Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Графиканы өңдейтін бағдарламаларды біледі, пішімін ажыратады, суреттерді өңдейді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Керекті жабдықтар: Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы.

I. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Топқа бөлу:
1 - топ: Растрлық графика
2 - топ: Векторлық графика
Бүгін біз «Компьютерлік графика әлеміне» саяхат жасаймыз! Бірақ алдымен біз сендермен өткен сабақта берілген үй тапсырмасын тексеріп аламыз.

II. үй тапсырмасын сұрау
«Сәйкестендіру тесті» әдісі
5 мин 1. Модельдердің барлық түрлері..... үлкен класқа бөлінеді.
А) 3 Б) 2 С) 4 Д) 5
2. Модельдің класстарын көрсет:
А) Материалдық және ақпараттық модель
Б) Сөздік және ақпараттық модель
С) Кестелік және сұлбалық модель
Д) Заттық және сұлбалық модель
3. Модельдерді ұғымдарымен сәйкестендір:
1. Материалдық модель
2. Ақпараттық модель
А. Модельдеу нысанының маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Б. Модельдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды.
4. Ақпараттық модель түрлерін белгілеңдер:
А) Кесте
Б) Видео
С) Сұлба
Д) Аудио
5. Нүктелер орнын толтыр:
Компьютерлік модельдер.................. модельдерге жатады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылар бүгін біз сендермен «Компьютерлік графика түрлерімен танысамыз». Бүгінгі сабағымыздағы тірек сөздер:
Компьютерлік графика. Графикалық редактор. Екі өлшемді. Үшөлшемді.
Растр. Вектор. Фрактал.
Сендерге 2 мин уақыт, оқулықтан тірек сөздердің анықтамасын іздеп табыңдар.
Адам өмірінде сүреттің орны ерекше. Ал информатикадағы сүрет бұл – компьютерлік графика.
Графика – сызба құралдардың көмегімен жасалған сүрет.
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға немесе өңдеуге арналған программа.
Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.
Компьютерлік графика – программалық және ақпараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.
Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді және үшөлшемді.
Екіөлшемді – 2D, 2 Dimensions – 2 өлшеу - растрлық, векторлық және фракталдық компьютерлік графиканың түрлері жатады.
Үшөлшемді – 3D, 3 Dimensions – 3өлшеу – көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдермен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлігі.
(1 - СҰЛБА)

Компьютерлік графика түрлері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама