Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Ашық сабақ: 11 сынып: Алгебра және анализ бастамалары қоғамдық гуманитарлық бағыт
Интеллектуалдық ойын түрінде өткізілген сабақ.

Тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыстануға, алған теориялық білімін есеп шығаруға қолдана білуге тәрбиелеу,
Дамытушылық: Математика сабағына қызығушылығын арттыру, Оқушының ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, дәптермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, оқу құралдарын қадағалау. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
2 - бөлім. Ой сергіту: “Кім жылдам?” (Үй тапсырмасын сұрау)
Интерактивті тақтада алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап беру.
1. Функция анықтамасын айтыңыз.
2. Теңдеу дегеніміз не?
3. Логарифмдік функцияның анықтамасын айтыңыз.
4. Логарифмді функцияның қандай қасиеттері бар?
5. Логарифмдік теңдеуді шешу ережесін айтыңыз.
6. Логарифмдік теңсіздікті шешу теоремасын айтыңыз.
3 - бөлім. “Біліміңді байқап көр”. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. 145 бет: №334, №335, №343, №345 есептерді шығару.
4 - бөлім. Сергіту сәті: “Мақал жарыс”.
Санмен байланысты немесе ішінде сан кездесетін мақалдар айту,(Мысалға: 2 жарты 1 бүтін, 40 бір жақ, қыңыр 1жақ т. с. с)
5 - бөлім.”Біліміңді байқап көр”
Оқулықпен, дәптермен жұмысты әрі қарай жалғастыру. № 337, №340 есептерді шығару.
6 - бөлім. “Жекпе жек” (Сабақты қорытындылау.)
“Логарифмдік функция” тарауы бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қояды. Егер қойылған сұраққа жауап беретін оқушы табылмаса. Сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Бұл оқушының жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
7. бөлім “Жеңімпаздарды атаңдар”
Кім қандай білім деңгейін көрсеткенін оқушылар көзімен, сабаққа жақсы қатыcқан оқушыларды бағалау. Мұндай бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы достықты нығайтады.
Үйге тапсырма № 344, №341 есептер. ІІІ тарауды қайталау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама