- 07 жел. 2021 00:00
- 176
Малдарды және өсімдіктерді жаппай зақымдаушы қарулардан қорғау
Малдарды жаппай зақымдаушы қарудан топтап қорғау үшін бірінші кезекте мал қоралары пайдаланылады. Мал қораларын дайындау ең алдымен оларды ауа өткізбейтіндей етіп бітеу: төбесіне шлак немесе құм төгіп қалыңдату, төбесін лаймен, известьпен және басқа ерітінділермен сылайды, есіктердің саңылауларын бітейді кірпішпен немесе жапқымен жабады, қарапайым желдету жүйесін жасайды, сыртқы қабырғаны 1,5 м биіктікке дейін көмеді. Өрт болмауы үшін фермалар территориясы тазартылып, айналдыра айдалып тасталады. Мал қораларында мал азығының 5-7 тәуліктік запасы жасалады. Мал азығының тағыда 7-10 тәулікке жететін запасы фермаға жақын жерге тасылып қолда бар материалдармен бүркеледі. Су көзі де ауа өтпейтіндей етіп жабылады, орталықтанған сумен жабдықтау болмаған жағдайда оның қоры жасалады. Малдар түрлі жұқпалы аурулармен ауырмас үшін арнаулы малдәрігерлік алдын алу шаралары жасалады. Ірі қалалар мен объектілерге жақын жердегі малдар транспортпен немесе айдап қауіпсіз аудандарга жеткізіледі. Жайылымдағы малдарды қорғау үшін жергілікті жердегі пана болатын орындар пайдаланылады, бастырма қораларды, бар жерлерде катондарды косымша жабдықтайды, малдарды радиоактивтік тозаң түсуі мүмкін деп есептелінген жерлерден қауіпсіз жерге айдап апарады немесе тасиды.
Малдарды бағатын адамдарды қорғау үшін ішкі бөлмелердің бірі жабдықталады немесе қоражайларға жақын жерге радиацияға қарсы паналау орны салынады. Жаппай зақымдаушы қарудың зардабын жоюға арналған кұралдардың запасы жасалады, зақым ошағында жұмыс істеу үшін ауыл шаруашылығы техникасы дайындалады, зақым ошағы пайда болған кезден бастап азаматтық қорғаныстың тиісті бастығының шешімі негізінде малдарды қорғау жөніндегі шаралар жүргізіледі. Оған мыналар жатады: ошақтарды барлау; әрбір шаруашылықтағы жағдайды бағалау; малдарды құтқару мен қорғау шаралары; оларды емдеп, көмек көрсету; территорияны, кұрылыстарды, техниканы зарарсыздандыру, дозиметриялық бақылау жасау; зақымданған малдар мен құстарды шаруашылықтың пайдалануы жөніндегі мәселені шешу.
Өсімдіктерді корғайтын лаборатория мен командалар кұру, өсімдіктердің аса қауіпті ауруларына қарсы күресу үшін улы химикаттардың запасын көбейту, өсімдіктердің аурулар мен иондаушы сәулелерге төзімді тұқым сорттарын шығару арқылы жүргізіледі. Халық өсімдіктердің зақымдану белгілерімен хабардар болуға тиіс. Топырақтың зақымдануы ұдайы бақылауға алынады.
Егер дұшпан жаппай зақымдаушы қаруды қолданса, өсімдікті қорғау үшін агротехникалық және химиялық әдістерді қолданып, оның зиянды әсерін жою керек. Аз зақымданған жерлер адамдардың тамағына, сауын сиырлардың азығына пайдаланылатын дақылдар өсіруге, ал қатты зақымданған жерлер мал азығындық және техникалық дақылдар өсіруге бөлінеді.
Химиялық зақымға ұшыраған егістік пен мал жайылымы өзі газсызданғанша қоршалып тасталады. Дұшпан әр түрлі гербицидтер, дефолианттар қолданған жағдайда лабораториялық қорытындыдан кейін зақымданған егістік шабылып, кептіріліп, кейіннен мал азығына пайдаланылуы мүмкін. Гербицидтер де жаңбырлатқыш қондырғылармен жуылады, немесе егістік гербицидтерді зарарсыздандыратын заттармен (антидоттар) өңделеді.
Дұшпан биологиялық қару қолданған жағдайда қорғаныс өсімдіктер зарарсыздандырылады. Агротехникалық, механикалық, биологиялық және химиялық әдістерді комплексті қолдану жақсы нәтиже береді.