Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбы бойынша есептер шығару
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбы бойынша есептер шығару.
Мақсаты:
1. Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есептер шығарғанда қолдана білу.
2. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылық пен еңбек етуге баулу.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың типі: Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакатта жазылған есептер, карточкалар.
Пән аралық байланыс: әдебиет
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік құрылымнан тұрады.
I. Оқушылық деңгей.
II. Алгоритмдік деңгей.
III. Эвристикалық деңгей.
IV. Шығармашылық деңгей.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын арттыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру: №134(комплексті)

III. Негізгі бөлім.
I. Оқушылық деңгей (зерде ойыны)
1) х^2 - 11х+=0
Д=121 - 40=81
х_(1/2)=11±9/2; х_1=10; х_2=1.
Бір тал кессең (он тал ек)
2) х^2 - 8х+7=0
k=- 4 Д=k^2 - q=16 - 7=9
х_(1/2)=4±3; х_1=7; х_2=1.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3) х^2 - 9х+8=0
Д=81 - 32=49
х_(1/2)=9±7/2 х_1=1; х_2=8.
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы)
4) х^2 - 70х+1200=0
k=- 35 Д=25
х_(1/2)=35±5; х_1=30; х_2=40
Ұлға 30 үйден (қызға 40 үйден тыю)
5) х^2 - 14х+49=0
k=- 7; Д=49 - 49=0; х=- k=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
6) х^2 - 10х+24=0
k=- 5; Д=25 - 24=1
х_(1/2)=5±1; х_1=4; х_2=6.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді)

II. Алгоритмдік деңгей (үндемес ойыны: Тест)
1) Жалпы квадрат теңдеуінің формуласы
а) х^2+pх+q=0;
в) 〖ах〗^2+вх+с=0;
с) 〖ах〗^2+с=0
2) х^2+6х - 7=0 теңдеуінің коэффиценттері мен бос мүшесін атаңдар.
а) а=0 в=0 с=- 7
в) а=1 в=0 с=1
с) а=1 в=0 с=- 7
3) Егер с>0, Д<0 болса,="" онда="" теңдеудің="" неше="" түбірі="">
а) екі оң түбірі;
в) екі теріс түбірі;
с) түбірі болмайды.
4) Теңдеуді х^2+вх+с=0 түрінде жазыңдар: х(2х - 3)=5 - 4х
а) 〖2х〗^2+х - 5=0;
в) 〖2х〗^2 - 2х+5=0;
с) 〖2х〗^2 - 7х - 5=0.
5) х2+2х - 15=0 теңдеуінің ең кіші түбірін табыңдар:
а) - 5;
в) - 3;
с) 3.
6) Теңдеудің неше түбірі бар: 25х2 - 10х+1= 0
а) бір түбірі;
в) екі түбірі;
с) түбірі жоқ.
7) Теңдеуді шешіңдер: 8х2 - 6х+1= 0
а) х1 =0, 5; х2= - 0, 25.
в) х1= - 0, 5; х2= - 0, 25.
с) х1=0, 5; х2=0, 25.

III. Эвристикалық деңгей. (математикалық лото)
1. х2 - 2х - 35= 0
2. х2+4х+3 = 0
3. х2 - 7х+12= 0
4. х2+10х - 11= 0
5. х2+10х - 11= 0
6. х2 - 6х+8=0

Дұрыс шешімі:
5) х1=5; х2=3.
2) х1= - 1; х2 =- 3.
1) х1= - 5; х2= 7.
6) х1= 4; х2= 2.
4) х1=4; х2= 1.

IV. Шығармашылық деңгей.(Өз бетімен жұмыс) “Ақ серек, көк серек ойыны”
Оқушылар білімдеріне қарай деңгейлерін өздері таңдайды.
- күрделі - орташа - жеңіл
№141(1; 4) №136(1; 2) №133(2; 7)
Білімдерін өзін - өзі, бірін - бірі бағалайды, мұнда әр оқушы өзін еркін сезінеді, шеттеп қалмайды.
V. Үйге тапсырма:
VI. Бағалау. Бағалау парағына әр деңгейлік сатының бағалары қойылып, қорытынды баға шығарылып, білімдері тексеріліп бағаланады.
VII. Қорытынды: Оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар жүйесімен оқушының қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары сатына көтерілуіне мүмкіндік беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама