Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Малдың төлін сүюі
Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты: а) Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы түсінік беру. Төрт түлік туралы түсіндіру.
ә) Оқушылардың сөздік қорын дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: проектор. төлдердің суреттері, слайд, жіңішке дауысты дыбыстар
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
Психологиялық даярлық
Қатар қатар тізіліп
Оқушыға лайық
Түп түзу боп тұрайық
Ана тілі сабағын
Жанымыздай сүйеміз
Сауатты әрі әдемі,
Жазуларды түзейміз.

- Балалар біздің бүгінгі сабағымыз «Ойын» сабағы. Оның ішінде «Балапандарды құтқару»ойынына арналады. Жаймашуақ ашық күнде балапандарымен қыдырып жүрген тауықты аңдып тұрған түлкі балапандарын ұрлап әкетеді.
Енді біз тауыққа көмектесейік.
Түлкі болды қауіпті,
Әкетіп жүр тауықты.
Қу түлкі үлкен дорба беріп жіберіпті. Ішінде хат бар екен. Егер осыларды орындасақ түлкі балапандарды жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ балапан түлкіге жем болады.

1 тапсырма
«Үй тапсырмасын тексеру:»
– Үйге берілген тапсырмаларды талдау, мәтінді оқыту Өте жақсы біз бұл тапсырманы орындап бір балапанды құтқардық.

2 - тапсырма
Ал енді Осы тауық сөзіне талдау жасап бер деген тапсырма беріліпті
Тауық
Буын- 2
Дыбыс - 5
Әріп - 5
Т дауыссыз
А дауысты, жуан
У дауыссыз
Ы Дауысты, жуан
Қ дауыссыз
Сонымен бірге төлдерді атап шығайық.
Балалар, біз сендермен қандай төрт түлік малдармен таныс болдық,? Олардың балалары болатынын білдік. Кім айтады олар балаларын жақсы көреді ма? Ал сендерді ше? Кім деп еркелетеді.

3. тапсырма
Төрт түліктің төлдері болады. Олар да балаларын жақсы көреді Оны қалай білеміз? Егер қозыны не лақты тығып қойсақ, іздеп маңырайды. Яғни бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы не деп
ойлайсыңдар?
- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Малдың төлін сүюі»оқулықтан дауыстап оқимын.

4 тапсырма
Ә) Оқушылар кезекпен оқуы
5 - тапсырма
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу
6 тапсырма
Сергіту сәті:
Мен тиінмін тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қойма толы жаңғаққа
Іші толы үйімнің.

7 - тапсырма39 - жаттығу (ауызша)
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай өтіледі? Жуан ба? Жіңішке ма?
ЕРЕЖЕ Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады

8 тапсырма
V. тапсырма Жаңа материалды пысықтау
Дәптермен жұмыс
Тақтамен жұмыс
40 - жаттығу Өлеңді оқып жуан айтылған сөздерді теріп дәптерге жазу.
Қолғап. Қой, маған, қалпақ

9. тапсырма:
Жаңа сабақты қорыту.
Төрт түлік мал туралы білген болсақ, ендеше олардың төлдерін топтастырайық
VІІ. Бекіту: Схема пайдалану
Бие----- Ботақан
Ешкі---- құлын
Қой -----Бұзау
Сиыр----Лақ
Түйе ----қошақан

10. тапсырма Түлкі сөзін талдау
Міне, балалар қу түлкіден балапандарды құтқарып болдық. Нені білдік? Қандай мәтінмен таныстық. Жуан және жіңішке айтылатын сөздермен таныстық
Сонымен түйін
« Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын мамам
Болайын мен де аман.»

VIII Үйге тапсырма, бағалау Өлеңді мәнерлеп оқып келу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама