Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Көрұғлы (I нұсқа)

Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі орта Азия халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сатысымен байланыстыра айтады.

... Бірде ауыл аралас, қой қоралас жатқан, төсекте малы, төскейде малы қосылған түркімен ағайынға Дәулеткерей қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алдынан шығып, ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа, ағайын, сөзіме құлақ сал! — депті, — түркімен ағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, өледі деп алмаған едім. Бірақ құр қол
қайтқаным жоқ. Осы сапардан бір белгі болсын деп, өлмейтін, тозбайтын күй шығарып қайттым!» депті. Сондағы күйі осы «Көрұғлы» екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама