Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мамандығым – мақтанышым

Мұғалім мамандығыбарлық маманықтардың анасы. Мұғалімге барлық адам бас иеді, ол мейлі қоғм қайреткері болсын,  ол ел басқарып отқан басшы болсын, не қарапайым жұмысшы да бәрі мұғалімнен тәлім - тәрбие, оқу- ілім алып шығады.

Қазақтың алғашқы ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин « Маған жақсы мұғлім бәрінен де қымбат, өйткені – мұғалім мектептің жүрегі»деп айтқандай мектепте баланың бойына ата- анадан кейінгі ақыл-ой , әдептілік, ар- ұятты сіңдіруші адам – мұғалім. Сондықтанда ол мектептің жүрегі іспеттес. Мен мұғалімдік мамандықтың ауыр мамандық  екенін біле тұра, өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Мен балаларды өте қатты жақсы көремін. Мен әр баланы тұлға деп қабылдап, олармен ашық сырласып, олардың болашаққа деген қадамдарына  жол  ашқым келеді.  Әр баланы жақсы  азамат қып шығарғым келеді. Мен негізі көп ізденгенді, көп оқығанды ұнатамын. Мен көрген, естігенімнің  бәрін жадымда жақсы сақтаймын, аңғарымпазбын.  Бұл ұстаздың жаратылысында болу керек қасиеттер. Сонымен қатар менің бойымнан төзімділік, сыпайылық, тазалық, еңбек сүйгіштік қасиеттер табылады. Мен адамгершілік қасиетті жоғары бағалаймыын.Мендегі осы қасиеттерімді болашақ шәкірттерімнің бойына сіңіргім келеді. Мен ол үшін көп еңбектенемін. Жан-Жак Руссо айтқандай: «Ұстаз болу- өз уақытын аямау, басқаның  бақытын аялау».

Мен мұғалімдік мамандықты өзім ұнатып таңдадым. Мен болашақта әр уақытымды баланың бойына жақсы тәрбие, мықты білім алып шығуына арнаймын. Ұстаздық негізі- ұлы мамандық. Кез келген адам бұл мамандықты таңдай бермейді, жүрексінеді. Ол балаға мейірімі бар, білімге құштар, батыл,ержүрек болуы тиіс.Менің бойымда осы қасиеттер әрдайым болуы үшін көп еңбектенемін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама