- 05 нау. 2024 04:08
- 186
Мақтаншақ Қоян
Мақтаншақ Қоян
Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс - жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.
Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды.
- Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым - мұрт - ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді. Мен ешкімнен қорықпаймын! Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді: - Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын! - Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! - дейді Қарға. Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен. Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.
Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып: - Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! - деп ризашылығын білдіреді.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы