- 05 нау. 2024 04:09
- 189
Күнді іздеген достар
Күнді іздеген достар
Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды. Жаздың осындай жаймашуақ күнінде орманда ерекше бір оқиға болды.
Бір мезетте аспанды қара бұлт торлап, күннің бетін жауып тастады. Сол - ақ екен айналаның бәрі қараңғыланып, күн күрт салқындап кетті. Найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады. Жаураған балапан ағаштың түбіне жасырынып қалды. Қорыққанынан жылай бастады. Оны көріп қасына мысық келеді.
Мысық: Балапан, сен неге жылап отырсың?
Балапан: Аспанды бұлт торлады, күннің көзі жоғалып кетті. Мен қорқып отырмын.
Мысық: Сен қорықпа, Балапан! Екеуіміз дос емеспіз бе? Жүр, мен саған күнді іздеуге көмектесейін.
Сөйтіп екеуі күнді іздеуге шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, келе жатып, бұтаның түбінде жасырынып отырған қоянды көреді.
Балапан: Сәлем, Қоян!
Қоян: Сәлем, досым!
Мысық: Саған не болды? Неге жылайсың?
Қоян: Күннің сәулесі болмаған қандай жаман! Мен қорқып отырмын.
Мысық: Білесің бе, қоян, күн сәулесі бәрімізге қажет. Біз балапан екеуіміз күнді іздеуге шықтық. Бізбен бірге барасың ба?
Қоян: Әрине, Мысық досым! Мен де барамын.
Сөйтіп, үсті - басы су болып, тоңып қалған қоянды ертіп үш дос күнді іздеуді жалғастырады. Жолда құйрығын бұлғаңдатып, сылқым түлкі келе жатты.
Мысық: Амансың ба, түлкішек?
Түлкі: Жолдарың болсын, балақайлар!
Мысық: Түлкі, түлкі күнді қалай табуға болады?
Түлкі: Күнді қайтпексіңдер? Оны табу сендердің қолдарыңнан келе қоймас. Менің сендермен бос сөйлеп тұратын уақытым жоқ. Әтештен сұраңдар, сол бәрін біледі. Ал мен кеттім!
Үшеуі қол ұстасып, әтеш досына бет алады. Әтеш келе жатқан қонақтарды көріп амандасады:
Әтеш: Ку - ка - ре - ку, ку - ка - ре - ку! Амансыңдар ма, достарым!
Балапан: Сәлем, әтеш досым!
Қоян: Әтеш досым, сен күнді қайдан табу керек екенін білесің бе?
Мысық: Бізге көмектесші, Әтеш досым, әйтпесе, барлығымыз қатты жаурадық, көңіл - күйіміз жоқ.
Әтеш: Жарайды. Мен сендерге көмектесейін. Анау таудың басындағы ақ бұлтқа жетсеңдер, ол сендерді күнге алып барады. Ку - ка - ре - ку!
Балапан: Тауға? Жоқ, мен тауға шыға алмаймын!
Қоян: Біз қалай тауға шықпақпыз? Мен қорқамын, бармаймын!
Мысық: Достар, бұларың не? Сендерсіз мен жалғыз қалай тауға шығып, күнді табамын? Күн бәрімізге де өте қажет қой.
Әтеш: Мысық дұрыс айтады. Достар қашан да бір - біріне көмектесуі керек. Достар тату, бірге болса, кез келген қиындықты жеңуге болады. Кеттік, ендеше!
Барлығы қол ұстасып биік тауға жетеді. Тауға шығу оларға қиын болды. Осының бәрін бұлт көріп тұрады.
Бұлт: Достар, сендер күннің әрдайым жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма?
Бәрі: Ия, иә, әрине, қалаймыз! Күн – бізге керек.
Бұлт: Олай болса, мен күннің көзін ашып берейін.
Күннің жылы шуағы жандарын жылытып, құшақтары мейірімге толған Достар қуанысып, ән айтады.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы