Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Математика қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, алған білімдерін кеңейте түсу,
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін, математика пәніне деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі.: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой - қозғау, түсіндіру.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: күз суреттері, жемістер, слайд.

I Психологиялық дайындық.
Күз туралы видео.
Балалар жақсы әуен тыңдау арқылы, көңіл күйімізді көтереміз, айналадағы адамдарға жақсылық тілейміз.
Бейнебаянға назар аударамыз.
Қандай мезгіл? Күзде қандай өзгерістер болады?
Күз байлық, молшылық, жеміс - жидек, көкөніс, бидай пісетін кез. Күз қызу еңбек., қауырт жемістің кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. Біз де бүгін еңбек етеміз, бірақ біздің еңбегіміз білімдерімізбен көрсетіледі.
Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.

2. Ойын «Кім тез?»
39+58
69+13
18: 6
21: 3
28: 4
16: 4
58 - 13
48 - 19
27: 9
5*2
Қатысқан оқушыларды марапаттау.
Балалар тағы да экранға назар аударамыз. Күзгі бақ туралы не айта аламыз?
Күзде жеміс - жидек пісетін кез. Бақта алманың иісі аңқиды. Жүзім де піскен.

3. Кітаппен жұмыс.
12: 6+38 - 17
58 - 15+6*4
69+2*7 - 13
15: 3+48 - 12
Қатысқан оқушыларды марапаттау.
Оқушылардың назарын экранға аудару. Егіс алқабында не істейді? Егісте не өсіріледі?

4. Тақтамен жұмыс.
Есепті шығар. Кері есептер шығару.
1. Айжан - 4бәліш 4*3 =12
Әкесі -? 3 есе артық
2. Айжан -? 3 есе кем 12: 3=4
Әкесі - 12 бәліш
3. Айжан - 4 бәліш 12: 3=4
Әкесі - 12 бәліш

5. Сергіту сәті.

6. Кенеттен сұрау. 9 машинада 18 жолаушы отырды. Әр машинада неше жолаушы отырды.
2 орындық қайықтарға 14 адам отырды. Неше қайық қажет болды?
Бір орамда 18 метр мата болды. Бір көйлекке 3 метр мата жұмсалды. Тігінші осы матадан неше көйлек тігеді.
20 литр шырын 5 банкаға құйылды. Әр банкаға неше литр шырын құйылды?
Оқушыларды марапаттап отыру.
Оқушылардың назарын экранға аударту.
Отан - біздің байлығымыз?- деп не үшін айтамыз? Оқушылардың жауабын тыңдау.

7. Топтық тапсырма.
1-топ: 5см шаршы сыз. Оның периметрін тап.
2-топ: Салыстыр, 2дм*18см
27см*3см
2дм 1см*21см
29см*3дм 1см
3топ, Барлығы неше үшбұрыш бар? Неше төрт бұрыш бар?

8. Өзіндік жұмыс
9. Үйге тапсырма.
10. Қорытынды. - Бүгін біз сабаққа жақсы белсенділікпен қатыстық. Күздің бізге берер сыйы мол. Себетте жиналған жемістерді алып, бір - бірімізге тілек айтамыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама