Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 30 минут бұрын)
«Маскадағы жігіт» кім болды? Мадияр Серікбай көрермендерді тағы бір таңғалдырды

Қазақстанда мұқтаж жандарға жасырын көмектесіп жүрген «маскадағы жігіт» туралы әңгіме көптен бері айтылып жүрген еді. Осы тақырыпқа қатысты «Өнер Қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбайдың жаңа видеосы желіде қызу талқыға түсті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актер өзінің әлеуметтік желі парақшасында «маскадағы жігітпен» кездескенін мәлімдеп, жұрттан сүйінші сұрады. Видеода ол: «Ал, халайық, сүйінші! Еліміздегі мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген жанашыр азаматпен кездесу сәті туды», — деп қуанышын бөлісті. Сондай-ақ, алдағы уақытта аталған азаматпен бірлесіп жұмыс істейтіндерін де айтып қалды.

Пранкке айналған кездесу

Видеоның қызықты тұсы – «маскадағы жігіт» бетпердесін шешуге ыңғайланғанда, көпшілік оның кім екенін білуге асықты. Алайда, маска алынған сәтте барлығын күтпеген жағдай күтіп тұрды. Кадрдан Мадияр Серікбайдың әріптесі, актер Жанболат Найзабековтің жүзі көрінді. Бұл көрініс көпшіліктің күлкісін келтіріп, желідегі шуды әзіл-оспаққа айналдырды.

Көрермендердің пікірі

Жарияланған видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары бұл жағдайды әзілкештердің кезекті пранкі деп бағалады. «Ақыры кім екенін білетін болдық па деп күтіп едім», «Маскалы адам қалайша бетпердесін шешті десем…», «Пранк екен ғой» деп жазды олар.

Жаңалықтар

Жарнама