Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Күндік жоспар

IV. КҮНДІК ЖОСПАР

КҮНДІК ЖОСПАР ДЕГЕН НЕ? КЕРЕК ПЕ?

«Жұмыс жоспары» мен програмның мәз айырмасы жоқ. Тек жоспарда програмдағы томаға-тұйық нәрселер толығырақ, анығырақ көрсетіледі. Жоспар деген жергілікті тұрмысқа үйлестірілген программ деп жоғарыда айтқамыз.

Осы жалған жоспармен жұмыс тамам бола ма, осы жоспармен сабақ бере беруге келе ме? – Жоқ. Жұмыс мұнымен бітпейді. Сабақ беруге жеткенше, алдымыздағы әлі де бір-екі күдір бар. Ол күдірлерді, 1) «Күндік жұмыс жоспары» (календарь планы), 2) «Сабақ желісі» (конспект), 3) «Сабақ кестесі» (расписание) деп атайды.

Ойбу-у-у! Әлі «үшеуі» жатыр десеңші! – деп шошып қалуыңызға мүмкін.

Шошысаңыз да бұларды қапқа тығып қоюға болмайды. Орынсыз еліктегіштіктен де емес, аузымыз қышып бара жатқандықтан да емес, сіздерге жанымыз ашығандықтан да емес, амалсыздың күнінен, оларды бүркеп қоям деген мен, оларға соқпай кетуге әддіміз жоқтықтан айтқалы отырмыз.

«Шүнісиде бір гәп бар» дегендейін, мұнда бір кеп бар. Апталық, екі апталық сабақтың жоспарын долбарлап жазып алдыңыз ғой, енді не істемекшісің. Сол жоспарды қолыңызға ұстап барып, соған қарап отырып, шетінен сөйлей бермексіз бе? Әуелі «Мазмұнын» біліп алып, сонсоң «жаттығуға кіріспексіз бе? Жоқ, екеуін араластырып, «бопаламдап» будыратпақсыз ба? Немесе, Павлодар уезіндегі кейбір мұғалімдерге жоспардың «қарасын» балаларға оқытып, жаттатпақсыз ба? Міне бұл әлі тұйық жатқан әңгіме. Мұны шешпей болмайды, мұны шешпесек жұмыстың үстінен кеткен боламыз.

Апталық, екі апталық сабақты жоспарлап алдық. Аптаның әр күніне нені оқытатынымызды шамалау, білу керек не, жоқ па? Күніне нені оқытатынымызды білмесек, күн бұрын мөлшерлеп алмасақ, бір аптаға арнаған сабақты жарты аптада тауысып алып, «дәт» деп қарап отырамыз. Әйтпесе, езмалталап, екі аптаға апарамыз. Бұл бола ма, болмай ма? «Олдау ағлам» болуы аз. «Аузың жаман» демеңіз. Олай болса, әр күнде не оқытатынын білу керек. Кімге? Өте-мөте, комплекспен сабақ беріп төселмеген, жанынан суырын сала беруге білімі жетпейтін, кәдімгі өзіміздің мұғалімдерге керек. Тақырыбы мәлім болса, ар жағын өзі-ақ «көңілімен», тәжірибесімен тауып әкететін білімді, ысылған мұғалімдерге ондай күндік жоспардың артық керектігі де жоқ.

Кейбіреулер күндік жоспарларды керек емес дейтін сықылды.

Дәлелі толып жатқан жолмен мұғалімнің басы қатады, қолынан келмейді, уақыты жетпейді дейді. Бұлай деушілер комплекспен оқытудың негізіне түсіне де, комплекспен өзі сабақ беріп те көрмегендер. Өмірмен, іспен қоян-қолтық таныс еместер-ау деп шамалаймыз. Неге десеңіз?

Бұрын, төңкерістен бұрын оқу, сабақ дегеніңіз кітапта жазулы тұрушы еді де, мұғалім класқа кіріп, кітапты шетінен оқыта беруші еді. Оған пәлен план да керек болмаушы еді. Әйтеуір жыл аяғында програмдағы материалды можалмен етсе болғаны еді. Енді олай емес, тұрмысты кітапқа емес, кітапты тұрмысқа жанастыру керек. Тұрмыс керек қылған мәселені, зерттеуге, шешуге кітап көмекші болу керек. Ондай мәселелер бір түрлі емес әртүрлі. Бір кезде емес, әр кезде алмасып кеп отырады. Сондықтан комплекс те әртүрлі болмақшы. Бұрын салып қойған даяр соқпақ жоқ. Мұғалім қалай жол тауып саулаға бере алады? Бұл болмайтын әңгіме.

Жаңа «ана план, мына план, сансыз план» деп, пәлені жаудырып сасатын дәнеме жоқ. Бұрынғыдан артылып, қара үзіп кеткен есепсіз түк план жоқ. Төңкерістен бұрын программ болушы ма еді? – Болатын. Програмда тоқсанға, айға, аптаға, күнге бөлетін оқу планы деген болушы ма еді? – Болатын. Алғашқы кезде сабақ планы, сабақ желісі деген болушы ма еді? – Болатын. Сабақ кестесі ше? – Болатын. Ендеше, бұрынғы програмына – программ, немесе жоспар, күндік сабақ жоспарына – жоспар, желіне – желі, кестеңе – кесте. Енді қай жері артық? Жалғыз программ болмаса өзгенің бәрін бұрын да мұғалім өзі жасайтын, не оқытушылар кеңесі жасайтын. Күнде беретін сабағы не екенін білмей, дайындалмай барған мұғалім баяғыда да оңбаған мұғалім болса, әлі де оңбаған. Бүгін нені, ертең нені, арғы күні нені оқытатыныңды білмесең де, сабаққа кіре бер, «құдай аузыңа салғанын» бара көрерсің деген қай ақыл екенін біле алмадық.

Бұрын күндік сабақ планын жазып алмаса да (құнтақты мұғалім түртіп те алатын), қай мәселелерді шешкізетінін, қай әңгімені, өлеңді оқытатынын, не жаздыратынын мұғалім жадына сақтап баратын, өйткені бәрі кітапта рет-ретімен даяр тұр ғой. Енді комплексте жат, материалы да, жұмысы да жат. Қиқымнан құрап көрпе тіккендей, анадан да, мынадан да (оқудан да, жазудан да, суреттен де, еңбектен де, есептен де, қол өнерінен де) құрап, қиюын келтіріп, үйлестіріп, жымдастырын комплекс қып шығару керек. Өлшемей, пішпей мұның бәрін қалай істей қоймақсың? Болмайды. Мүмкін әрбір мектептің, комплекстері орын теуіп, нығайып, материалдары, әдістері көңілге жат болған кезде, керекті жұмысты балалар өзі пландап, өзі орындайтын болған кезде күндік жоспар да болмас, мүмкін комплекс те қартаяр, Әмірханның «проект» әдісі, тағы бірдеңеге көшерміз. Әзір, комплексті қолданатын болсақ, күндік жұмысты жоспарламай болмайды.

ЖАЛҒЫЗ-АҚ ЖОСПАР БОЛУ КЕРЕК

Маған салсаң, апталап, пәлен апталық жұмыс жоспарынан да күндік жоспар жасаған артық дер едім. Неге десеңіз, апталықтарды білім ордасы нобайлап жасап беріп отыр, мектебіңе жанассын, жанаспасын оның арнасы бар. Күндіктің арнасы жоқ. Програмды жер-жер өзіне жанастырмақ болғанда, күндік қыламына бір соғар қыр жұмыс жоспарынан құтылған болар едік. Жұмыс оңайланар еді. Ең керегі, ең қиыны – күндік жоспар. Әр күні не оқытатынын білмей тұрып, біздің мұғалімдер комплексті жөнді жүргізе алмайды. Әншейін бірдеңе болады, жазаласа «бірдеңе» де болмайды, былығады.

Сонымен күндік жоспарды жасау керек дейміз.

а) Енді «Сабақ желісі» деген нәрсе тек алғашқы кезде жаңа оқытқан тәжірибесіз мұғалімге шатасып кетпеу үшін керек, оны жүре жадына тоқып алуға болады. Ол қорқарлық нәрсе емес. Сөйтіп, манаты үш күдірдің біреуі жойылды. Сабақ кестесінің қажет еместігі: күндік жоспарда желі өзі де көрініп қалады.

Сабақ кестесі керек. Кімге? Бір өзі әлде неше класты қатар оқытатын жалғызілікті мұғалімдерге (себебін кейін айтамыз). Бір өзі бір-ақ класс оқытатын мұғалімдерге сабақ кестесі керек емес. Тек күндік сабағын жоспарлап алса болғаны. Мұнымен екі күдір жойылды ма? Енді біреуі қалды, ол – күндік жоспар.

Күндік жоспарды жасамай болмайды. Азайтамыз десек, жоғарыдағы апталық «жұмыс жоспарын» жоюымыз керек. Шу дегеннен апталықты күнге бөле, реттей жазуымыз керек. Сонда бас-аяғы бір-ақ планмен «сират көпірінен» өткен боламыз. Бұ қалай?

«Жә, бәсе!» десеңіздер (демесеңіз де, айта беріңіз), енді күндік жоспар жасаудың жолын сөз қылайық.

КҮНДІК ЖОСПАР ҚАЛАЙ ЖАСАЛЫП ЖҮР?

Күндік жоспарды ұзын қып та, қысқартып та жасауға болады. Қысқартып жасаған күндік жоспарға мысал көрсетейік.

Шымкенттегі орыс бастауыш мектептерінің күндік жоспары төменгі сияқты:

Тақырып: «Қыс даладағы тұрмыс пен еңбек» – бір айлық комплекс. Күнге бөлген реті былай:

1-күн. Қысқы күн райы суық, қар, мұз, жел, боран. Олардың неден болатыны, қалай күшейетіні, қардың өсімдікке әсері.

2-күн. Жылы, суық жақтар туралы әңгімелер.

3-күн. Әңгіменің жалғасы (жылы жақтың орманы).

4-күн. Ауаны бақылау, әңгімені қайталаумен жалғас термометр жайын сөйлеу. Зат ыстықтан жайылып, суықтан қысылатыны, су қайту.

5-күн. Балалардың қысқы ойыны. Шаңғы аяқ, сырғанақ.

6-күн. Аңдардың суыққа ыңғайласуы.

7-күн. Әңгіменің жалғасы.

8-күн. Адамның малды қалай күтуі, қораны жылы, бүтін қылу, азық сақтау.

9-күн. Сиыр, оны бақылау, өзгешелігі: тісі, жұмыршағы.

10-күн. Қой, ешкі.

11-күн. Түйе, есек, шошқа.

12-күн. Ит, мысық, ит тұқымдары.

13- күн. Ат, бақылау.

14- күн. Адамның қатынас құралдары (өгіз, ат, есек, бұғы, ит, түйе, піл).

15- күн. Әңгіменің жалғасы (Шойын жол, автомобиль, шайтан арба, мотоцикл).

16- күн. От кеме, аэроплан.

17- күн. Адамдардың баспанасы.

18- күн. Әңгіменің жалғасы (Үйді неден істеу).

19- күн. Әңгіменің жалғасы (Үйді қалай соғу).

20- күн. Үйді жылыту: пеш, кіндіктен жылыту (желдеткіш).

21-күн. Отын.

22- күн. Әңгіменің жалғасы.

23- күн. Үйдегі ауа.

24- күн. Үйге су жеткізу, құдықтан, арықтан, өзеннен.

25- күн. Жарық, жақсы жарық. Керосин, электр.

Бұл II класқа арналған план

Бұдан байқауыңызға болады. Мұнда күндік жұмыстың (сабақтың) тек тақырыбы ғана көрсетілген, әңгіменің түрі, жаттығу жұмыстары, бір сөзбен қалай оқыту, нені оқыту жағы көрсетілмеген. Неге десеңіз, оның бәрін жазса жұмыс көбейеді. Жаңа мұны жасап отырған мектептердің мұғалімі комплекспен оқытып төселген, тақырыбын белгілен алса, материалын, әдісін өздері де тауып ала береді.

Әйтсе де қай күнгі жұмыстардың мазмұнын да недәуір нобайлап көрсетіп қойған. Мысалы: 9, 14, 15 т. б. күндердікің. Сөйтіп, күндік жұмыстың тақырыпшасын (тақырыпша дегеніміз кішкене тақырыпша ғой) да, кейде аздап мазмұнын да көрсетеді екен.

Өткен қыс бастауыш мектепте тәжірибе сабақтарын бергенімізде, мысалы: мынадай қып бөлгеніміз де болды.

Т а қ ы р ы п: «Қаладағы қысқы айырбас сауда» (3 күндік)

II класқа (аптадан азға арналған жұмыс тақырыбын тақырыпша десе де болады).

1-күн. Кооператив пен жай саудагер.

2-күн. Кооператив пен ауылдың айырбасы.

3-күн. Кооператив құрылысы.

Тағы мысал.

Т а қ ы р ы п ш а: «Асхана мен шайхана» (3 күндік) II класқа

1-күн. Серуенге дайындық, серуен асхана, шайханаға.

2-күн. Асхана мен шайхананың айырмасы, пайдасы ағарту жағы.

3-күн. Асхана, шайхананың тамағы, дайындау реті.

Тағы мысал, .

Тақырыпша: «Диірмен» (3 күндік) II класқа.

1-күн. Серуенге дайындық. Ат диірменге серуен.

2 – диірмендердің дамуы, биленуі.

3 – диірмендердің қалай жасалатыны (ішкі, тысқы, құрылысы).

Бұлар міне күндік жұмыс тақырыпшалары, тақырыпшаны екі күндік қып алуға да болады. Оған мысал,

Т а қ ы р ы п: «Жазғытұрға бет алу» (2 жұма) I класқа

1. Жаратылыс өзгерісі (2 күндік).

2. Үй жұмысы (—«—).

3. Үй хайуандары. Сиырды қалай күту (–«–).

4. Егінге дайындық (—«—).

5. Жеміс ағаштары (—«—).

6. Алғаш келетін құстар (—«—).

Бұл көрсетілген жобалар мен сабақ бере беруге бола ма? Қалмай ма? Сөз жоқ жұмбақ боп мазмұн, жаттығу жағын көрсетпеген соң, тұйық, жұмбақ боп тұр. Мұндағы әлде болса, иін қандырып, жағы айыра көрсетуіміз керек. Мұғалім сабақ беруге кіргенде, «Оқытатын материалым, жолым мынау» дегендей даңғыл жол салып беруіміз керек. Сонда өзіне-өзі сенімді. Сонда ол дағдармайды, саспайды, салулы жолдан таймайды, іс қылады. Сондай күндік жоспардың түрі қандай болмақшы? Міне енді соған келейік.

КҮНДІК ЖОСПАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАУ КЕРЕК?

Күндік жоспар жасағанда мына жобаларды еске тұту керек.

1.Програмдағы, жұмыс жоспарларындағы материалды шатастырмай, былықтырмай біріне-бірін жалғастырып саралап жікте.

2. Бір күнде бітірерлік сабақтарды (3, 4 сағатқа) шамала.

3. Жаттығу жұмыстарын жетерлік қып, аралас келтір.

4. Класта (бөлмеде) болатын жұмыс пен далада болатын жұмысты бір күнде әлденеше алмастырма.

5. Жаттығу жұмысының бір түрін күн санын келтіре берме.

6. Жаттығу жұмысының барлық түрін бір күнде істетіп, не жаттығудың әр түріне кетерлік уақытты мөлшерле.

7. Жаттығу жұмыстарын күндік тапсырмалармен байланыстырып отыр.

8. Қандай әңгіме, өлең, ойын, дене тәрбиесі, ненің суреті, диаграммасы, есебі, ою, сызу т. б. дәл көрсетіп отыр.

9. Жаттығу жұмысы деп мына нәрселер айтылатыны әсте болсын. Сурет, ою-сызыу, саздан нәрсе соғу, т. б.

10. Қандай адамдармен, мекемемен, ұйымдармен қатынас қылатының, олардан не пайда алатыныңды, оларға не пайда келтіретініңді шамала.

11. Өзін (мұғалім) аз сөйлегендей, бала көп жұмыс қылғандай материалды, әдісті істе түрлендіріп отыр.

Енді курста болған мұғалімдердің жасаған күндік жоспарларын көрсетейін. Естеріңізде болсын, курстың аз болғандығынан курсанттар асығып, жүрдім-бардым жасайды. Сондықтан жоғарғы шарттарға толық тура бола бермес...

КҮНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

I ж ы л д ы қ

1-т а қ ы р ы п: «Баланың мектептен бұрынғы өмірі» (6 күндік)

I - к ү н. а) Жиылысымен балалардың бас, көзі, құлағы, денесін бір-бірлеп қараймын. Ауру балаларды дәрігерге жіберемін. Жеңіл-желпі ауруды (қотыр т. т.) емін көрсетемін.

б) Балалардың аты-жөнін сұрап, жазып аламын. Сөз сұрағанда қол көтертемін, жыламай дұрыс, тыныш отыру керектігін түсіндіремін.

Тыныс кезінде «соқыр теке» ойнатам.

2-к ү н. а) Балаларды бойына қарай, көру, естуіне қарай партаға отыртамын.

Мектепке не үшін келгенін сұратамын.

б) Мектепке кірген бала туралы, «жаңа талап» деген не, «мектепке кіру» деген әңгімені оқып, артынан сұрау берем.

Кімнің неше жаста екенін сұратамын.

с) Жолдастарын санатамын.

Тыныс кезінде «Ақсерек» ойыны.

3 - к ү н. а) Балалардың жазды қалай өткізгені туралы әңгімелесем. Қандай ойындар ойнағанын, кіммен қалай ойнағанын сұраймын.

Қағаз, қарындаш берін, қарындашты ұштатып, бәріне сурет салдырам. Дәптерді былғамауын, қаламды қалай ұштауын үйретемін.

б) Садақ атудың жазымдығын сұрап, ескертемін.

с) Далада жүргенде, ойнағанда қандай жәндіктер көргенін сұрап, сөйлетем.

д) «Жаңа арнадағы» «Туған жер» деген бір ауыз өлеңді жаттатамын. Онға шейін санатам.

4-к ү н. а) Балалардың бет-қолын, құлағын, мойынын, кірлерін жуғызамын, тырнағы өскендерін алғызамын.

Келген, келмегендерін тексертем. Себебін сұратам.

б) Баланың жазда не жұмыс қылғанын сұратамын.

«Тартудағы», «Бие қайырғанды» оқытамын.

с) Кімнің үйінде қандай, қанша бұзау, қозы, лақ, құлын барлығын сұрап, солардан көгеннің бұршағынан есеп қылдырам. Балалардың қалаған ойынын ойнатам.

5-к ү н . а) Кімнің үйінде қанша адам барлығын, олардың жасын, баланын несі екенін (кім не істейтінін), баланың көмегін сұрап айтқызам. (Келісімен балалардың тазалығын көріп шығамын). Осы туралы бір әңгіме оқимын.

б) Үй ішіндегі адамдардың кімнің, кімнен неше жас үлкен, кіші екенін айттырам. Олардың бойына қарап, әр балаға тік сызғышпен дәптеріне диаграмм сыздыртамын, 5-ке шейін цифрмен таныстырамын, жазғызамын.

в) Білетін жұмбақтарын айтқызып, бір жұмбақтың сөзін бөліп беріп, «тақпақыл» ойнатам (тақпақылды қалай ойнайтынын ана тілін оқыту әдісінде көрсетілген т.).

6- күн.а) Балалардың тазалығын байқаймын. Кімнің қайда тұратынын, үйі қандай, неше бөлме, әйнегі, есігі, пеші нешеу. Үйінде қандай жасаулар, ыдыс, аспабы бар. Тазалығы қандай екені жөнінен сұраймын, сөйлетемін. Осы туралы бір әңгіме оқып береміз (әңгіменің аты айтылмаған).

б) Таппақшыл ойнатып «сөз»-ге төселдіремін, есіктің, кебеже бетінің суретін, жүк аяқтың, аяқ қаптың суретін, оюларын салғызамын.

е) Ыдыс-аяқтан есеп шығартамын, 7-ге шейін цифрмен таныстырамын. Кетерде он салғызамын.

Е с к е р т у: Бұл жоспарда жаттығу жұмыстары әдейі арала көрсетіледі. Өйткені тәжірибесіз мұғалімдер жаттығуды үйлестіре алмай, оны өз алдына бөлек жүргізетін сықылды. «Жаттығуды» өз тұсына көрсетіп қойсақ қай істі қай кезде істеуі анық болып тұрады. Күндік жоспарды осылай қып жасадық. Әрі күндік жұмыс (календарный план), әрі сабақ желісі (комплекс), әрі сабақ кестесі (расписание) болады. Осыдан басқа жоспар жасалмаса, бұл ауырлық қылмас.

Мұнда әр күнгі жұмысқа қойылған а, б, с, д, белгілері әрбір сағатқа арналған нәрселерді көрсетеді.

Сағатқа аз болса, көбейту, көп болса жақындау, не ауытқу мұғалімнің еркінде. Біздікі тек жоба.

2- т а қ ы р ы п : «Баланы мектеппен таныстыру» (6 күндік)

I – к ү н. а) Балалардың тазалығын бақылайық. Түгендеу белгілерін салғызамын. Мектептің атымен қай бөлме неге керек екенімен таныстыру, мектеп қорасындағы нәрселерді бүлдірмеу, дәретхананы былғамау, дәретхана жоқ болса белгілі жерге отыруды үйрету. Кез келген жерге отырудың зиянын түсіндіремін.

б) Қораның ішіндегі қиды сыпыртамын, жұмысқа апарғанда қатар тұрғызамын, жүргіземін, балаларды санатып топ-топқа бөліп, әртүрлі жұмыс тапсырамын.

с) Сөйлем алып, неше сөз барлығын айтқызып, буынмен таныстырамын, буыннан ауыз екі сөз құрастырамын, буын тәсілдерін, «Орамал тастамақ» ойнатамын (ойнату жолы ана тілі әдісінде).

д) Жастардың «Тырна» деген өлеңін, әнін үйретемін.

2-к ү н. а) Тазалығын бақылап, түгендеу белгілерін көргеннен кейін «Жаңа арнадағы» «Біздің класс» деген әңгімені оқимын. Оқитын бөлмені класс деп атайтынын, әлгі оқыған класс пен отырған кластың айырмасы, бұл класс пен үйдегі бөлменің айырмасын сұраймын. Кластағы нәрселерді ойлатамын, қай нәрсе неге керек екенін, қалай тұтынуын білдіремін.

б) Терезенің, қара тақтайдың суретін салғызамын. Парталарда отырған балалардан есеп шығартамын. 10-ға дейін цифр.

с) Сөзді буындатып, буыннан сөз құратамын, буынға төселдіруге «орамал тастамақ» ойнатамын, қалаған ойынын ойнатамын.

3-к ү н. а) Тазалығын, түгендеу белгілерін байқағаннан кейін «Жаңа арнадағы» «Шаңнан қалай құтылдық» деген әңгімені оқып, содан сөз туғызып, класты таза ұстау керектігін білдіремін (аяқтарыңды да сүртіп кір, класта лас жұмыс қылма, тақтайды дымды шүберекпен сүрт, тыныс кезінде терезені ашып түгел шық). Парта, үстелдердің шаңын сүрткізіп, парталарды дұрыстап қойғызамын терезені ашқызам, тыныс кезінде ойнатам.

б) «Бала» деген сөзді кеспе әріппен құрап көрсетіп баланы суретін салғызамын «Бала» деген сөзді жазғызып.

с) 10-ға шейін цифрді жатқа жазғызып, 10 ішіндегі сандарды қосуға, алуға төселдірем.

4-к ү н. а) Балалардың тазалығын, түгелдеу белгілерін байқағаннан кейін өткен күнді «Бала» деген сөздің жазуы есінде қалғандығын тексеру үшін тақтаға жаздырамын. Жазғанды оқытамын. Содан шығарып «оқу» деген сөзді көрсетемін, буындатамын жаздырамын.

б) Қосу, алу белгілерімен таныстырамын. 10 ішіндегі цифрлар суретін салғызамын «Бала» деген сөзді жазғызып.

с) Тазалық, тәртіп туралы сөз қозғап, соларды басқару, белгілеу керек екенін түсіндіріп, балалар жиылысын ашамын. Қаралатын мәселелерді кеңесіп, балалардың пікірін ұсынуын білемін тазалықшы, тәртіпші, дежурный сайлатамын. Олардың міндетін қысқаша ұғындырамын. Жиналыс кезінде өзін қалай ұстауды, қалай сөйлеуді ескертіп, қаулы шығартып, қаулының өзін жазын, іліп қоямын.

«Міндетті қалай атқардым» деген әңгімені оқимын.

5-к ү н. а) «Жаңа арнадан» «Біздің тәртіп» деген әңгімені оқимын. Өткен жиылыстың қаулысын еске саламын.

б) Күзгі жұмыс туралы сөз қозғап, әйелдердің еңбегіне, тазалыққа соғып, сақарды «алаботадан» істейтінін басып өтемін. Алаботаны көргендерін сұрап, алаботаның суретін (әліппе кітабындағы) көрсетемін. Тақтаға салдыртамын. Астына атын жазамын. «Алабота» деген сөзді кеспе әліппеден құрап көрсетемін, құратамын жаздырамын.

с) Қосып, алудан ауызша есеп шығартамын.

д) «Сал-сал-сал білек» жаттатамын. Ойын ойнатамын.

6-к ү н. а) «Жаңа арнадан» «Құстардың қысқа дайындалуы» деген әңгімені оқып, кететін, қалатын құстарды ататамын. Қайтқан тырналар сынған шыбықтай болып ұшатынын түсіндіремін. Себебі алдын көру үшін (әуені алдынғылары шығын отырып жол салу үшін).

б) Адамша сөйлейтін құстарды сұрап, содан «тотыға» тоқтаймын, тотының суретін көрсетем, не саламын «тоты» деген сөзді көрсетіп, буындатып оқытамын, жаздырамын. Суреті астына атын жазамын, таныс буындардан сөз құратамын.

с) Тырнаның суретін қағаздан қидырып, көбейттіріп, қайтқан тырнаның тізбектелген түрін жапсырма сурет қылып жасатамын, бұл біріккен еңбекке үйренгенге жақсы. Құстардан, балапаннан есеп шығартамын.

3 т а қ ы р ы п: «Балалардың саулығын сақтау» (6 күндік)

1-к ү н. а) Кірден сақтануына, балалардың бет-қолын, құлағын, мойнын көріп, кірлерін жуғызамын. Кірдің неден болатынын, зиянын, айтамын (зиянын, бит, қыша, шиқан, бүрге, жара), кірден құтылу шаралары, көйлек-дамбалды тым кірлетпей ауыстыру, денені жылы сумен сабындан жуу, суға шомылу, моншаға түсу. Күнде таңертең басын, мойнын, кеудесіне дейін жуып, ысып сүрту.

б) Қолы қара» деген сөздің оқуын, жазуын, тануын білдіремін.

с) Бит туралы оқимын, биттен құтылу шараларын сөз қыламын, есеп шығартамын.

2-к ү н. а) ЬІстықта суықтан сақтану туралы әңгіме оқимын. Тұмау тигендерін, тұмаудың неден болатынын, сақтану шараларын (терлеп отырып тысқа шықпау, суық су ішпеу, үйде желдің өтінде отырмау, жатпау, аяққа су өткізбеу, түнде көп отырмау, жылы төсектен далаға жалаң шықпау), емдерін сөз қыламын (емі: терлеу, бұлауға түсу, мұрынды тұзды сумен шаю, мақта түтету...). Тұмауы бар баланың мұрнын тұзды сумен шайғызып, күнде істеп жүруін тапсырам.

б) Суықтан сақтану шараларын, тұмауды емдеу шараларын санатамын, содан «сана соңы» деген сөзді қалай жазғанын қарайтынын көрсетемін. Өткендегі таныс буындармен қосып тыңнан сөздер құратамын, жаздырамын, оқытамын.

3- к ү н . а) Дененің қимылымен шынықтыру. Ден сау, дене күшті болуға түрлі қозғалыс керектігін, қай оның дененің қай мүшесін күшейтуге жақсы екенін сөз қып, ұсталардың қай мүшесі, мерген аңшының қай, малшының қай мүшесі, әншінің, күйшінің, соқырдың қай мүшесі, тазының, қасқырдың қай сезімі күшті екенін сұраймын. Себебін түсіндіремін. Көп жаяу жүрген, доп тепкен, шайтан арба мінген адамдардың қай мүшесі күшті болатынын сұрап, әр мүше көп қозғалу үшін не күшейтетінін ұқтырып, дене тәрбиесі ойын керек екенін білдірем.

б) «Дене қозға» деген сөзді жатқа жазуды сұраймын.

с) Дене тәрбиесін істетемін. Қатар тұрғызып аяқты тең бастырып жүргіземін, қолды жоғары-төмен, алға, артқа, жанға қозғатамын, басты оңға, солға айналдырамын. Бастың қырынан тұрғандағы суретін салдырамын.

д) 10 ішіндегі көбейтумен, оның белгісімен таныстарам.

4-күн. а) Тамақты мезгілімен ішу – денсаулыққа тағы бір керек нәрсе екенін, кім үйінде қандай тамақ неше мезгіл ішетінін, аштыққа адам неше күн шыдауын, тым татпай да бір жұма, 10 күн, қара сумен 40 күн шыдауды сөз қылып, аштықтан дененің күйзелуін түсіндірем, ойынға алданын күн бойы ас ішпеудің зиянын білдірем.

«Құрмаш» деген өлеңді сұрап, білмесе жаттатамын. Тыныс кезінде ойнатамын.

б) Астың таза болуын сөз қылып, жұмыртқаны қалай тез пісіруді (буға ұстаса), іріген сүтті қалай қайтаруды (тұз салып) сасыған майдың иісін қалай кетіруді (суға қайнатып), лампы күңгірт жанса, керосинге тұз салуды тәжірибеде қылуын тапсырамын.

«Асы таза» деген сөзді көрсетемін, оқытамын, жаздырамын таныс буындардан тек сөз құрам.

с) 10 ішіндегі сандардың көбейтуін жаттатамын. Есеп шығартамын.

5 - к ү н . а) Ыдыс тазалығы. Кімнің үйінде қандай ыдыс-аяғы бар, оларды кім жуады, сүртеді? Күніне неше рет тазалайды. Қай ыдысты қалай, немен тазалау керек (шыны, темір, жез, мыс ыдыстарды құм, күлмен, ағаш ыдысты ыстық сумен, таза шүберекпен). Қалақтың зияны (өңез кір тазармайды, шүберек тығындайды, таспалайды) жақсы ыдыс женіл ақ қаланы (алюминий).

Ыдысты түкіріп сүртудің, бір ыдыстан жабыла ас жеудің, асатудың, сарқыттың, балаға ас шайнап берудің зиянын түсіндірдім.

Стақан, шәйнек суретін салдырамын.

б) «Сен тап» деген сөзді ауызша, көзше, жазуша үйретемін.

с) Балалардың үйіне барып, бір үйдің ыдыс-аяғын тазалап, төсенішін қағып бергіземін.

6-к ү н. а) Мектеп ауасын таза ұстау. Парталардың шаңын сүрткіземін, аяқтарын сүрткенін, киімдерін, денесі тазалығын, сіңбіргенін, түкіргенін бақылаймын. Мектеп таза болуға не істеу керектігін сұраймын, киімді сілікпеу, шүберекті қақпау, класта алыспау, терезені ашу, нәрселердің шаңын сүрту, насыбай атпау, шылым тартпау, олардың зияны.

Шылымның зияны туралы әңгіме оқимын (қандай?).

б) «Сенің атың» деген сөзді көрсетемін, жазамын, жаздырамын, таныс буындардан жаңа сөз құрастыртамын.

с) Бір аптада неше күн барын, күн аттарын сұрап, білмесе үйретемін. Ауызша-жазуша есептетемін.

Қағаздан қоржын, шалбар бүктетемін.

Е с к е р ту: Бұл айдағы күндік жұмыстар толық көрсетілсе де, әр күндігін тақырыпшамен жаздық: 1-күні: кірден сақтану, 2- күні ыстық, суықтан сақтану. 3-күн: денені қимылмен шынықтыру, 4-күн: тамақты мезгілімен ішу, 5-күн: ыдыс тазалығы, 6-күн: мектеп ауасын таза ұстау – деп, елдегі мұғалімдер комплекспен оқытып ысылса, не туралы сөйлесетінін тақырыбына қарап, өздері тауып алатын болса, күндік сабақтың мазмұнын тастап, тек осы сияқты қылып тақырыпшасын көрсетіп қоюға болады, орыс мектептері осыны қылып жүргенін жоғарыда айтқанбыз. Әзір үйтіп шолыту болар дедік.

4-т а қ ы р ы п : «Күзгі тұрмыс» (15 күндік)

1-к ү н. а) Киіз басу. Балалардың үйіндегі бір еңбегі киіз басуға араласу, киізді кім басады (әйелдер жүнді сабайды, шиге сабақтайды, қайнаған су құйылып аунатады, тебеді, басады, қарпиды). Балаларға сөйлетемін, киіз тартқанда, қарпығанда айтатын өлеңдер: «Үйіңді қой басты». Киіздің керектігі. Шиінінен тағы не істелетіні: күні, көрпе, бау-шу, арқан. Өнерлі жұрт не істейді.

б) «Бері отыр» деген сөзді үйретемін. Оқытамын, құратамын, жаздырамын.

с) Әліппеге «Күземді» оқытамын. Есеп шығартамын.

2- к ү н. а) Күзгі ауа «Жауып жаңбыр, жер жатыр, Шөп, жапырақ соларда, бұл қай кезде боладыны» сұраймын, жаттатамын, «Бұл қай мезгілді?» оқып, сұрау беремін күн ырайы өзгергенде, адамның жұмысы да өзгеретінін түсіндіремін.

б) «Келе бер» деген сөздің оқуын, жазуын үйретемін.

с) Ауа райының календарын жасатамын.

д) Есеп шығартамын.

3-к ү н. а) Серуенге шығарамын. Қайтқан, қалған құстарды, қураған, жасарған шөптерді, құмырсқаның илеуін байқатамын. Түрлі шөптің, ағаштың жапырағын жинатамын.

б) Қайтып келген соң, жинағандарын іріктетіп, қағазға жапсыртамын. Шөптердің атын үйретемін. Серуенде көргенін сөйлетемін.

с) «Болды, ал» деген сөздің оқуын, жазуын үйретемін.

д) 10 ішіндегі бөлуді ауызша, жазуша көрсетемін, мәселе шығартамын, календарын байқаймын.

4 –к ү н. а) «Жаңа арнадан» «Өгіз бен қасқырды» оқып, қасқырды көргендерін сұраймын, сөйлетемін. Қасқыр малға қалай шабады, қысты күні қайтеді? Малды қасқырдан қалай сақтау керек? Балалардың «қарақұлақ» ойнауын сөйлетемін. Қасқырдың суретін салғызамын.

б) Тұйық буындармен таныстырын, тыңнан сөз құратамын.

с) 10-нан төрт амалмен есеп, 12-ге дейін көбейту кестесі.

5- к үн. а) «Аңдар қысқа қалай дайындаладыны?» оқимын, аяғындағы сұрауларды беремін. Күз семіретін, аритын малдарды, суалатын малдарды сұраймын.

б) «Қоян байғұсты» оқып, ішіндегі кестелі сөздерін түсіндіремін, қоян суретін салғызамын, Қолдан қоян көлеңкесін түсіртем.

с) «Көсе көрі» деген сөздің жазуын, оқуын үйретемін.

д) төрт амалдан есеп шығартам, «тез – шабан, ауыр – женіл кең – тар» деген сөздерді қолдандырам.

6 - к ү н. а) Малдың арығы, қысқа дайындайтын мал азығы қандай екенін сұрап, шөптерді санатамын, жоңышқаны қай мал жейді Оны қалай егеді, шабады, неше мезгіл, оның астығы.

«Түйе-түйені» жаттатамын. Аяғындағы сұрауларын беремін

б) «Дода — көкпар» деген сөзді үйретемін, жаздырам.

с) «Жуан – жіңішке, кең – сайыз, ұзын – қысқа» деген сөз дерді кірістіріп, төрт амалдан есеп шығартамын, көбейту кестесін сұраймын. Календарын көремін.

д) Түйенін суретін салғызамын, саздан жасатамын.

7-к ү н. а) Күзгі жиын-терін егіндікке серуен. Қонақ, жүгері майкене сияқтыларды көрсету, жұмысқа жарым сағаттай көмектестіру. Олардың әрқайсысынан азырақ ала қайту (сабағы, жапырағын, тұқымын), күздік егісті бақылау.

б) Әкелген нәрсесін реттеп, қамырға жабыстырту, қабырғаға ілдіру.

с) «Тары» туралы кішкене кітапшадан не газеттен әңгіме оқып тарыны қалай ексе жақсы шығатынын сөйлету.

д) «Тарыны» жаздыру, оқыту.

8-к ү н. а) Жүгері қандай өсімдік, қалай егіледі, өседі, піседі жиылып, іс болады; тұқым қанша болады – көрсету, сөйлету жүгері қандай тамақ болатыны. Орысша аты (кукуруза), жүгері туралы табылса, әңгіме оқимын.

д) «Жүгері» деген сөздің оқуын, жазуын үйретемін. с) Есеп шығартамын, он салғызам, ойын ойнатам, календарын көрем.

9-к ү н. а) Майкенеден не істелетіні, қалай өсетіні, қандай мал жесе өлетіні; іспілмәлікбен салыстыру әңгіме.

б) «Майкене» деген сөзді жаздырамын, оқытамын, тыңнан сөз құратамын.

с) Есеп шығартамын, өлең жаздыртамын.

10-к ү н. а) Күздік егіс, көк егін мен күздік егіңнін айырмасы, пайдалысы; қандай астық күздікке себетіні, бидайдың не тамақ болатыны; қалай өсетіні, қалай жырту, малалау керектігі.

б) «Көйлек» деген сөздің жазуын, оқуын үйретемін, календарын көремін.

с) Есеп шығартамын.

д) Жер-ағаш, күрек істетемін. Суретін салдырамын.

11 – к ү н. а) Арпа жөнінен сөз қыламын, әңгіме (қандай?) оқимын. «Арпаны» жаздырамын, оқытамын.

б) Мойынтырық, мала істетемін, мойынтырық суретін салдырып сайман, тіркеуіштерін сұраймын.

с) Бидай, тары, жүгері, арпа, майкенелердің қадағына неше қадақ шығатынын шамалап (орташа, бітік болуын алып), төрт бұрышты ұзыншақ сызықпен диаграмма салдырам.

д) Есеп шығартамын.

12-к ү н. а) Бақшаға серуен, бақша жемістері қандай болатынын бақылау, кәлексе жинау (тұқымынан), жинағандарын реттеп іс қылдыру.

б) Картоп, пияздың неге керектігі, қалай егуі, өсуі, өсімталдығы.

с) «Картоп» деген сөздің жазуы, оқуы.

д) Пияздың жұмбағы, есеп ойын календарын байқау.

13 – к ү н. а) Кәрен (капуста), баплеме (іспекле), сәбіз жайынан (әңгіме).

Өлең, жұмбақ (қандай?). «Жас әскер» өлеңі.

б) «Леплемені» көрсету, жаздыру, оқыту.

с) Дене тәрбиесі.

14-к ү н. а) Отын дайындау «көмектестік» (жауарма) деген әңгімені оқимын. Көмектескен істің өнімі болатынын түсіндірем. Отын түрлерін санатам, отын жинау жұмыстарын сөйлетем, мектеп ойының дайындау туралы кеңесем.

б) «Тезек» деген сөзді жаздырып, оқытып үйретемін.

Таныс буындардан сөз құратамын.

с) Есеп шығартамын, ойнатамын, календарын байқаймын.

15 - к ү н. а) Өткен көмектесерде істеген жұмыстардың жемісін тексеріп, календарларын көріп, екі жарым аптада неше күн ашық, бүркек, жел, жаңбыр болғанын шамалаған диаграмм жасату.

б) «Октябрь мейрамын» («жаңарма»).

с) Таныс сөздерден, буындардан сөйлем құратын, құраған қысқа сөйлемдерді оқытып, жаздыру.

д) 20-га шейін көбейту кестесін жаттату.

Қосылып ән салдыру (Интернационал өлеңі).

Қосымша тақырыпша: «Октябрь мейрамы» (3 күндік). 1-күн жалпы жиналысқа қатысу. «Мейрам туралы» баяндама жасау. Мейрамды қалай өткізуді кеңесу. Комиссиялар сайлау, класс-класқа жұмыс тапсыру, үлесін алып.

2-к ү н. Класты безендіру, қағаздан жалау істеп, плакат жапсыру, ауылға шақыру, тәртіп, төңкеріс өлеңдерін, әндерін жаттатып, тағы осындай жұмыстар.

3 – к ү н. Жиынға қатар түзеп бару, сауық кешін жасау, әке-шешелерін мейрамға қатыстыру.

Ескерту: «Күзгі тұрмыс деген тақырыптың күндік жоспары қанағаттанарлық деуге болмайды. Әңгіме аттары, жаттығу жақтары толық, дәл көрсетілмеген. Оған себеп, курста кітапхана болмауы, материал іздеуге уақыт жоқтығы, іс жүзінде мұғалімдер толықтырар, тәжірибелермен қарайласар деп сендік.

5-тақырып: «Қысқы там» (6 күндік)

1-к ү н. а) Қала тамдары мен ауыл тамдарының айырмасы. Кеңдік, жылылық: жарықтық, тазалық, беріктік жөнінен денсаулыққа тамақтан соңғы керек нәрсе: мал, таза ауа мен жарық екенін түсіндіремін, балаларға тамдарды суреттетіп сөйлетемін. Кемдік жерін толықтырамын. Әр балаға өз тамынын суретін салғызамын.

в) «Там» деген сөзді суреті астына жазып, оқытамын, көшіртемін, танытамын. «Тар», «тау», «тара», «таза» деген сөздерді құратамын.

с) 20-ға шейін қосу, алу.

2-к ү н. а) Там жылы, таза болу, ол үшін пеш орнату; астын таза ұстау: дым қылмау, сасытпау, сыпырып тұру, пеш пен сандалды салыстыру, пештің тарығынан мағлұмат (от, тандыр, қазандық, сандал, пеш боп өзгеру). Пеш жаққанда иіс тиюден сақтану.

Пештің, терезенің суретін салдыру.

в) «Терезе» деген сөзді жаздырып, танытып үйрету, оңай сөйлемдер жасату, оқыту.

д) 20 ішіндегі қосу, алу, көбейту.

3 - к ү н. а) Тамдардың неден, қалай істелетіні, терезе қай жақтан шығарылу, қанша болу, төбесін қалай жабу (ит арқалап, түйе тайлығып жабудың жауында пайдасы), қабырғаның іші-тысын сылау, астын тегістеп сылау туралы әңгімелеу.

в) «Қайдан келесін» деген сөздің оқуын, жазуын үйрету, тыңнан сөз құрастыру, үй туралы әңгіме оқу, кеңесу.

с) 20 ішіндегі есеп.

4 - к ү н. а, в) Балалардың тұратын тамдарын барып көру кейбір тамдарды бүтіндеуге көмектесу, қайтып келген соң көрген тамдарының кемшілігін сөйлеу.

с, д) Ата-аналар жиналысын шақыру, жиналысқа ауылдық ұйым, кәперетіп ұйым өкілдерін қатыстыру, қысқы там таза, кең, жарық болу туралы мұғалім баяндама жасау, балалар шақыру, тарату, жиылыста терезе алдыруға, пеш орнатуға қаулы қылып, қам істеу.

5 - к ү н. а) Тамды оңдау туралы ұрандар дайындатып, балалардың үйді-үйіне таратуға, жапсыруға тапсырма беру, тал қоралардың жыртығын-тесігін бүтіндеуге ата-анасына көмектесулерін тапсыру. «Омар» деген әңгімені оқу, нашарға бөлісу керек екенін білдіру.

в) «Әкеме болысамын» деген сөздің оқу, жазуын үйрету.

с) Есеп шығару.

6 - к ү н. а) Үйлерінде тамды түзетуге кім, не істегенін сұрау, сөйлесу, малға жылы қораның пайдасын сөйлету, тамды (үйді) таза ұстау шараларын білдіру. «Мектепті қалай күтеміз» деген әңгімені оқыту.

в) «Қора жама» деген сөздің оқу, жазуын үйретіп, тыңнан сөз, сөйлем құрату.

с, д) Мектеп қорасын, жыртық-тесігін бүтіндеуге қатыстыру.

6-т а қ ы р ы п: «Қыс басы» (12 күндік).

1 - к ү н. а) Қыс айларымен таныстыру. «Бұл қай мезгіл?» деген өлеңді оқу, сұрау, жаттығу, шана жолы, қала мен дала қатынасы, себебі.

б) «Шана жолы» деген сөздің жазуын, оқуын үйретіп, таныс буындардан сөз, сөйлем жасатып жаздыру.

в) Қосып, алу кестесімен таныстыру, жаздыру.

д) Қалаған нәрсенің суретін салдыру.

2-к ү н. а) «Алғашқы қар» деген әңгімені оқып, балалардың оқығанын байқауға сұрау беру, терезеге қырау тұру, мұздату, жер тон болу. Алғашқы қар жауғанды қалай көргенін сөйлету.

в) Қардың алты бұрышты боп түсетінін көрсетіп, суретін салдыру (суреті, жаң арна).

г) «Алғашқы қар», деген сөздің жазуын үйрету.

д) 15-ке шейін бөлуді үйрету.

3-к ү н. а) «Әуе календары» деген сөздің жазуын үйретіп, таныс буындардан сөз, сөйлем құрату, оқыту.

Қардан ойын ойнату.

б) Есеп шығару.

4-к ү н. а) Адамның қысқы киімдері: жазғы киімнен айырмасы, «күпі» деген сөздің жазылуы.

б) «Қысқы ауыл» («жаңа арна» – 37 бет) деген өлеңді жаттату, түсініксіз жерлерін сұрау, түсіндіріп, біраз өлеңін көшіріп, әр сөзін көрсету.

г) 20-ға шейін болу.

5-к ү н. а) Қыс түскенде әйел, еркектердің еңбегі өзгереді, кім, не істейтіні, кеш жатып, ерте тұруы оның себебі? ,

«Байқап» деген сөздің жазуы, суреті.. . I I

в) «Кіші» мен қиқар баланы» оқып, балалар сөзін жадына тоқығанда, кіші мен бала қып айтыстыру.

г) 20-ға дейін 4 амал.

д) Дене тәрбиесі.

6 - к ү н. а) Өткен күнгі үйренген сөздерін, буындарын еске салғаннан кейін: «жаңа көрпе» деген сөзбен таныстыру, жаздыру.

б) «Қысқы ауыл» деген өлеңінің 2 аузын тақтайға жазып, беріп, оқып балаларға әр сөзін бастыру, оқытып көшіру.

г) Ойын ойнатып ауызша 20-ға шейін көбейту кестесін жаттатып, сұрап, тексеру.

7-к ү н. а) Қыс түскенде, көбік қарда аритын, тойынатын малдар «ешкі мен қойдың айтысқанын» оқып, жаттату, айтысу.

б) Бірауыз өлеңнің сөздерін бөлек-бөлек қағазға жаздырып, тақпағын оқытып, ұпай салыстырып (сөзді тауып бере алмаған, тани алмаған бала үш ұпай берсін).

с) Ешкінің суретін салдырып, көбейту мен бөлуге төселдіру.

8 – к ү н. а) Кешегі бірауыз өлеңнің сөздерін әр балаға тапқызу, кесте әліппеден құрату, тақтайға, дәптерге жаздырып әсіресе «жегенің» – «жегенім», «жантақ» – «жалпақ» деген сөздердің айырмасына көзді қандыру «құйрығын», «неден» деген сөздерді жақсы білгізу.

б) «Ешкі асыра» деген әңгімені оқып, кеңесіп, аяғындағы мақалын жаттатып, ешкінің мінезі (еркін, қашаған, ойыншыл, секіргіш) екенін сөйлету.

в) 4 амалдан есеп беру, жарым, ширекпен таныстыру.

г) Мал туралы білетін өлең, жұмбақтарын айтқызу.

9 – к ү н. а) Ит, мысық сияқты айуандардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрау (олардың тамағы, жатар орны), олардың адамға пайдасын сөйлетіп, суретін салдыру.

б) Ешкі, қой айтысының екінші ауызын көшірту, әр сөзін бөлек қағазға сызып, ойын араластырып, көзін қандырып, әсіресе «ошаған», «шошайған» деген сөздердің айырмасын тапқызу.

с) Есеп, д) Дене тәрбиесі.

10-к ү н. а) Қыстап қалатын құстарды әңгіме қылу, оларды ататып, қарғаның суретін салдыру.

Қарға, қарға, қарғалар

Қанатымен жорғалар, –

деп жаттатып үйінде көшірту.

б) Ешкінің үшінші ауызын бөлшектеп жаздыру, әсіресе «апалаң», «топалаң», «сақан», «келсін» деген сөздерге көзін қандырып; ойын ойнату.

с) «Амалдық есеп», г) Мектеп маңын тазалату.

11 –к ү н. а) «Жәндіктер» (мал, аң) ертегісін оқып, сұрау беріп, олардың қылығы, бұрыс-терісін айырту, білетін ертегісін айтқызып. .

б) Айтыстың 4 ауызын жаздырып, үйретіп, «ебелек», «кебенек деген сөздерге ынтасын аударту.

с ) Есептеп дағдылану жұмыстарын беру,

д) Тәртіп тазалығы туралы жиылыс құру.

12 – к ү н. а) Бұл комплекс бойында жазып жүрген календарларым көріп, тексеріп, салыстыру, 10 шақты күнде неше күн ашық, жаңбыр, сел, тұман, қар болғандығынан диаграмма жасау.

б) Айтыстың соңғы ауызын жаздырып, «керек», «түйнек» деген сөздерге көздерін қандыру.

с) Балалардың жазу дәптерін қарап, үйге тапсырған жұмыстарды орындағанын байқап, «қарға» өлеңін оқытып әр сөздерін жекелеп көрсетіп, құратып жаздыру.

д) Есеп беру, ән салдыру.

Е с к е р т у: Бұл комплексте көбінесе хат таныту жағына зер салынды. Өйткені хат таныту жұмысы ерте бастап пысық істемесе, кемін көпке дейін жаңылыса береді және жылға дейін хат танытып болу керек деп ойладық.

Мұғалімдер комплекске төселіп қалар деп жоспар қысқа көрсетілді, көбінесе жаттығу жақтары алынды, хат танытуға алынған сөздер тек мысал, материал үшін қолайлы сөзді мұғалімдер сабақ ретінде өзі қарастыру керек.

7-т а қ ы р ы п: «Қоғам» (6 күндік).

1-к ү н. а) Соғым һәм соғымды не үшін соятынын жаз, неге соймайтынын, қай мезгілде сояды? Неліктен? Соғым малын қашан қамдайды? Соғым жоқ үйлер де бола ма? Олар қайтеді? Соғым кезінде кедейлер кімнен сатып алады? Арзан бола ма? Неге қымбат сатады? Байдың кедейге жаны аши ма? Кімнің үйінде қандай соғым бар?

б) «Соғым қамы» деген сөздің жазуын үйрету.

с) Семіз жылқының (соғымның) суретін салдырамын.

г) Есеп шығарту, дағдылану.

2-к ү н. а) Соғымды қалай соятыны. Малды қай кезде сояды? Астына не салады? Қалай жығады? Неше адам жығады? Бауыздау қаны қалай ағады? Терісін қалай түсіреді? Етін қалай бұзады? Кім сояды? Бала не көмек береді? Әйелдерше сойушылар, балалар не пайда қылады?

Соғым деген әңгіменің бірінші бөлімін оқу, сұрау беру? Бұларға соғым сойғанда көргенін сөйлету?

б) «Ту сиыр» деген сөзді жаздырып үйрету.

с) Жүрек, бүйрек суретін салдыру.

д) Қай соғымнан неше пұт ет шығатынын есептету.

3- к ү н. а) Соғым малдың мөлшері. Соғым сойғандарың бар ма? Мүшесін бұзуды кім біледі? Қай жерінен бастап бұзады? Қабырғасы нешеу? Аттары ше? Омыртқасы нешеге бөлінеді? Аттары не? Сонда, қолда қанша, қандай жігі болады? Өңеш пен кеңірдек қай жерде болады? Олар қандай басталады, неге барып тұтасады? Өңешпен не жүреді? Кеңірдекпен? Арқа жақта тұратыны өңеш пе? Кеңірдек пе? Жүрек жоғары ма? Өкпе-бауыр қай жерде тұрады? Бүйрек ше? Қарыннан төмен не болады? Жоғары не болады? Қарын мен өкпе арасында не тұрады? Қуық қайда жатады? Жатыр ше? Басты мүшелерін кім айтады?

б) Мүше аттарын жаздыру: жая, жал, жамбас, жілік, жауырын, жүрек, жұлын, бүйрек, бауыр, омыртқа, қарын, мойын, өңеш, өкпе, кеңірдек, бүйен, ішек, қуық, асық, тобық, шарпы, шажырқай, бұлшық ет, талақ, ұйқы.

с) Мүшелер: саннан есегі шығару.

4 – к ү н. а) Арық-семіз соғым. Қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының семізін қалай, несінен айырады? Неше пұт май, неше елі қазы шығатынын айыруға болады ма? Қандай малдан май көп шығады, қазы қалың түседі. Қазынын ең жұқасын, қалыңын немен өлшейді? Малдың ең семізі не? Қай мал қандай тамаққа жақсы семіреді? Далада, байлауда. Қолдан семірткен малды не деп атайды?

Соғым сойғанда мал семіз шықсын деп қандай ырым істейді? Сонда семіз шыға ма? Арық малға істесе қайтер еді? Ырым істегеннің пайдасы бар ма? Ырым келмегенде қазақ қандай мақал айтады? (Надан ырым етер, ырым қырын кетер). «Семіздің аяғы сегіз – тентектің аяғы сегіз» деген мақалды қалай түсіну керек? Семіздікті кім көтерді дейді? Оны неліктен айтады? Етті ептен үнемдеп жеу туралы не мақал бар?

б) «Жаңа арнадан», «соғымның» екінші бөлімін оқу. Оқыған текстерге сұрау беру.

с) «Сұр ат, сүр ет» деген сөздерді жаздырып, жуан-жіңішке естілетінін айырып, дәйектемені қолдандырту.

д) есеп шығару.

5-к ү н. а) Соғым етін ұқсату. Соғым етін қалай-қалай сақтайды? Ет неліктен сүр болады? Қазыны, шұжықты қалай істейді? Ішіне не салады? Неше күнде сүр болады? Қандай мүшені кейінге сақтайды! Әуелі қай мүшені жейді? Бір қолды, бір санды үйлерін неше күн азық қылады? Білмесең сұрап біл, мүшенің ең дәмдісі шыймандысы қайсысы. Ас болуға сүр ет жақсы ма, жас ет жақсы ма? (жас ет жақсы, сіңімді болады). Соғым сойған үй ол күні не науқан істейді? Қандай үй қуырдақ береді? Ол әдет әлі бар ма?

б) «Ор ешкі өркешті» деген сөздерді үйрету, дәйектемені пысықтау.

с) Қазы, шұжық суретін салдыру. «Ата-батаны» (Жаңа арна 21 бет) жаттату, көшірту.

6- к ү н. а) Соғым терісі. Соғым терісін не істейді? Қалай кептіреді? Тұздай ма? Жерге жайған жақсы ма, ағашқа, арқанға, асқан жақсы ма? Жылы күні кептірген қалай, суық күні?.. Мал терісінен не істеледі? (Қалада, далада). Қай малдың терісі қымбат? Неліктен? Теріні қайда сатады? Сиыр терісі неше сом? Жылқыныкі ше? Қойдікі, ешкінікі, былғары болғанда қанша? Онда неліктен қымбат? Теріні қалай кептіру, тұздау керектігі туралы мақала оқимын («Ауыл тілі» мен кітапшалардан), үйіне барғанда әңгіме қылып айтуын тапсырамын.

б) Бұрынғы жаттаған «Қарға» деген өлеңнің сөздерін сұрап, тапқызып, жаздырып, еңбек-ермек істетемін.

с) Қосылып ән салғызамын.

Е с к е р т у : «Соғым» комплексінің жоспарында берілген сұрауларды әдейі толық көрсеттік. Үйткені, мұғалімнің сұрау беруінде көп мән бар: бұның жауабы сұрауда айтылмау, сұрауларда маңыз болу, бірімен-бірі байланысу керек, тегінде қай сабақта болсын сұрау беру тәртібі осылай болу керек. Үлгі болсын деп толық жазғанымыз сол.

Бұл жоспар әрі мазмұнын толық көрсетіп, әрі әр күндік жұмысқа тақырыпша қойып отырдық. Мысалы: 1-күн: соғым қамы, 2-күн: соғымды қалай соятын, 3-күн: соғым малынын мүшелері – деген сияқты. Мұнда да материалды неден бастап, қалай жағалау жолын мұғалімдер көрсін дедік. Соғымның қамын айтпай тұрып, қалай союын, мүшелерін немесе терісін сөз қылсақ онда «жүйе» деген, тетелестік, жалғастық деген нәрселер бұзылар елі. Материалды тетелестіріп былықтырмай тізу деген осы болады.

8 - т а қ ы р ы п: «Қысқы жаратылыс» ( 6 күндік)

Е с к е р т у: Бұл тақырыптың қолайсыздығын жоғарыда айтқанбыз. Мұның орнына басқа тақырып алу керек, ол жер-жердің жағдайына қаран болмақ. Тек хат таныту, есеп сияқты жаттығу жақтары толық кіруін ескерту керек.

9 - т а қ ы р ы п: «Суықтан сақтану» (декабрьдің 18-24)

1 – к ү н. а) Үйді күту: дымнан, иістен, түтіннен, өткін желден сақтау, әдісін жаңғырту; терезе, тесік, есік алдында, желдің өтінде отырмау, жатпау; астына сыз өткізбеу, пеш жағу, үйді жылы ұстау, «қысты» (38-бет) оқу.

б) «Ақсеректі» (16-бет) оқыту, көшірту.

с) Есеп шығарту.

2-к ү н. а) Бойды күту: киімді жылы киюі, су киімді кептіру, аяқтан су өткізбеу, тысқа желең шықпау сияқтылар.

6) «Ережені »(44-бет) оқып, көшірту; қабырғаға ілін қою.

с) Есеп, жұмбақ, ертегі, үйлеріндегі адамдардан ертегі, жұмбақ үйреніп келу.

3-к ү н. а) Суықтан жабысатын науқастарды: тұмау, шаншу, өкпе құрт, құяң, аруақ. Сондай науқасқа ұшыраған адамдарды сұрау, қай жері қалай ауыратынын, немен емдейтінін білу. Дәрігерге көрсету керектігін түсіндіру.

б) «Ауа, суық, жер, қарды» (46-бст) оқыту, жаттату.

с) Үйреніп келген ертегі, жұмбақтарын айтқызу, есеп.

4 - к ү н. а) Тұмау, оның емі. Тұмау тиіу себебі. Тұмау тиген баланы сұрау. Тұмаудың белгілерін айтқызу: бас ауру, мұрын біту, жөтелеу, көзден жас ағу; немен емдегенін білу, тұмаудың емі, жылы оранып, ыстық ас ішіп терлеу, булауға түсу, «аспирин, қыйнын» сияқты дәрі ішу, мұрынды тұзды сумен, мақта тұтату...

«Тұмау түбі құрт болар»,

«Жұмау түбі жұт болар» деген мақалды оқыту, жаздыру.

б) «Сауысқанды» (55-бет) оқыту, жаздыру, жаттату, тұмау тигендеріне ем істету.

с) Есеп, ойын. д) Қар күреу.

5- к ү н. а) Үсік, оның емі. «Сарыаязды» (58-бет) оқу. Сарыаязда аспан ашық бола ма, бүркеу ме? Жел бола ма, жоқ па? «Тымырсық аяз» деп неліктен айтады? Аязда далада жүргендерің бар ма? Үсінгендерің ше? Тоңғанда бет, мұрын қайтеді? Ағара қалса не істеу керек? Үсіктен адам өле ме? Үсіктің емі: май жағу, күту, кір жолатпау, тызылдатып келе жатқанда, уқалау, қармен ысу.

б) «Аязды» (58-бет) оқу, көшіру, жаттату.

с) Есеп, сурет. д) Отын дайындау, пеш жаққызу.

6-к ү н. а) Әнелдерге суық тигіш. Себебі: жалаңаш-жалпы жүреді, кіріп-шығуы көп, жұмыс көп, еркек болыспайды. Әйел ауру болса, үйдің іші – көн торғай, беймаза болу, әйелсіз үй тіршілігі жоқ, әйел жұмысын жеңілдету керектігі, шешесіне балалардың қандай көмек беретінін сұрау.

«Кедейдің қысқы лашығы» деген өлеңді үйлерінде оқып, жаттап келуін тапсыру.

б) Жатқа сөз жаздыру. с) Есеп шығару, ән салдыру.

Е с к е р т у . Осы аптада хат таныту жұмысын бітіру керек. Бұдан былай хатқа, есепке төселуі үшін, үйде оқуды, жазуды, есептеуге, әңгіме, ертегіні, өлең, мәселе, кесте беріп отыру керек. Бұдан кейінгі тақырыптардың күндік жоспарларын толық көрсетуге, кітапша ұзарып кетер деп, жаңа оқушылар жоспар жасауға, материал тыңдауға өздері де енді төселген болар деп, тек күндік тапсырмаларын ғана көрсетеміз, жаттығу жақтарын өздері тауып алар дедік.

10 - т а қ ы р ы п: «Малдың күтімі» (12-күн).

1- к ү н. Қай малдың пайдасы қандай.

2- к ү н. Малдың жасы.

3- к ү н. Қай мал неше ай бала көтереді.

4- к ү н. Малдың түсі, түгі, жүні.

5- к ү н. Күйіс қайыратын, қайырмайтын мал.

6- к ү н. Қыс малдың арықтауы.

7- к ү н. Мал қораны күту.

8- к ү н. Шөпті қалай, қанша, қайда беру.

9- к ү н. Қай мал, қай шөпті сүйеді.

10- к ү н. Шөптен басқа азықтары.

11-күн. Малды қалай, қанша суару.

12- к ү н. Арық-тұра малды күту.

11-тақырып: «Қысқы үй тіршілігі» (6 күндік)

1- к ү н. Еркектердің пайдалы жұмысы.

2- к ү н. Еркектердің пайдалы ермегі.

3- к ү н. Әйел жұмысы, тамақ әзірлеу.

4- к ү н. Үй күту.

5- к ү н. Киім тігу, кір жуу.

6- к ү н. Қол өнері.

12 – т а қ ы р ы п: «Балалардың қысқы еңбегі, ермегі» (6 күндік)

1- к ү н. Баланың мал шаруасына көмегі.

2- к ү н. Үй ісіне көмегі.

3- к ү н. Үйдегі ермегі.

4- к ү н. Даладағы ермегі.

5- к ү н. Ойыншықтары.

6- к ү н. Әңгіменің жалғасы.

13 - т а қ ы р ы п: «Аң, балық аулау» (6 күндік).

1- к ү н. Аң аттары, адамға пайда, зияны.

2- к ү н. Аң аулайтын құралдар, оларды қалай қолдану.

3- к ү н. Аңдардың қылығы.

4- к ү н. Аң терілері.

5- к ү н. Балықтар.

6- к ү н. Балық аулайтын құралдар.

14 - т а қ ы р ы п: «Арық-тұрақ, ауру малдардың күтімі» (12 күн)

1 - к ү н. Арық малдың іреңі.

2 - к ү н. Арықты күту жолы.

3- к ү н. Арық малдың дерті, себебі.

4 - к ү н. Түрлі дерттің емі туралы мағлұмат жинау.

5-к ү н. Қыршаңқы, қотыр, күл, қысақы, бөген, олардың белгісі емі.

6- к ү н. Бит, кене, олардың емі.

7- к ү н. Маңқа, маңдам.

8- к ү н. Өкпе құрт, мұрын құрт.

9- к ү н. Тышқақ, сүйел.

10- к ү н. Малды аурудан сақтау шарасы.

11- к ү н. Арамза төлдің күтімі.

12-күн. Әңгіменің жалғасы немесе біраз малдың күтімі.

Е с к е р т у : дерттердің бұлайша бөлінуі шарт емес.

Материал табылуына қарау керек.

1-жылдық, күндік жоспарларды осымен тоқтатын, енді екінші жылдық жоспардан мысал көрсетеміз.

II ж ы л д ы қ

I – т а қ ы р ы п: «Күзгі жиын-терін» (октябрьдің 1-15). 12 күн

1-к ү н. Балалардың денсаулығын тексереміз. Жазды қалай өткізгенін; қайда болғаны, қай жаққа кеткенін, ерудегі, көшкендегі еңбегін, ермегін сұраймын, сөйлетемін, кеңестіремін. Кім қандай кітап оқыды, сурет салды, ертегі, жұмбақ, өлең үйренді. Шөптен, жапырақтан, гүлден, тастан, құрт-құмырсқадан не жинады, соларын сұраймын, көремін, тыңдаймын.

Мектепті тазарту, бүтіндеу жұмысына қатыстырамын.

2- к ү н. Жазғы жұмыстың жемісі – үйренген жұмбақ, өлеңдерін жаздыру, суреттерін реттеп қабырғаға ілу. Жаратылыстан алған нәрселерін қатырғыға, шыныға, құтыға реттеп орналастыру. Өте-мөте күшті әсер еткен оқиғаларды сөйлету, кітап, газет оқыту. Көбейту кестесін сұрау.

3-к ү н. Егін, қырман басына серуен. Серуенге дайындалу, жиын-терін жұмысына көмектесу. Өсімдік, құрт-құмырсқа жинау. Егін тұқымдарын, топырағын, астығын көру, зерттеу.

4-к ү н. Серуенде жинағандарын реттеу, жиналыс құру, тазалықшы, тәртіпші, дежурный сайлау.

5 - к ү н. Түгендеу кестесін жасау, белгісін салу. Егін жұмысы» ору, баулау, қырманға шығу, басу, қаптау жайынан әңгімелесу» жабайы еңбек, жетекші еңбек, жеке, біріккен еңбек өнімін салыстыру, есептеу еңбегінің шығымды болу шарттарын (жақсы топырақ, тұқымды терең жырту, майда малау, уақытымен салу, суару, қар ою) түсіндіру, кітаптан, газеттен егін туралы оқу. Өлең оқу, жаттау.

6-к ү н. Әңгіменің жалғасы – егін аспаптары (кетпен-күрек, жер-ағаш, соқа, трактор, орақ, машине, малмен басу, тас молотилка, күрекпен ұшыру, елеуіш (вейілкі), аспаптардың жұмыс өндіруі, жасалуы нарқы, есеп, соқа, трактор суретін салу, аспаптарды өрлету жөнінен ұрандар жазу, жапсыру, тарату.

7 - к ү н. Бау-бақша серуен. Көмектесу. Бұрын-соң, пісетін мәуелерді бақылау тұқымдарынан үлгі жинау; пияз, картоп, кәрен (капуста) сияқтылардың жұмбағын айтқызу, шешкізу, бау-бақша туралы әңгіме оқуын үніне тапсыру. Есеп жинаған, тұқымдарын, жапырақтарын реттеу.

8- к ү н. Әңгіменің жалғасы қай мәуенің неге керектігі, қанша уақытта пісетіні, қалай көрінетіні, ұқсатуы, бау-бақшаның пайдасы көшпелі елдің екпеу себебі сияқтылар, бау-бақша, мәуе жайынан жазылған өлеңдер жаттау. Түрлі мәуелердің шығынынан, пайдасынан диаграмма жасау, есеп шығару.

9-к ү н. Дәрі шөптер дермене, көкнәр (мак), қызыл дәрі (бұрыш), майкене сияқтылардың тұқымын алғашқы серуенде жинатын алу. Ол шөптерден қандай дәрі қалай істелетінін, дәрілердің неге керектігін, қай шөп қай жерде өсетінін, тағы қандай дәрі шөптер білетінін әңгіме қылу.

Дәрі шөптер жинап біріккен ой жаздыру, жазу жаздыру, есен.

10- к ү н. Пішен. Пішен жайынан сурет әңгіме оқу. Жақын жерде пішен болса шапқанын көру. Пішен жайында балалардың еңбегін, көрген-білгенін сөйлету. Пішен аспаптарының, үлгісін істеу. Қай малдың жылына (бір қыста) қанша пішен жеуінен есеп шығаратын, қай үйге қанша көлік (шөмеле) бөлу керек екенін есептеу, қай үй қанша пішен жинайтынын білдірту.

11- к ү н. Әңгіменің жалғасы. Маңайдағы ауылдың пішенге қамдануы. Кімнің қанша, қалай пішен жиюы (түйісін келісіп, жеке), пішен кезіндегі дау-шар, оның себебі. Пішен қайткенде жеткілікті болу шаралары. Пішенді жетерлік қылып сақтау туралы, еңбектің өнімді болуы, жоңышқа егу туралы ұрандар жазып, тексеріп, жапсырып, ауылға тарату, еккен, суарған, қыр пішендерінің малға ас болуы, шығымы жөнінен диаграмм жасау, жиналған мағлұматтарынан есеп шығару.

12-к ү н. Отын қамдау. Отын түрлері: тезек, сексеуіл, арша, жыңғыл, қарағай, қамыс, жеміс ағаштары. Тас көмір отындарын қалай дайындауы, қай отынның қызулығы, қала, зауыт, ат арба, автамобел отындары мен дала отынын салыстыру. Балаларды отын жинау жұмысына қатыстыру.

Әңгіме оқыту, есеп шығарту.

II т а қ ы р ы п: «Күзгі жаратылыс» (октябрьдің 15-21).

Абайдың «Күзін» оқып, оқытып, жаттауға үйге тапсыру. Күзгі күн, күз айлары, күн мен түннің теңелуі, Күн қысқара бастау, оның белгісі. Ауа райының құбылуы. Жел, жаңбыр, бұлт, тұман. Желдің көбіне қай жаққа қарай соғуы, ауа райының кәлендарін жасап, бақылауын тапсыру... күзді (өлең) көшіру, есеп, тіл бақала ойнау.

2-к ү н. Күзгі өсімдік. Серуен, есімдіктердің пісуін, құрауын, ағаш жапырақтары түсуін бақылату, жапырақтар жинату, бүршікті, жапырақты ағаштарды айырту. Құрт-құмырсқаларды бақылау, құмырсқаның илеуін көру, жазғы құрт-құмырсқаның жоғалғандарын бақылау. Маса, шыбындарды қарау. Серуенде көрген құстарын жазып алу, жиналған нәрселерін іріктеу.

3-к ү н. Құрт-құмырсқаға серуенде көрген құрт-құмырсқалар жайынан сөйлету, олардың (құмырсқаның) ұйымшылдығы, еңбегі, қысқа дайындалуы. Құрт-құмырсқаның қыс қатып қалуы. «Маса, шыбынның сезімі» деген әңгімені оқу. Жинаған жапырақтан қағазға жапсырып, астына аттарын жаздыру, жапырақ суретін салдыру.

4 - к ү н. Күзгі құстар. Қалатын, қайтатын құстар. Қайту себебі. Бұл жаққа келу себебі. Жан-жануардың тіршілік етудегі мақсаты артына ұрпақ қалдыру екенін білдіру. Құсты қашан ауламау керек. Қалатын құстың қысқы тіршілігі, қайтатын құстың жапсырма суреті, құстардың адаспауы. «Құс жолы» (аспандағы), «Темір қазық», «Жеті қарақшыларды» сұрау, тапқызу. Әңгіме, не өлең оқу. Құс, жұмыртқа жұмбақтары, есеп.

5-к ү н. Күзгі аңдар. Күздің андар тұрмысына кіргізетін өзгерісі. Тышқан, күзен, суыр. қоян, аюлардың қысқы тұрмысы туралы әңгіме оқу. Аң суретін салу, есеп.

6-к ү н. Әңгіменің жалғасы. Андар ертегісі. Өлең, қасқыр көрген баланың әңгімесі. Қасқыр туралы ой жазу.

ЖҰМЫСТЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАУ КЕРЕК

«Күзгі жаратылыс» деген тақырыпты өткенде, балалардың жұмысы қандай болу керек? Соған мысал көрсете кетейік. Әуелі мұғалім: «Күзді күні қандай нәрселер өзгереді?» деген сұрау қояды. Балалар әуе райының, өсімдіктердің, жан-жануарлардың өзгеретін санайды... Солардың өзгергенін қалай білсек екен? Бәрін бір жола, бір күнде білуге бола ма? – деген сынақты сұраулар мен бақылаудың, серуеннің, материалдарды реттеудің керектігін түсіндіреді.

«Жаңбыр көбіне қай мезгілде көп жауады? Жел көбіне қай жақтан тұрады? Оны білу үшін не істеуіміз керек?» деген сұраулар мен сәлемдер жасауға кіріседі.

Өсімдік, жан-жануарларды байқау үшін серуенге шығу керектігін түсіндіреді. Серуенге барғанда нені бақылау керек, кім не істу керек? Бәріміз бір-ақ жұмыс істейміз бе? Лек-легімізбен өз алдымызға іс аламыз ба? – деді әңгімелеседі. Істің төтесін, өнімді болуын ескертеді. Сөйтіп, серуенге барғанда істейтін жұмыстарымызды санап алалықшы деп, айтқызып, санайды, жазады.

Қураған шөптерді көру, атын білу.

Түрлі шөп, ағаштардың жапырағын жинау.

Жапырақты ағаш пен бүршікті ағашты айыру.

Күз өсетін шөптерді бақылау, аттарын білу.

Қандай құрт-құмырсқа бар, қандайлары жоғалғанын байқау.

Құмырсқаның үйлерін көру, олардың еңбегін бақылау.

Көрген құстардың атын жазып алу.

Тышқанның інін қазып, аршып, қысқа не қам қылғанын көру.

Міне серуеннің планы осы сияқты болып жасалады. Балалар (звено) лек-лекке бөлінеді. Лек балалар белгіленеді. Ор лекке жұмыс тапсырылады. Серуеннен келген соң, жинағандарын реттейді, міне балалардың жұмысын орындау тәртібі осы болады.

III т а қ ы р ы п: «Қала мен ауылдың айырмасы»

(октябрьдің 21 -28).

1 - к ү н. Дала мен қаланың айырмасы даланы көрген балаларды көргенін сөйлетіп, даланың тамдары (үйлері), көшелері. Қалада тұрмысы, кәсібі, киімі; жүрісі, тұрысы, тазалығы, ермегі, мінезі, қатынас көлігі, түнгі жарығы... далада бұлардың жоқтығы, кемдігі.

2-к ү н. Қаланың ауылға не беретіні (мата, былғары, ыдыс-сайман, машине, дәрі-дәрмек), қандай ұйым, қандай дүкендер арқылы алған пайдалы бұйымдардың нарқы, нарқынан шығару. Метр, өлшеуіштері мен ескі өлшемдерді салыстырып, шот қақтырып, шелек, шәугім, шалғы, орақ сияқты нәрселердің суретін салдыру.

3 - к ү н. Ауылдың қалаға сататын бұйымдары, олардың қалаға керектігі қала мен даланың айырбассыз тұра алмайтыны. Ауыл бұйымдарының нарқы есеп, өлең, диаграмм.

4-к ү н. Ауыл бұйымымен не істейтіні, тері-терсектен, жүннен, түбіттен, матадан, кендірден, майкенеден. Қала, қол бұйымдарының пәбрик, зауытта қалай істелуі. Пәбрик, зауыт жұмысының қол ісінен өнімділігі. Онда кімдер істейтін? Қандай ақы алатын? Диқаншы мен жұмысшының енбегін салыстыру, былғары, мата туралы әңгіме оқу, қай бұйымнан не жасалатынын жаздыру.

5-к ү н. Даланың ауылға мәдениет ауыстыру, мектеп, кеңсе, қызметтер, дәрігер, агроном, трактор, кен қазу, қол өнер дүниелері сияқты қосымша сөздер.

6-күн. Әңгіменің жалғасы қос сөз, қосымшаларға жаттықтыру, атарбаны, тракторды көргендерін сөйлету, отарба туралы өлең, әңгіме оқу, есеп шығарту, суретін салдыру.

IV тақырып: «Қора-қопсыны өңдеу» (1 айлық)

1 - к ү н. Қыстау, құдық. Қыстауға неге көшіп келеді? Қыстауда неше ай отырады? Көп отыратын үй қандай болу керек? Қыстауға келгенде, алдымен ауыл не қамдайды? Малды қайдан суарады? Құдықты неге аршиды? Балалар не көмек көрсетеді? Құдық суы қандай болуы керек? Судан туатын індет бар ма? Құдықты қалай тазарту керек? Жаттығу жұмыстарын мұғалім өзі тапсын.

2-к ү н. Үй жұмысы, үйсіз күн көруге бола ма? Жабайы адамдарда үй болған ба? Қалай күн көрген? Там үй бұрын шыққан ба? Киіз үй бұрын шыққан ба? Тамнан басқа қандай үйлер бар? Даланың үйлері қандай болады?

3 - к ү н. Жақсы үй мен жаман үйден саулыққа зиянды. Жаман үй қандай болады? Кім айтады, жақсы үйді кім жайлар етеді? Қазақ тамы жақсы ма, жаман ба? Неге жақсы қылып сақтады? Жаман үй дерттің ұясы екенін қазақ біле ме, неліктен білмейді?

4-к ү н. Жаман үйден жабысатын дерттер. Кім көп ауырады? Жақсы үйде тұрған адам ба, жаман үйдегі ме? Кімнің үйінде қандай кісілердің ауруы бар? Ауру үйлер қандай? Көбінесе қандай ауру бар? Осы ауылда қанша кісі ауру екенін білуге бола ма? Қалай білеміз? Ауылды қыдырып, себін алыңдар? Кімнің қай жері ауырғанын сұрап; жазып алыңдар. Қашаннан бері ауырғанын, неден ауырғанын сұраңдар. Аурулы үйлерден саулық шартына сай келе ме? Несі келмейді – біліңдер, аурудың диаграммын жасаңдар. Ауруды қалай емдеуді кеңесіңдер.

5-к ү н. От тарихы, адам жағдайы, өзінен-өзі пайда болатын от бар ма? Күркіреген нөсерден кейін даланың, ағаштың өртенгенін көріп, есіттіңдер ме? Ол от қайдан келді? Мына екі ағашты біріне-бірін тез жонып қараңдаршы. Үйкелген жері қайтты? Екі аяғыңды біріне-бірін ысы, аяғың қайтты? Ендеше от неден пайда болады екен? Шақпақ шаққанды көрдіңдер ме? Неден, қалай жағады? Түнде аттың тұяғынан неге от шығады? Күкірт қайткенде тұтанады? Оттың адамға не пайдасы бар? Зияны бар ма? Жылдың қай мезгілінде от көбірек керек, оттың жылуын қайткенде көбірек пайдаланамыз?

6-к ү н. Малға қора соғу керек пе? Әсіресе қай мал тоңғақ? Қыстай далада қарға жататын мал бар ма? Қай мал тез арықтайды, бойы жылы жүрген бе? Бауырынан сыз өткен бе? Қораны өңдеуге кім не қам қылды? Мал қораны қалан күту керек. Жаттығу жұмыстарын қарастыр.

Е с к е р т у : Бұл комплексте жаттығу жұмыстары көрсетілмеді. Өйткені 2 жылға лайық оқу кітаптары «тіл жұмыстары» жоқ болды, ескі материалдар қолайсыз болар дедік. Мұғалімге ең керектігі күндік тапсырмаларды білу, сұрауларын тізу, тақырыпшаларына үйлестіріп оқу, жазу, тіл бақылау, еңбек, есеп, сурет сияқтыларды өздері табар деп ойладық.

V т а қ ы р ы п: «Мәдени өсім, жиын, теріні» (екі апталық)

1 апта

1-к ү н. Қозаға серуен.

2- к ү н. Қозаның өсуі, күтуі.

3- к ү н. Қозадан макта, одан мата бөлу.

4- к ү н. Шиіт, күнжара.

5- к ү н. Кендірдің егуі, өсуі.

6- к ү н. Кендірден істелетін бұйым.

2 апта

1- к ү н. Сала (серуен).

2- к ү н. Салы (күріш) пайдасы.

3- к ү н. Жүгері.

4- к ү н. Жүгерінің қалай іс болуы.

5- к ү н. Майгене.

Ес к е р т у: бұл айтылған өсімдіктері жоқ елдер басқа тақырып алуы керек.

VI т а қ ы р ы п: «Ауыл» (12 күндік)

1-к ү н. Ауылдың тарихы (қашан орнағаны), ұруы, ауылы, айы, баласы.

2-к ү н. Ауылдың жері (егіндік, шабындық, жайылым),

3-к ү н. көлем-мөлшері.

4-к ү н. Ауылдың суы (өзен, құдық, арық).

5-к ү н.Күн көретін басты кәсібі, соның жалғасы. Шеттегі кәсібі.

6- кү н.

7-к ү н. Малы, жаны (10 жылқы өсуі).

8-к ү н.

9- к ү н. Ағарту жолы (сауатты, сауатсыздар, оқу жасындағы

10-к ү н.балалар, мектеп)

11-к ү н. Мәдени жағы (үй тұрмысы, шаруа, аспап, өнер, кәсіп,

12- к ү н. мал тұқымын асылдандыру жөнінде ілгерілеуі

VII т а қ ы р ы п: «Ауылдағы әлеумет ұйымдары» (18 күндік)

I Ауыл, атком, оның қызметі... (2 күнде)

2. Шаруа салығы (2 күн)

3. Партия ұялары (2 күн)

4. Комсомол, пионер (2 күн)

5. Қосшы ұйым (2 күн)

6. Батырақ (малай, ұйымы) (2 күн)

7. Кооператив пен жай саудагерлер (1 күн)

8. Кооператив пен ауылдық айырмасы (1 күн)

9. Кооператив құрылысы (1 күн)

10. Қарыз серіктігі (1 күн)

11. Шаруа артельдері (1 күн)

12. Комплекс қорытындысы (1 күн)

VIII тақырып: «Ауылдағы қол өнері мен кәсіп»

(12 күндік)

1. Ұршық иіру.

2. Өрмек тоқу (шәлі, байрақ, қолғап тоқу).

3. Киім тігу (мәшине).

4. Ою, кесте, (сырмақ, түскиіз, аяққап, орамал). Кілем тоқу.

7. Сабын қайнату.

8. Етікші, өрімші.

9. Ұста, зергер.

10. Диірмен.

11.

IX т а қ ы р ы п: «Үй хайуандары» (12 күндік)

1. Сиыр, дене құрылысы, пайдасы.

2. Сиырдың аурулары, оның емі.

3. Қой, пайдасы, дене құрылысы.

4. Қысқа шыдамдылығы, аурулары, емі.

5. Ешкі.

6. Түйе.

7. Жылқы.

8. Есек.

9. Ит, мысық.

10. Адамның көлігі (өгіз, есек, түйе, ат, ит, бұғы, піл).

11. жалғасы (автомобил, шайтан арба, мотосекл).

12. отарба, от кеме, айырплан.

X т а қ ы р ы п. «Малды жұттан сақтау» (12 күндік)

1. Қыстың қамы.

2. Малдың тіршілігі.

3. Даланың түрі.

4. Жұт болатын жылдың белгілері.

5. Шаруаның жұтқа қылған қамы.

6. Жұтамайтын жұрттар.

7. Арық, көтерем малдың бағуы.

8.

9. Буаз малдың күтімі.

10. Малшылар еңбегі.

11. Балалардың көмегі.

12. Жұттан сақтану шаралары.

XI тақырып: «Егін жабдығын қамдау» (12 күн)

1. Күн жылынудың жаратылысқа, малға әсері.

2. Адам еңбегі өзгеруі, егін көлігін күту.

3. Егін саймандарын түзету.

4. Жерағаш, соқа, трактор.

5. Егінді жалпағынан салу, жырымдап салу.

6. Тұқым қандай болу керек.

7. Жырту: тұқым себу, майдалау жолдары.

8. Тәлімі, сулы егіндерді қашан салу.

9. Егін шығатын топырақтар.

10. Егін зиянкестері.

11. Олардан құтылу шаралары.

12. Егінді қалай бағып-қағу.

XII т а қ ы р ы п: «Егінге үкімет жәрдемі» (6 күн)

1. Әлсіз шаруаларға үкіметтің қандай жәрдем беретіні, қалай беретіні. (Ауылдық кеңеспен қатынас қылу. Тұқым, саймансыз шаруалардың есебін алу).

2. Жәрдем алу жолдарын кеңесу.

3. Жәрдем алудың төте жолын ауылға түсіндіру.

4. Әртел, ұйым болудың пайдасы.

5. Жәрдемді дұрыс қолдану.

6. Әңгіменің жалғасы.

XIII т а қ ы р ы п: «Күннің жаратылысқа әсері» (6 күн)

1. Күн жылыну. Қар кету, мұз қату.

2. Жер булану.

3. Алғашқы келетін құстар.

4. Жәндіктердің тірілуі.

5. Мал тойына бастау.

6. Әңгіменің жалғасы.

XIV т а қ ы р ы п: «Бау-бақша жұмысы» (6 күн)

1. Бау-бақшаның адамға пайдасы.

2. Бау-бақшаға серуен, еңбек.

3. Бауда өсетін жемістер. Олардың күтімі.

4. Бақша жемістерін қалай егу.

5. Бау-бақша зиянкестері. Олардан құтылу шаралары.

6. Әңгіменің жалғасы.

XV т а қ ы р ы п: «Малдың түрлі аурулары» (6 күн).

1-к ү н. Қойдың аурулары (топалаң, түйнек, тышқақ, өкпеқұрт, күл), аурудың себебі, сақтану жолы, емі (қазақ емі, дәрігер емі).

2-к ү н. Соның жалғасы (ешкінің ауруы).

3-к ү н. Сиырдың ауруы (қараталақ, мәлік, аусыл, сарып), себебі, сақтану жолы.

4-к ү н. Жылқының ауруы (лоңқа, жамандат, қара өкпе, өлі...)

5-к ү н. Түйенің ауруы (ақшелек, мұрын құрт).

6-к ү н. Малды жылан, қара құрт шағу. Оның емі.

XVI т а қ ы р ы п: «Арық шабу» (6 күн)

1-к ү н. Жер кепкенде жоңышқа суаруды бастау. Бұзылған арықты түзеу.

2-к ү н. Арық шабу тойына ауылдық жиылуы (оған қатысу).

3-к ү н. Жиылыстың тиянағы, мұрап сайлау, қалай шабу, пайдалану.

4-к ү н. Саймандарды қамдау.

5-к ү н. Арықтардың жерін, суын (бас-аяғын) зерттеу.

6-к ү н. Арықты дұрыс күту, пайдалану.

Е с к е р т у. V тақырыптан бергі күндік жоспарларды толық жазбай, тек күндік сабақтардың тақырыптарын нобайладық. Өйткені толық жазуға, әрі кітапша ұзарып кететін болды, әрі 2-жылға арналған лайықты оқу кітабы жоқтықтан, материалдан түгел көрсете алмайтын болдық. Жаңа бұл жасалған жоспарлар, мектеп біткенге үйлесе кетер деген үміттен аулақпыз: нобайы, долбарлар көрсетсек, егжей-тегжейін оқытушылар, мектеп жанында қолдарындағы материалдарына қарап, өздері толықтырар деп ойладық.

Ес к е р т у д і ң е ң ү л к е н і: күндік тақырыпша пәлен деген сөз екен деп, барлық сабақты (3-4 сағаттан) әңгімемен, бос сөзбен өткізіп жүрмеңіздер. Жаңа сабақты әңгімелесуден, сұраудан бастау керек деп ойламаңыздар. Балалардың көрген-білгенін, еңбегінен, серуенінен, немесе сол кітаптағы тақырыпқа келетін әңгімені оқудан, болмаса кезіндегі ауылдың науқанынан шығарып тастауға болады. Сұрау беріп әңгімелесу көп болса, 1 сағат, әйтпесе 20-30 минуттен аспау керек. Сондай уақытқа шамалап, кейбір күндік сабақтың сұрауларын да көрсеттік, мысалы: «Қора-қопсыны оңдау» деген тақырыпты, сондағы «Қыстау, құдық» деген тақырыпшаның сұрауларын беріп, әңгімелеуге қанша уақыт кетеді деп білесіз? Көп болса, 25-30 минут кету керек. Міне, әр күнгі әңгімелесу сол сияқты болу керек. Әңгіме мен жаттығу жұмысы аралас келіп отырғаны дұрыс. Әйтпесе бала жалығып қалады.

Ең соңғы XVII т а қ ы р ы п: «Қыстағы оқудың тиянағы,

жазғы жұмыстың планы»

Қыстай жаттыққан нәрселері есінде қалғанын байқау үшін, есептен:

Мың ішіндегі 4 амалмен есеп шығарту. Ұзындық мөлшері: метр, сантиметр, дициметр (шақырым, саржан, кез, бурсок).

Уақыт өлшегіштері: сағат, минут, секунд, диаграмм жасау, транспортир істеу. Қағаз, металл ақшалар. Мәселе шығарту. Салмақ өлшемдері: грамм, килограмм (пұт, қадақ). Шот қағу. Бөлімі бірдей бөлшектерді қосу, алу, солардан мәселе шештіру.

Суреттен:

Класс планын салдыру. Үй хайуандарын (ат, сиыр, түйе, қой, мысық, тауық, шөже), құстардың (қаз, тырна, қарға..) суретін салдыру. Жаратылыстағы суреттер: қар, кемпірқосақ, ай, жұлдыз, орамалдың кестесі... дөдегенің оюы сияқтылар.

Өлеңнен:

Қыстай жаттаған өлеңдерін айтқызу («Жас ұлан», «Гүлнарай», «Жастарға», «Интернационал»).

Жазудан:

Өз ойынан қысқаша әңгіме шығарту. Әдіріс, сәлем хат жаздыру. Жиналыс, мәжіліс хат жүргізу.

Тіл бақылаудан:

Бір тақпақты немесе қысқа әңгімені (мысалы, «Жаңа арнадағы» «бақа») жаздырып, сан есім, зат есім, етістік, шылау сөздерді тексеру, тапқызу.

Жалпы мағлұматтан:

Жылдың төрт мезгілін, Ай, Күн аттарын, қай айдың қаншаға бітетінін, ауа райы қалай өзгеретінін нәрсенің үш күйге түсетінін, төрт түсті білетінін байқау.

Денсаулық сақтаудан:

Беті-қолын, денесін, киімін таза сақтауын, жұқпалы аурудан (көз ауру, қотыр, қарамық, қызылша, сүзек) суықтан сақтануын, қандай суды ішетінін, кластың ауасын жаңғыртуға, таза ұстауға не қам қылатынын, кітап, дәптер, қаламдарын қалай ұстайтынын, тазалық жөнінен жолдастарына қандай әсері барлығын бақылау.

Кітап оқудан:

Қысқа әңгімені үйінде не класта оқып, қысқаша мазмұнын айтып бергізу. Кітапты тез — шабан оқитынын байқау, кем жерін ескерту. Тым жадағай білетін нәрселерді, жаз пысықтауын қарастыруын тапсыру. Жазға мынадай жұмыстар тапсыруға болады:

Әнкете (Анкета)

1. Ел жайлауға қашан қонды?

2. Қозыны қай уақытта тартты?

3. Қозылық қай шамада пісті?

4. Қозы күземін қашан алды?

5. Пішенді қашан шапты?

6. Егін қашан орылды?

7. Жайлаудан ауыл қашан қайтты?

8. Үлкен күземді қай кезде алды?

9. Күзем алғанда, пішен шапқанда, егін орғанда мен қайда едім, не істедім?

10. Торғай балапанын қашан шығарды?

11. Үйрек ше?

12. Қаз ше?

13. Бидай қашан бас алды?

14. Сұлы ше?

15. Арпа ше?

16. Тары ше?

17. Ең бұрын піскен қай жеміс?

18. Ең соң піскен ше?

19. Кімді не шақты? Қашан? Оны қалай емдеді?

20. Қашан кімнің тойы болды?

21. Кім көкпарда бәйгі алды?

22. Кім аттан жығылып мертікті?

23. Кімнен бала туды? Қашан?

24. Кім елді? Қашан? Не аурудан?

25. Кіммен кім ұрсысты, төбелесті? Неге?

Әуе райы құбылысынын календары

қатты

ыстық

жел

дауыл

Найзағайлы

жаңбыр

ақ жауын

бұршақ

Айы

күні

2 июнь

3июнь

4

5

6

3

5 июнь

24 июнь

3 июль

20

25

май

25 июль

12 июль

Е с к е р т у: Мұндағы көрсетілген ай, күндер (2 июнь, 5 июнь, май сияқтылар) тек мысал үшін қойылады. Балалар қалай жазатынын көрсін деп, оларды мұғалім тақтайға жазып көрсетіп, балалардың сызып алған календары ақ, таза болу керек.

Жел, дауыл, жаңбыр, бұршақтар қай жақтан болғанын білдіруге, оқ (←) белгісін қою керек. Теріскейден болса үстінен (↑), оңтүстік болса астынан (↓), шығыстан болса оңнан солға қаратып (→). Ал, жел, жаңбырлар әреліктен, мысалы, оңтүстік пен батыс арасынан соқса, онда сол жағынан қиғаштап қою керек.

Мұндай календарды құнттап, жаз бойы жазып отырса, әрі баланың ұқыптылығы бай болады. Әрі осыларға қарап қысты күні ауа райын шамалауға болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама