Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Математикадан сабақтар топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (слайд)
2. Анықталған интеграл, оның қасиеттері. Ньютон-Лейбниц формуласы (слайд)
3. Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
4. Анықталмаған интегралдың негізгі таблицалық формулалары (слайд)
5. Білім шыңы (сайыс)


Сабақтың тақырыбы: «Анықталған интеграл, оның қасиеттері. Ньютон - Лейбниц формуласы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға интеграл ұғымын және оның қасиеттерін түсіндіру, Ньютон - Лейбниц формуласын пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұлттық салт - дәстүрге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге, қарым - қатынасты күшейтуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жарыс түрінде, тест, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: қоржын, Ньютон, Лейбниц суреттері.
Техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлік бағдарламалар: MS Word, Active Studio.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. А. Н. Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары»
Алматы 2002
2. Н. В. Богомолов «Практические занятия по математике»
3. В. Т. Лисичкин «Математика» Москва «Высшая школа» 1991

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын және кім жоқ екенін тексеру
2. Аудиторияның тазалығын тексеру
3. Оқушыларды екі топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І. Бәйге. Көкпар.
Ұраны: «Шапқан озар, жатқан қалар»
Ойын шарты: Әр топқа үйге берілген тақырып бойынша 5 формуладан беріледі, сол формулаларды дұрыс жалғастырып жазу керек. Бірінші және дұрыс жазған топ қанжығаларына қой байлайды.
«Ньютон» тобының тапсырмасы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама