.

Тапсырмалар.
А тобы.
10 санының сұрағы.
1. Көмектес септігінің жалғауын тап
а)- ға,- ге,- қа,- ке
ә)- ның,- нің,- тың,- тің,- дың,- дің.
б – мен,- бен,- пен
20 - санының сұрағы.
2. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады.
а ) тұрлаулы
ә ) тұрлаусыз
б) баяндауыш.
Ә тобы. 10 - санының сұрағы.
1. Сөйлемде атау септік қандай мүше болады?
20 - санының сұрағы.
2. Табыс септігінде тұрған сөзді тап
а ) жазушыға
ә ) жазушымен
б ) жазушыны
Б тобы. 10 санының сұрағы.
1. Атау септігінде тұрған сөзді тап
а ) мұғалімге
ә ) мұғалімде
б ) мұғалім
20 - санының сұрағы.
2. Ережені жалғастыр
Зат есімнің септік жалғаулары............
В тобы. 10 - санының сұрағы.
1. Көмектес септікте тұрған сөзді тап.
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.
а) үйдің ә) қабырғасын б) балшықпен
20 - санының сұрағы.
2. Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін септік.
а) Атау септік
ә) Барыс септік
б) Көмектес септік

91 - жаттығу. Өлеңді ұйқасымен жаз. Шығыс, көмектес септіктегі сөздерді тап.
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді шымшық,
Сылдыр қағып,
Таудан құлап,
Жатыр ағып,
Мөлдір бұлақ.

Ой қорыту.
З) «Жеті септік» тапсырмасы. Қазақ тілінде неше септік бар? Сызба көрсету.
Атау септік.
Ілік септік.
Барыс септік.
Табыс септік.
Жатыс септік.
Шығыс септік.
Көмектес септік. Ойын. Көбелектерді өзгүліне қондыр. Сәйкестендіру арқылы орындау.

ІV. Сабақты қорытындылау
V. Бағалау
Стикерлерді санап бағалау.
VI. Үйге тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама