Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Күш. Масса. Ньютонның ІІ заңына есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның ІІ заңына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның ІІ заңына есептер шығарту.
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлікпен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа,, сыйластықпен әдептілікке үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, есептер шығару.
Пәнаралық байланыс: Математика.
Сабақтың көрнекіліктері: Электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақта.
Болжамдалған нәтиже: Ньютонның ІІ ші заңы тақырыбындағы білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, теориялық және практикалық есеп шығару арқылы білімдерін арттыру.

Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі – 1мин.
1. Сабаққа дайындығын тексеру;
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Негізгі бөлім. – 31 мин.
1. Электрондық оқулықтан мысал көрсету;
2. Тәжірибелер көрсету ( күшке);
3. «Миға шабуыл» сұрақ – жауап;
4. «Кім жылдам» есептер шығару;
5. Сәйкестікті тап;
6. «Сабақты пысықтау. (оқулықпен жұмыс);
7. Сөз жұмбақ шешу.
ІІІ. Сабақты қорытындылау. – 2мин.
Жұмбақ шешу.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма – 1мин
Сабақтың барысы

ІІ. Негізгі бөлім. – 31мин
1). Электрондық оқулықтан мысал көрсету;
2). Тәжірибелер көрсету күшке);
3). «Миға шабуыл» сұрақ – жауап;
1. Динамика нені зерттейді?
2. Күш дегеніміз не?
3. Күштің түрлерін ата.
4. Ауырлық күші және серпінділік күші дегеніміз не?.
5. Ғалымдардың суретінен И. Ньютонды көрсет.
6. Дененің массасы.
7. Ньютонның ІІ заңы қалай тұжырымдалады?
4). «Кім жылдам» есептер шығару

9 - жаттығу. №1 есеп.
Бір денеге 8Н және 6Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. Осы екі күштің тең әрекетті күші неге тең?

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама