Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көңілді математикалық пойыз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
математика пәні мұғалімі Турсынова Орниса Турсыновна

Сабақтың тақырыбы: Көңілді математикалық пойыз
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту
- Іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және білім алуға, бәсекелестікке баулу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі түсті геометриялық фигуралардың қимасы, желім, шырпылар.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызда ««Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бірлестігі апталықтың үшінші күнінде өткізгелі отырған «Көңілді математикалық пойыз» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер! Бүгінгі математикалық сайысымызға 5А және 5Б сыныптардан келген білімді және ұшқыр ойлы оқушылардан құралған топтар келіп отыр. Әр топ 6 оқушыдан тұрады. Ендеше, сайысқалы тұрған топтарымызбен таныс болайық. «Логика», «Математика». Балалар бүгін біз математикалық пойызбен Жезқазғаннан Астанаға қаласына саяхат жасаймыз. Сіздер «Эрудит», «Ребус», «Мозайка», «Сиқырлы шырпылар», «Санамақ», «Алғырлар» сияқты көп бекеттерден өтесіздер. Бірақ пойызға отыру үшін сіздер міндетті түрде кассадан билет сатып алуларыңыз керек.
Топтарға ауызша есептеуге тапсырмалар беріледі, жауаптар жетон арқылы бағаланады. Жауаптар бірден тексеріледі, нәтижеге сай билеттер жұмсақ купелі, плацкарт вагондарға беріледі. Ұпай тең болған жағдайда, ойын соңында ең жақсы, ыңғайлы вагонда саяхатқа атанған топ жеңіске жетеді.
Тапсырмалар;
1) Екі адам тоғыз құмалақты екі сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағаттан
ойнады? (2 сағат)
2) Қосарлап жегілген ат - арбамен Жомарт 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді. (25 шақырым)
3) 4 жұмыртқа 4 минут піседі. Бір жұмыртқа пісіру үшін неше минут қажет
(4 мин)
4) Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар (5 бала – 4ұл, 1 - қыз)
5) 1кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр (екеуі тең)
6) 8науырызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сиыйға тартылады. Бұл қалай? (әжесі, шешесі, қызы әрқайсысына 1 орамалдан)
7) Түнгі сағат 10 - да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ. Өйткені түнде күн шығып тұрмайды)
8) Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір - бірлеп алады. Сонда 1 асық дорбада қалады. Бұл қалай (бір бала асықты дорбамен бірге алады)
9) Болат сенбі күні кешкі 9 - да ұйықтауға жатады. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі 10 - ға қояды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтайды? (1 сағат, өйткені кешкі сағат 10 - да шырылдайды)
10) Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күні ретімен кім атап шығады? (15)
Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарады.
«Эрудит» бекті
Бұл бекетте оқушылар сөз жұмбақ шешеді.

Көлденеңнен:
1. Қосудың нәтижесі. 2. Екі таңбалы сан.
Тігінен
1. Бір таңбалы сан, 2. 81 – 81,
3. Белгісіз санды әріппен белгіленген теңдік

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама