- 05 нау. 2024 01:14
- 212
Коучингті жүргізуде мен өзіме мынандай мақсаттар алдым
Коучингті жүргізуде мен өзіме мынандай мақсаттар алдым:
1. Коучингке қатысушы мұғалімдерге оқушы жетістіктерін бағалау түрлерін үйрету
2. Критериалдық бағалаудың тиімді жолдарын қолданудың дағдысын жетілдіру.
Күтілетін нәтижені былай болжадым: Коучингке қатысушылар бағалау әдістерін үйренеді, бірлесіп жұмыс істейді. Бағалаудың тиімді жолдарын қолдану дағдысын меңгереді.
Коучингтің басында жиналғандарға сұрақ қоюдан бастадым: Сіздер бұл коучингке қандай мақсатпенен келдіңіздер дей келе олардың жауаптарын қорытындылай отырып ортақ мақсат қойғыздым. Оларға жұмыстарына сәттілік тілей отыра, алғашқы тапсырмамды ұсындым. Бұл тапсырманы жұппен орындаулары қажет болды. Отырған жерлерінде көршілерімен өзара өзі туралы мәлімет беру ұсынылды. Тақтада мәліметті берудің маңызды сұрақтары көрсетілді. 2 минут уақыттан соң көршілер жанындағы көршісін өзі тыңдаған мәліметі бойынша көпшілікке таныстырды. Бұл жерде мен оларға: сіз көршіңіз туралы жаңа мәлімет ала алдыңыз ба? Ол өзін жақсы таныстыра алды ма? деген сұрақтар қойдым. Жауаптарын қорытындылай отырып, кейбір мұғалімдердің есте сақтауы нашар, өздерін берілген критерийге байланысты толық таныстыра алмағанын байқадым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.