Photo: Mesut Yalçın (https://www.pexels.com/@mesut-yalcin-1233429888) / Pexels
- 25 мам. 2026 04:00
- 19
«Мадинаш тірі болғанда...»: Мадина Ералиеваның сіңлісі әпкесін сағынышпен еске алды
Белгілі әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира әлеуметтік желідегі парақшасында архивтік фотолар жариялап, марқұм әпкесін сағынышпен еске алды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фотоға түсіруді жаны сүйетін
Сағира жазбасында әншінің суретке түсуді және ерекше сәттерді таспалауды қатты жақсы көретінін айтты. Оның айтуынша, 90-жылдары цифрлық фотоаппараттар жаңа шығып жатқан кезеңнің өзінде Мадина Ералиева естелікке толы сәттерді түсіріп, суреттерді бірден шығарып алатын болған.
«Ескірмеген суреттер! Мадинаш қазір тірі болғанда, Бибігүл апасымен бірге талай қызықты сәттерді суретке түсіріп жүрер ме еді?! 90-жылдары цифрлық фотоаппарат енді шығып жатқан уақыт еді. Сол кездің өзінде Мадинаш ерекше сәттердің бәрін түсіріп үлгеретін», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жазба астына жылы лебіздерін қалдырып, әншіні сағынышпен еске алды.