Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ләйлә Сұлтанқызы: Қазақтағы ең ауыр сөз қандай?

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақ тіліндегі ең ауыр сөздің не екенін сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Бұл жазба көпшіліктің қызу талқылауына себеп болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сұлтанқызының айтуынша, көпшілік қазақтағы ең ауыр сөз ретінде «тәрбие көрмеген» деген тіркесті атайды екен. Ол оқырмандарын өздері үшін ең ауыр тиетін сөзді бөлісуге шақырды.

Оқырмандардың пікірлері

Тележүргізушінің сауалына жауап берген желі қолданушылары әртүрлі ойларын білдірді. Кейбірі «тексіз», «тұқымы жаман» деген сөздерді ауыр санайтынын айтса, енді бірі ата-анасына қатысты айтылған сөздердің жанына бататынын жеткізді. Сондай-ақ, «топа» сөзі де кейбір адамдарға қатты әсер ететінін атап өтті.

Алайда, кейбір оқырмандар үшін ең ауыр сөз «Бекем бол» екені де белгілі болды.

Жаңалықтар

Жарнама