Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мамандықтың бәрі жақсы
Тіл дамыту
Білім беру сапасы: қатынас

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: 1. Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
Міндеттері:
1. балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: триз әдісі
Көрнекілігі: Мамандықтар түрлерінің суреті, сандық.

Сабақтың ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбиеші: Балалар сәлеметсіңдер ме! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане қарайықшы. Олай болса бүгінгі тіл дамыту сабағымызды бастайық.
(есік қағып қоян кіреді)
- Қоян сізге не болды?
- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, мені машина қағып кетті.
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?
- Қоянды кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар. Қоянның көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.
- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды. (Құрылысшы)
2. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)
3. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын. (шаштараз)
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер (құрылысшы, милиционер, шаштараз). Бұл сөздер нені білдіреді?
- Әрине мамандықтар туралы. Себебі біздер бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.
Енді орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Терезені ашайық,
Таза ауа жұтайық.
Тез – тез, тез – тез отырып,
Орнымызды табайық.
Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық.
Мысалы – дәрігер маманы кім? – ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.
Аспазшы маманы кім? – дәмді ас пісірумен айналысады.
Құрылысшы маманы кім? – көп қабатты, зәулім үйлер салады.
Мұғалім маманы кім? – оқу мен жазуды, білім беретін апай.
Май қызметкері кім? – елдің тыныштығын қорғайтын маман.
Сатушы кім? – ол азық – түліктер сататын адам.
Шаштараз маманы кім? – түрлі шаш сәндейтін адам.
Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Кім болуды қалаймыз.
Олай болса кім аспазшы болғысы келеді?
Олай болса кім мұғалім болғысы келеді?
Олай болса кім май қызметкері болғысы келеді?
Олай болса кім сатушы болғысы келеді?
Олай болса кім шаштараз болғысы келеді?
Кім дәрігер болғысы келеді?
Олай болса кім құрылысшы болғысы келеді?
- Тәрбиеші балалардан әр мамандықтың іс қимылын әңгімелеп сұрайды.
- Балалар сатушы не істеп жатыр? (ол азық - түлік сатып жатыр)
Балалар біздің ортамызға дәрігер келді. Қоянды дәрігер емдесін.
Дәрігер:
Жақсы оқып сабақты,
Білім алып толамын.
Ауруларды емдейтін
Мен дәрігер боламын.
Шаштараз:
Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолыңа
Түрлі – түрлі шаш қиып
Қызмет етем халқыма.
Сатушы:
Жақсы оқып сабақты
Мақсатым бұл ұраным
Үлкен болып өскенде
Сатушы боп тұрамын.
Май:
Елге қызмет етемін
Шаршамаймын мен бірақ
Күні – түні май боп
Ұйықтамаймын мен бірақ.
Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мұғалім:
Мұғалім, аспазшы
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын
Аспазшы:
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.
- Балалар қоянды емдеп жаздық. Енді жол ережесін май қызметкері түсіндіріп жолдан жүргізіп көрсетсін.
- Жарайсың, қоян, енді жол ережесін үйрендің бе.(үйрендім)
- Олай болса сен бізге қонақ бол.
- Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз тақтадағы суретке қарайық.

Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бәріміз тақтадағы ойынның шартымен танысып өтейік.
Шарты: тақтадағы суреттерге қараймыз, қай сурет мамандыққа керек. Соны тез тауып айтамыз.
- Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.
- Бірге ойнайсыңдар ма?
- Ендеше «Сен өскенде кім болғың келеді?» ойының ойнайық.
- Шарты: Қоян доп лақтыру арқылы әр бала өз ойын айтады.
- Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін. (алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар.

Қорытынды:
- Бүгін балалар қандай тақырыпта әңгімелестік?
- қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар?
Жарайсыңдар балалар қазақта мынадай мақал бер, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей», «Еңбектің – наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
Балалар ерінбей еңбектеніп сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Мадақтау: Бүгінгі сабаққа балалар өте жақсы қатыстыңдар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама