Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Күнтізбелік жоспар (математика 6,7,8,11 сыныптар )
I. ТҮСІНІК ХАТ

7-10 сыныптарда алгебраны келесі оқу төрт мазмұнды желілер айналасында құрылады: сандар және өрнектер, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтері. Бұл желілердің барлығы өзара тығыз байланыста және бірігіп әрекеттесе дамиды.
7-9 сыныптарда алгебраны оқыту математикалық білім беру жүйесіндегі аяқтаушы кезең емес, аралық кезең болып табылады. Оқушыны ары қарай оқыту оның математикалық дайындығының белгілі бір базасында жүзеге асырылады.
Мақсаты: алгебраны оқыту барысында математикалық ойлау мен есептеу біліктерін тұрақты дамыту.
Міндеттері:
- әртүрлi сандарға арифметикалық амалдар қолдану бiлiктерiн дамыту;
- формальды-шапшаң алгебралық аппаратты және оны математикалық және математикалық емес есептердi шығаруда қолдану бiлiгiн игерту;
- функционалдық-графиктiк түсiнiктердi қалыптастыру және оларды нақты тәуелдiлiктердi сипаттау және талдау үшiн пайдалануға үйрету;
- статистикалық мәлiметтердi ұсынудың және талдаудың негiзгi тәсiлдерiмен, нақты өмірдегі статистикалық заңдылықтармен таныстыру, мүмкіндігінше қарапайым түсiнiк беру.
matem.zip [133,45 Kb] (жүктелді: 5492)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама