Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
М.Әуезовтың "Абай жолы" - эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себеп

Қайтқанда бөлімін оқыған әр жан үшін Ұлжанның сөзі тәлім-тәрбиенің белгісі. Ұлы ақын болу үшін қандай болу керек?Ол тәрбиелі, салмақты, ең әуелі ақылды болуға тиіс. Бала Абайдың өмірінде Зере апасының ықпалы көп. Әңгіме, аңыз, қисса айтып, зерек Абайға әдебиет, тіл, өнер дегенді сіңірген жан. Тәрбиенің тал бесігі- отбасы болса, қос ана(Айғыз, Ұлжан) мейіріміне  бөленіп, телғара атанған Абай қайтіп дана болмасқа?

Ақын болу да, тәрбиеден бөлек, ортасы да маңызды. Егер ойлансақ, Абай білім жолында сауаттын "Ахмет-Риза"- медресесінде ашып, әлем әдебиетіне деген ізденісінің арқасында бүкіл өміріне рухани азық жинаған. Әкесі Құнанбай талай отырысқа ертіп апарып, Шөже, Алшынбай, Байтастардың көзін көрген. Халқымызда "Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра" - деген жақсы сөз бар. Көпті көзімен көрген Абай үшін оның қалыптасуында ортасы мен тәрбиесінің, ізденісінің маңызы зор.

Менің ойымша, Абайдың ізденісі өз жолын табуға ықпал еткендей. . . Жалпы, апа қолында тәрбиеленген балалар еркін, әрі ешқандай қорқынышсыз өседі. Өзін қолдайтын жандардың арасында Абай да өзін дара тұлға ретінде қалыптастырды.

Қорытындылай келсем, Абайды дара да, дана ақын қылуына үш арнасы: тәрбиесі, ізденісі, ортасы негіз болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама