Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс (ойын жаттығу сабағы)
Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс (ойын жаттығу сабағы)

Мақсаты: Балаларға көңіл - күй сыйлау, эмоциясын білдіре білуге үйрету.
Міндеттері: Бірін - бірі тануды қорытындылау, эмоциясын білдіріп, көңіл аудара білуге тәрбиелеу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді кездестіргеніме қуаныштымын. Сендердің көңіл - күйлерің қалай?
Мен бүгін жақсы көңіл - күйдемін.
Сол көңіл – күйім арқылы не сездіңдер?
- Жылылықты, достықты, мейірімділікті.
Кел балалар күлейік!!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады.
Күліп өмір сүрейік!.

- Орманның ішіндегі тіке жолмен, хан бірде жәй жүріп, бірде жүгіріп келе жатты. Ол өзінің күшін көрсетіп мақтанып, аяғын тықылдатты. Осылайша ханың көңіл - күйі болмады. Балалар, ханың көңіл - күйі неге болмады?
- Өйткені оны масалар талады.
- Оны қайдан білдіңдер?
- Қимылынан.
- Мен не істеймін, сондай өкпелі хан секілді адамдар бар?
- Олардың көңілін көтеру керек?

Ойын:"Қызым - қызым бұрыл, бұрыл да күл"
Сиқырлы таяқ арқылы әр баланың атын айтады, аты аталған бала бұрылып күледі.
- Балалар сендер ашумен қалай күресесіңдер?
- Мен ашуланғанда қатты айқайлаймын.
- Ал мен ашулансам тамақты көп жеймін.
- Мен ашулансам қатты жылаймын.
- Көкөністермен ұрысамыз..

Ойын: "Орнымызбен ауысамыз",
Бір - бірімізге жүгірейік қанеки, Орнымызды ауыстырып

Ойын. "Сиқырлы гүл"
- Мен бүгін топқа кірсем Анель диванда отыр екен. Оның көңіл күйі жоқ, қалай ойлайсыңдар?
- Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
- Біз балалармен ойнар едік.
- Мен тәрбиешіге көмектесер едім.
- Мен сурет салар едім. Ортада Анельдің ашулы кейіптері суреті ілініп тұр. Балалар біртіндеп жапырақтарды алып Анельдің жан - жағына іледі де, көздерін жұмып теріс бұрылады. Осылайша ашуды қыздың орнына көңілді Анель ілінеді. Балалар не үшін көңілі көтерілгенін түсіндіреді.

Ойын жаттығу. "Мені еркелет"
Балалар, өкпелеп тұрған баланы сөйлетуге болады, еркелетуге болады. Ортаға бір баланы шақырып орындыққа отырады. Қалған балалар оны еркелетіп, басынан, аяғынан сипайды.- Балалар, еркелеткенде не сезіндіңдер?- Мейірімділікті, жақсылықты. Вальс әуені қойылады. Төбеде жылтырақтар қалықтап жүреді.- Балалар, жоғарыға қараңдаршы? Аспандағы көріністер не деген тамаша. Олар маған көтеріңкі көңіл - күй береді. Биде біз айналамыз, күлеміз, достасамыз.
Балалар вальс билеп жүреді. Осы кезде қонаққа сайқымазақ кіріп келеді. Ол балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлап,

"Биде менің ойыншығым"саусақты ойынын ойнатады.
Жаттығу: "Мейірімді сандық"Фея сендерге сандық жіберіпті, бірақ іші бос екен. Сандықтың ішін мейірімді сөзбен толтырып, Феяға жіберейік. (Балалар өздерінің мейірімді сөздерін айтады) Ойын жаттығу: "Әркім өзінше қоштасады."

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама