- 10 қаз. 2021 00:00
- 233
Махмұт Қашқари
Махмұт Қашқари (XI ғасыр) — аса көрнекті ғалым, филолог. Қарахандар мемлекетінің билеушілері әулетінен шыққан. Қашқар қаласында алған білімін Бұхар мен Нишапурда жалғастырған. Махмұт жас кезінен-ақ түркі тайпаларының тіліне, әдебиетіне және этнографиясына үлкен көңіл бөліп, қызыға зерттейді. Орта Азия жерін қоныстанған түркі елдерін түгелдей аралап, олардың өмірі, салт-дәстүрі туралы баға жетпес деректер жинайды. Осы лингвистикалық, тарихи, мәдени және фольклорлық деректердің негізінде ортағасырлық түркілер өмірінің энциклопедиясы болып саналатын үш томдық «Диуани лұғат ат-Түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбегін жазады. Бұл шығармада Қазақстан аймағы және түркі тайпалары туралы баға жетпес құнды деректер бар.
Махмұт Қашқари — алғашқы түркілік әлем картасының авторы. Дөңгелек әлем картасы мұсылман картографиясының жүйесінде елеулі орын алады. Картаның орта шеніне Қарахандар астанасы — Баласағұн қаласын орналастыруы оның түркілер жеріне, өзінің мемлекетіне деген сүйіспеншілігін білдірсе керек.
Оқуға кеңес береміз: