Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 55 минут бұрын)
Президенттің шұғыл тапсырмасы: Қазақстанның күштік құрылымдары тәулік бойы жұмысқа көшті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайдың күрделенуіне байланысты елдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың Қазақстанға ықтимал әсерін ескере отырып, жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеуді міндеттеді. Бұл жұмысқа барлық күштік құрылымдар мен тиісті министрліктердің басшылары тартылады.

Күштік құрылымдар күшейтілген режимде

Президенттің тапсырмасы бойынша, барлық күштік органдар тәулік бойы жұмыс істейтін күшейтілген режимге көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі үйлестіретін арнайы мониторинг тобы құрылып, жұмысын бастады.

Аймақтарға да тапсырма берілді

Сонымен қатар, өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдау және ахуалды бақылауда ұстау тапсырылды.

Жаңалықтар

Жарнама