Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 26 минут бұрын)
Магнус Карлсен қазақстандық шахматшы қызбен бірге түскен суреттен кейін шағымданды

Әлемнің 16-шы чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Германияда өткен Grenke Freestyle Open турнирінде қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманмен болған жағдайдан кейін талқыға түсті.

Екінші айналым басталмас бұрын Нұрман Карлсеннің жанына барып, бірге суретке түсуді өтінген. Карлсен келісіп, қарсыласымен бірге селфи жасап, күлімдеп тұрды.

Алайда, көп ұзамай Карлсен жарыс ұйымдастырушыларына хабарласып, шахматшының жанында ұялы телефоны болғанын айтты. Турнир ережесі бойынша, ойын кезінде телефонды пайдалануға немесе тіпті алып жүруге тыйым салынған. Нәтижесінде, арбитр ойын басталмай тұрып, ережеге сәйкес Нұрманнан құрылғыны алып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың соңында Магнус Карлсен әлемдік аренада өз деңгейін тағы бір рет дәлелдеген болатын. 28 желтоқсанда ол рапидтен әлем чемпионы атағын жеңіп алды, бұл оның мансабындағы алтыншы титулы болды.

Жаңалықтар

Жарнама