Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Химия сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Химия сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2030 бағдарламасында «Елімізді ілгері жылжытатын, экономикасын көтеруге өз үлесін қосатын біздің келешек ұрпағымыз, қазіргі жастарымыз»- деп жастарға үлкен үміт артады. Елімізді барысқа айналдыратын осы жастардың қолында деп атап көрсетті. Ал бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттерді жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» мен басқа мемлекеттік білім беру стандартында нақты көрсетілген.

1. Бұған Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел.
2. Қай жерде жұмыс істесекте, әр мұғалімнің алдында қойған мақсаты: жан – жақты білімді, кез келген қиындықтардан өзін алып шыға алатын, ақылды да, парасатты бойында адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі оқушыны мектеп қабырғасынан оқытып шығару.
«Мектептің жақсы болуы – ұстаздар қауымынан»- дегенде сөз бар. Сондықтан әр мұғалім оқытудың қазіргі жаңа технологиясын, немесе жаңа әдіс – тәсілдерін сабаққа тиімді пайдаланса ғана, келешек ұрпақтың жүйелі білім алуына, дамуына жол ашылмақ.

Мен өз сабағымда дамыта оқыту технологиясымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланамын. Бұл технологиялардың нәтижесінде, ең алдымен оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекеті мен қазіргі заманға сай ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы, интерактивті тақтамен жұмыс істеу біліктілігі және қызығушылық белсенділігі артады.
Біз сабақты қанша сапалы, білімді, шеберлікпен өткізсек те, ал бала – оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Кезінде, өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен қосымша алуы керектігін айтады. Бұдан біз 20 - 30 жылдардың өзінде – ақ А. Байтұрсынұлының дамыта оқыту теориясында оқушының өзбетіндік танымдық әрекетінің рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің міндеті - балаға орындалатын жұмыс түрлерін білім дәрежесіне байланысты шағындап беру, және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт бағдар беру, көрсету, үйрету. Оқушы қызықты химиялық экспериментті көргенде, (метанның сумен әрекеттесуі, магнийдің жануы) қатты толқиды, таң қалады, яғни эмоция туады. Әсіресе жеке таным үшін таңқалу сезімінің рөлі күшті. Педагогикалық тәжірибеде «эмоцияналдық жұқтыру» ұстанымына аса мән беріледі. Яғни жағымды эмоцияның бүкіл сынып оқушыларына берілуі ЭЖ, әдетте дискотекада, дидактикалық ойын негізінде орын алады. Осыдан шығатын қорытынды: мұғалім сабақ үстінде оқушыларға жағымды эмоция туғызуға ұмтылуы тиіс. Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін әртүрлі тапсырмалар беруге болады.
Мысалы: 8 сыныпта химия сабағында«Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда сөйлем құрауға тапсырма беріледі, бұл сөйлемнің 1 – де оттегі жай зат, 2 - де химиялық элемент ретінде айтылуы керек. Темір жай зат, екіншісі химиялық элемент ретінде.
Келесі тапсырмада:
1. Су молекуласында оттегі атомы бар
2. Балықтар судағы еріген оттегімен тыныс алады.
3. Темір оксидінің құрамында темір атомы бар.
4. Балта, балға темірден жасалады.
9 сынып «Металдар» тақырыбында жұмбақтарды пайдалануға болады.
Ақ металл айналады тыным таппай, жүргендей су бетінен орын жақпай, аздан соң суға сіңіп, жоқ болады, оқушы, ал, ойлағын қойма таппай (сілтілік металл + Н2О әрекет етеді). Оқушыларға неге тез ериді – белсенді металл, нәтижесінде не түзіледі – сілті, дей келе олардың химиялық қасиетін түсіндіріп тәжірибе көрсетіледі және т. б.
8 сынып. «Оттегі» тақырыбына иісі де, дәмі де жоқ, ұсталмайды, Ол болмаса жер бетінде өмір жоқ ақыры жанған отың тұтанбайды. (оттегі) Екі соқа ертегі революция жылдары. Тақырыбы: Металдар темірден бір шеберханада екі соқа соғылады. Оның бірі диқаншының қолына тиеді де, бірден жұмысқа кіріседі, ал екіншісі сатушының дүкеніне түсіп ешбір пайдасыз жатып қалады. Бірнеше уақыттан кейін екі кездесіп қалады. Екіншінің қолындағы соқа бұрынғыдан да жарқырап кеткен. Ал ешбір қимылсыз дүкенде жатқан соқа қарайып тот басып қалыпты.
- Сіз қалайша осылай жарқырап, жақсарып кеткенсіз – деп сұрайды тот басқан соқа.
- Мені жарқыратқан еңбек, қымбаттым – деп, жауап береді, ал сен ешбір еңбексіз, қимылсыз жатып қалғандығыңнан сені тот басып бұрынғыдан жаман болып кетіпсің.

Мақал – мәтелдерді сабаққа пайдалану. «Су» - тақырыбына.
1. Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – жанарсың.
2. Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар.
3. Ақпаса – су сасиды, ойламаса ми сасиды – деп айта келе оқушылар су туралы өздері білетін мақал – мәтелдерін, құрастырылып жазылған өлеңдері мен шығармаларын оқиды. Осындай оқушылар шығармашылығымен өткізілген әрбір сабақ қызықты, әрі тартымды өтеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама