Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сөз тапқанға қолқа жоқ

Ақмола қаласының төңірегіндегі керей руларының бір аулында ауқатты біреудің кемпірі кенет қайтыс болады. Ауыл адамдары аяулы бәйбішені таза арулап, терең жерлеуге кіріседі.

Жұрт қабір қазып жатқанда төскейден үш жолаушы бұрылып келіп:

— Уа, көмер көбейсін! — деседі.

Керей жігіттері бұл сөзге қатты намыстанып шамданды.

— Біз бір кемпірді қоя алмай әуреленіп жатқанда, бүкіл жұртқа өлім тілеп, «көмер көбейсін» дегенің не? — деп үш жолаушыны бас салып сабайды.

Керей жігіттерінің астында соққыға жығылған үш жолаушының біреуі сонда:

— Уа, Керейлер, қолдарың қанданып, ауыздарың майланып тұр екен. Бізді ұра түсіңдер, — депті.

Елдің ақыл-есті бір қариясы ара түсіп:

— Бұлар Шаншар қуы екен. Сөзіне сөз айтып ұтуымыз керек еді, өйте алмадыңдар. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Олар әдейі бөгеу үшін айтты ғой, тимеңдер, — деп босаттырып жіберіпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама