Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мақал - сөздің мәйегі
Сабақтың тақырыбы: Мақал - сөздің мәйегі.
Сабақтың мақсаты: Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету.
Сөз қорын молайтып, ақыл - ойын дамыту
Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, асықтар
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру
Оқушылар ішінен 8 оқушыны таңдап алу.

II. Негізгі бөлім.
- Мақал – мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады, айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз ер жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Мақалда қорытынды айтылады, ал мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген - ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

1 - бөлім. Бұл бөлімде оқушылар батырлық, отан, туған жер, достық туралы
Мақалдар айтып жарысады. Ұпай орнына асық беріледі.

2 - бөлім. Бұл бөлімде мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар сол мақалдың
жалғасын табулары керек.

Қына тасқа бітеді,....../Ақыл жасқа бітеді/
Білекті бірді жығар,.../Білімді мыңды жығар/
Бір тал кессең,.../он тал ек/
Тау мен тасты жел бұзар,.../Адамзатты сөз бұзар/
Шебердің қолы ортақ,.../Шешеннің сөзі ортақ/
Еңбексіз өмір -..../сөнген көмір/
Отансыз адам -..../ормансыз бұлбұл/
Ынтымақ болмай,..../іс оңбас/
Ырыс алды -..../ынтымақ/
Күш -...../білімде/
Досы көпті жау алмайды,..../Ақылы көпті дау алмайды/
Өнер алды -.../қызыл тіл/
Тіл тас жарады,..../тас жармаса бас жарады/
Ағайын - алтау,.../ана біреу/
Әкеге қарап ұл өсер,.../Шешеге қарап қыз өсер/

3 - бөлім. Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Бұл бөлімде жұмбақтар оқылады,
Оқушылар сол жұмбақтың жауабына қатысты мақал айтады.

Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
/су/

Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын
/жаңбыр/

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
/күн/

Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды.
/ит/

Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
/кітап/

4 - бөлім. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
Екі көзі төрт болды.
Таяқ тастам жер
Тайға таңба басқандай
Ат шаптырым жер
Құлақ түру
III. Қорытындылау. Ұпайы көп оқушыны анықтау, жеңімпазды мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама