- 30 нау. 2020 00:00
- 260
Көрмеген көлде естілмеген қаздың дауысы бар
Ертеде Қазан татарларының біреуі дүниені саяхаттауға шығыпты-мыс. Саяхатшы өз шекарасына да келіпті. Үш жылдан кейін Қазақстан шекарасына да келіпті. Үш жылдан кейін Қазанға қайта оралыпты. Жерлестері оны қуана ортаға алып, қошамет үстінде онан:
— Абзи, қайда бардың, қандай кереметтер көрдің? — деп сұрапты.
Саяхатшы татар сонда көзін қораздана ашып-жұмып:
— Ту, ту, қырғызға бардым. Ат сау икан. Қайж бедра бірлән китирдиларда, помойный ямыға құйдыларда, қини да қини, қини да қини, — депті.
Тегі қазандықтар көнекпен бие сауу, сабаға қымыз ашыту түгіл, ат пен биенің қайсысы сауын екенін де білмейтін болса керек. Саяхатшының жаңағы «кереметтеріне» олар да таң қалысыпты.
— «Көрмеген көлде естілмеген қаздың даусы бар» деп біздің татар бабайларымыз осындайды айтқан ғой, — деп тараған екен.