Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Математикалық Наурыз
Категория: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Математикалық Наурыз
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты:
- қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау жəне шешу, кері есептердіқұру жəне шешу.
- жақшасыз берілген əріптік, сандық өрнектерді салыстыру
- теңдеуді іріктеу арқылы жəне қосу, азайту байланысының негізінде шешу

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында шаттық шеңберін құрамын. Оқушылар дөңгелене тұрып, төмендегі өлеңді оқу арқылы бір - біріне сәттілік тілейді
Психологиялық ахуал
Бір шаңырақ астында
Қуанамыз, күлеміз
Білімнің керек екенін
Ойға түйіп жүреміз

Бір шаңырақ астында
Тату тәтті жүреміз
Қандай есеп болса да
Бірлесіп тез шешеміз
Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында өлең шумақтарының бөліктерін табу арқылы топқа бөлемін. Әр өлең шумағының авторына байланысты топтың атаулары қойылады.
Әр өлең арқылы жетелеуші сұрақтарға жауап алу арқылы авторлар туралы білімдерін еске түсіремін.
- Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
- Қазақ даласында ең алғаш мектеп ашқан кім?
- Шоқан Уалиханов кім болды?
- Ахмет Байтұрсынов туралы не білеміз?
Иә, балалар бұл кісілердің қазақ тарихындағы алатын орындары ерекше. Ендеше бүгінгі сабақта біліміміз бен алғырлығымызды ортаға салып, ауыл атына кір келтірмей белсенді болайық

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Кім алғыр?»ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу арқылы тексеремін
- Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
- Есептің сұрағы нені тап дейді?
- Қыз балалардың санын қалай таптыңдар?

Түркістан облысы, Төлеби ауданы,
Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қыдырбаева Ғалия Кісетайқызы
Үздік ұстаз байқауына
Математикалық Наурыз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама