- 28 қыр. 2021 00:00
- 209
Көріпсің ғой, көріпсің ғой бұ дүниенің қызығын!
(хикаят)
— Ағатай, өлеңдетпей-ақ қойыңызшы. Тағы да жөтеліп, қиналып қаларсыз, — деді қыз үрейлене, ол тамырлары білеудей боп ісініп кеткен солдаттың қолынан сипады.
— Полк, тыңда мені! — деп айқайлады да, солдат жөтелге булықты.
Ол үстелге кеудесімен жатып алып, тұншығып кеткендей екі көзі қанталай алақтап, күркілдеп ұзақ жөтелді. Үй иесі аспай-саспай қиярын жеп отырып, солдатқа жалтақтап қарай берді.
— Сен неғып отырсың? — деді ол ақырында қызға. — Көрмейсің бе ананың ықылық атып жатқанын. Әне үзіліп барады.
Солдат сылқ етіп, үстелге құлап түсті, сосын тамағы қырылдап, отырған орындығымен бірге ысырылып барып, еденге сұлай кетті. Мысық қатты нанның қабығын тістеген күйі, салқын пешке қарай бір-ақ секірді.
Қыз солдаттың қасына тізерлей отырып, оны басынан құшақтады.
— Ағатай! Тұрсайшы! Неге аунап жатсың еденде? Ауырып қалдың ба? — деді жан даусы шығып.
— Тыныштал! — деді солдат қырылдап. — Менің бұйрығымды тыңдаңдар! Офицер маған елу тиын берді. Офицер деп соны айт. Бар, көрі солдат, аңқышты жауынгер Трифон Калугин бұ пәниден күліп жатып өтті де оған.
Аударған Әбілмәжін Жұмабаев