- 05 нау. 2024 01:12
- 342
Мәтіндік құжаттарды форматтаудың негізгі әдістері
Сабақ тақырыбы: «Мәтіндік құжаттарды форматтаудың негізгі әдістері»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға Мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін
қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелілік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа пен тиянақтылыққа баулу, тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақ көрнекілігі: графопроектор, электрондық оқулық, практикалық тапсырмаға арналған үлестірме қағаздар, деңгейлік тапсырмалар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: информатика, орыс тілі, қазақ тілі, желілермен ПВЭМ аппараттық кешені
Ұйымдастыру бөлімі: (5 мин)
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Психологиялық тренинг. «Мен саған сенемін» Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.
Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: (18 - 20 мин)
Вирустарға қарсы қолданылатын бағдарламалар. Үй тапсырмасы «Халық таңдауы» телебағдарламасы түрінде өткізіледі. (бейнекөрініс) Журналист антивирустық бағдарламаларын өкілдерін телебағдарламаға шақырып, тұтынушылармен таныстырады. Әр оқушы үй тапсырмасы бойынша дайындалып келеді, топ оқушыларының ішінен 4 білім алушы EsetNod32, Avast, Doctor Web, Касперский 2012 антивирустары туралы ақпаратпен бөліседі. Әр бағдарлама өкілдері өздерінің антивирус бағдарламаларын қорғайды. Ал тұтынушылар, яғни білім алушылар сұрақтар қойып, «Үздік антивирустық» бағдарламасын таңдайды. (2 - 3 слайд)
Жаңа сабақ (15 минут) (4 - 9слайд)
ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу – екінші сауаттылық.
Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.
Форматтау – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.
Бұның барлығы мәтіндік терезенің ГЛАВНАЯ менюінде орналасқан.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:
• әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
• Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
• Беттегі мәтінді туралауға:
• жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
• мәтінді бағандарға бөлуге;
• мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
• тізім, құйма және т. б.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.