- 05 нау. 2024 00:35
- 210
Көрікті Астана
Мақсаты: Қала ғимараттарымен таныстыру, оның құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Астана туралы қуанышты көңіл күй қалыптастыру;
Патриоттық сезімдерді дамыту;
Сүйіспеншілікке, мейірімділікке баулу:
Көрнекі құралдар: Слайд, суреттер.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңберге тұрып төмендегі өлең жолдарын бірге айтады
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба Астана
Келдік саған қуана.
Саяхатқа аттану: Балалар тербелген әуенмен қолдарын жайып тік ұшаққа ұқсап жүреді
(әуеге көтеріледі).
Балалар, біз бүгін «Өзін – өзі тану әлемінің» сәулетті қаласы Астанаға аялдаймыз. Әуежайға келіп қону.
- Бірінші тоқтаған жеріміз Астана әуежайы.
- Келесі сәулетті ғимаратымыз «Ақ Орда»
«Ақ Орда» ғимаратында біздің еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев жұмыс орны.
Бұл жерде бізді балалар ән шашумен қарсы алады.
Ел ордам менің – Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам!
Балалар бірге «Атамекен»
Балалар біз Хан шатырына да келіп қалдық.
Балалар Хан шатыры неге ұқсайды?
Киіз үйге ұқсайды, шаңыраққа ұқсайды.
Сергіту сәті: «Шаңырақ»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй боп көрінер.
Тәрбиеші: Балалар "Бәйтеректі " тамашалайды.
«Бәйтерек» туралы аңыз.(слайд көрсетіледі)
Аңыз бойынша жыл басында, яғни таңертең киелі құс Самұрық алтын жұмыртқа салады екен,
ал ағаштың етегінде тұратын айдаһар кеш батқан сайын, яғни жыл соңында жұмыртқаны жұтып қоя береді.
Міне бұл күн мен түннің алмасуын, жақсылық пен жамандықтың арасындағы тартысты бейнелейді. Бұл аңыз ауыздан ауызға тарап, содан Есілдің сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі жапырақ жайды.
Дәйек сөз.
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен.
Ал балалар ойын ойнайық.
Ойын «Жылы сөздер»
Менің қалам өте әдемі,
Менің қалам өте бай.
Менің қаламда өзге ұлттар көп,
Мен қаламды сүйемін.
Менің қаламның табиғаты тамаша!
Ғажайып сөздер
Б – батыр
Ә – әдемі
Й – инабатты
Т – тәртіпті
Е – еңбекқор
Р – риза
Е – еліміздің
К – келешегіміз
Тыныштық сәті.
Тербелген әуенмен балалар саяхаттан оралады.
Қорытынды:
Бүгін біз еліміздің көрікті қалаларының бірі Астана қаласына мерекелік саяхат жасадық. Олар бізді жылы жүректерімен қарсы алды. Аңыз арқылы «Бәйтеректің» шығу тарихымен таныстық, сәулетті ғимараттарды көрдік. Біз Қазақстан елінде татулықта, достықта, бейбітшілікте тұратынымызды мақтан етеміз.
Жүректен жүрекке
Балалар тәрбиешімен бірге өлең оқиды
Жүрегі елімнің,
Астана – бас қала.
Әлемге көріндің,
Ұқсамай басқаға.