Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Математика - қайталау сабағы
Сабақтың тақырыбы: Математика - қайталау сабағы
Сабақтық түрі: ертегі сабақ
Білім беру мақсаты: 1 - 10 дейін тура және кері санау, қосу, азайту, артық, кем, тең ұғымдарды қайталау, білімдерін бекіту, бақылау.
Тәрбие мақсаты: Ойын арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, сыйластыққа достыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: балалардың зейінін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, сауат ашу, көркем әдебиет.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегі атрибуттар, мазмұнды суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу
2. Балалардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық ахуал:
Қалың қалай, балақай?!
Болмайықшы шалақай
Көңілімізді көтеріп
Күлейікші алақай!- деп бір - бірімізге қарап күлейік.
- Ал, енді балалар орнымызға отырайық
1, 2, 3 сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Жаңа сабақ: - Балалар, жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Дүрыс, күз мезгілі. Табиғатта қандай өзгеріс бар?( балалардың жауабы)
- Балалар, бүгінгі біздің математика сабағымыз жай сабақ емес, ертегі сабақ түрінде өтеді.
Бүгін біздің математика сабағымызға «Шалқан»ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр және әр кейіпкер әр - түрлі тапсырма әкелді. Біздің даярлық тобымыздың балалары математика сабығын қалай біледі екенін тексеруге келді және жөғары сыныптардан мұғалімдер қонаққа келіп отыр.. Сондықтан «Шалқан»кейіпкерлері берген тапсырманы орындаймаз ба, балалар?(балалардың жауабы)
- Өте жақсы
- Ал енді балалар біздің бақшада өскен шалқан күзде үп - үлкен боп өсті.. Біздің күшіміз оны жылып алуға келмейді. Сондықтан біз «Шалқан». ертегі кейіпкерлерін көмекке шақырамыз.
- Балалар мен сендерге айтқам, ертегі кейіпкерлері келген сайын 1 тапсырма береді, тапсырманы орындасақ, бізге көмектеседі. Қалай, шақырайық па көмекке? ( балалардың жауабы)
1. Атамыздың тапсырмасы:- 0 - 10 дейін тура және кері санау.(хормен, 1 - 3 оқушы жеке жауап береді)
2. Апамыздыздың тапсырмасы: - Санамақ заттарды, сандарды салыстыру (сурет арқылы)

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып аламыз.
3. Немересінің тапсырмасы: Ойын «Көршісін тап»
* 4 *, * 2 *, * 6 *, * 8 *.
4. Иттің тапсырмасы: Санамақ заттар арқылы есеп құрастыру және жауабын табу.
5. Мысықтың тапсырмасы: Таяқшалардан геометриялық пішіндер құрастыру.
6. Тышқанның тапсырмасы: Сандарды қатыстырып сөйлем құрау.
(үш - төрт баланы қатыстыру) Мысалы: Сағат үште мектепке келдім. т. б.
- Балалар, біздің шалқан қандай боп өсті? Енді осы кейіпкерлердің көмегімен біз шалқанды жылып алдық. Тапсырмаларды бәрін орындадық.

Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Тапсырмаларды жақсы орындаған үшін сендерге атамыз жұлдызша сыйлайды. Ертегі кейіпкерлеріне біз үлкен рахмет айтып, сабағымызды аяқтайық.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Абылайхан атындағы орта мектеп
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Шонаева Майра Тогобайқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама