Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 минут бұрын)
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды: Димаш Құдайберген бе, әлде Сәкен Майғазиев пе?

Ораза айындағы қайырымдылық шарасы жұртшылықты елең етті. Белгісіз бір азамат, бетперде киген күйі, 30 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстап, шамамен бір миллион долларға жуық қаражатты қайырымдылыққа жұмсады. Бұл игі іс көпшіліктің назарын аударып, «Маскадағы адамның» кім екені туралы сан алуан пікірлер туындады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кімге ұқсатылды?

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында бұл оқиғаны бөлісіп, «Ораза айында бетпердедегі жігіт 30 отбасына 30 пәтер сыйлады. Осы жігіт кім? Қалай ойлайсыз?» деп желі қолданушыларына сауал тастады.

Желідегілердің бір бөлігі бұл қайырымдылықты әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жасаған ісі болуы мүмкін деген болжам айтты. «Димаш», «Біздің Димаш қой», «Димаш сияқты» деген пікірлер көптеп кездесті. Тіпті кейбірі Димаш Құдайбергеннің туыстары арқылы осындай игі іс жасап жатқан шығар деген де жорамалдар айтылды.

Ал екінші бір топтың пікірінше, бетперде киген азаматтың келбеті танымал әнші Сәкен Майғазиевке қатты ұқсайды екен. «Бұл Сәкен Майғазиев қой», «Сәкенге қатты ұқсайды екен» деген жазбалар да желіде тарады.

Қайырымдылықтың иегерлері

Айта кетейік, бұл қайырымдылық шарасы аясында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және асыраушысынан айырылған азаматтар баспаналы болды. Жаңа пәтерлер толық дайын күйде табысталды.

Бұл оқиғаға қатысты танымал актер Алмат Сақатов та өз пікірін білдірген еді. Ол «Маскадағы адам» атанған блогердің кім болуы мүмкін екендігі туралы сұраққа жауап беріп, ел естімеген жаңалықтарды айтқан болатын.

Жаңалықтар

Жарнама