Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Компьютерлік вирустар және түрлері
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар және түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы мен архивтеу бағдарламасы түсінігін меңгерту.
Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілігі: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа құралдары, компьютер, презентация, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ахметов К. С. Современный персональный компьютер. – М.: “Компьютер пресс”. 1995.
Балапанов Е. Қ, Бөрібаев Б. Б, Дәулетқұлов А. Қ. Жаңа ақпараттық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ
С. В. Семенов «Информатика. базовый курс» 2002 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» 2004 ж.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қорытынды: Практикалық жұмыс.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Компьютерлік вирустар және олардың түрлері.
1. Компьютерлік вирустар;
2. Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері;
3. Компьютерлік вирустардың жіктелуі;
4. Антивирустық программалардың түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері;
5. Компьютерді вирус жұқтырудан сақтау тәсілдері.
1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустар – өз көшірме - лерін жасап, соларды компьютерлік жүйелер мен желілердегі әртүрлі объек - тілерге жасырын енгізіп, тұтынушыға білдірмей әртүрлі жымысқы әрекеттер жасайтын программалар тобы. Сол көшірмелер ары қарай да жылдам көбейе отырып, таралу қасиетін сақтайды.
Компьютерлік вирустар ЭЕМ ішінде пайда болып, нақты тіршілік жасайтын микроорганизмдер емес. Оларды басқаларға қасақана зиянкестік жасау үшін программалардың дұрыс орындалуына кесірін тигізу мақсатында әдейілеп жазатын адамдар бар. Ондай программаларды қырсық қиқарлар (кракер - вандалдар) жасайды.
Ішіне вирус еніп кеткен программаны “залалданған” немесе инфекциясы бар программа деп атайды.
Инфекциясы бар “науқас” программа орындала бастағанда, алдымен вирус жұмысқа кіріседі. Содан вирус басқа программаларға да жұға бастайды да, өзінің жоспар - ланған зиянды әрекеттерін атқаруға кіріседі.
Вирус өз әрекеттерін сездірмес үшін бірден белсенділік танытпай, мынадай шарттардың орындалуын күтеді:
- белгілі бір уақыт кезеңі өту тиіс;
- операциялардың нақты бір саны орындалуы қажет;
- белгілі бір күн - ай мерзімі немесе аптаның нақты бір күні келуі керек, т. с. с.
Вирусқа қарсы жазылған программалардың көптігіне қарамастан, вирустар саны күннен - күнге көбейіп жатыр.

Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері
• Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы;
• Файлдар көлемінің үлкеюі (әсіресе программалар);
• Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы;
• Пайдаланылатын жедел жад көлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен салыстырғанда);
• Кенеттен пайда болатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер;

• Операциялық жүйе жұмысынан қателіктер шығуы (оның кенеттен тұрып қалуы);
• Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла бастауы;
• Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтамай кетуі;
• Белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын программа - ның келіп түсуі т. с. с.
Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды.
Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді.
Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды.
Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді.
Сол кездерде алғаш рет вирустардың желі бойынша бақылауға көнбейтін таралу құбылысы үлкен қоғамдық толғаныс туғызды. Ол 1988 ж. 2 қарашада Корнель университетінің соңғы курсы студенті Роберт Таппан Моррис желі бойынша таратқан вирустық программа кесірінен болды. Соның салдарынан 6200 компьютер тоқтап қалып, яғни желіге қосылған машиналардың 7, 3 % - ы істен шықты
Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
Вирустарды мынадай белгілеріне қарап топтарға (кластарға) бөлуге болады:
• Таралу ортасы бойынша;
• Жұғу тәсілі бойынша;
• Зиянкестік әрекетінің деңгейіне қарай немесе залалдық қасиетіне байланысты;
• Алгоритм ерекшелігіне қарай;
• Көлемінің тұрақтылығына байланысты.
Таралу ортасына қарай
Желі вирустары – компьютерлік желі бойынша таралады. Оның мысалы ретінде Melissa атты вирусты келтіруге болады.
Файлдық вирустар – com және exe типті бірден атқарылатын командалық файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро - вирустар да жатады. Олар Word, Excel тәрізді программаларда дайындалған орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.
Жүктелетін вирустар (Загрузочные) - дискінің жүктелу секторына (Boot - сектор) немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record – MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT - кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді.
Файлдық - жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.

Компьютерлік вирустар және түрлері. жүктеу
Компютерлік вирустардан қорғау. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама