Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Сабақтың мақсаты: мәтіннің негізгі ойын, мазмұнын жазба түрінде жеткізу.
Білімділік мақсаты: Сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білу, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты, тақырыбы айтылады. Мұғалім оқушыларды мазмұндама жазуға даярлайды. Мәтінге жуық жазылатын екенін ескертеді.
1. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.

Қайыңның көз жасы
Тамыз айы. Күн өте ыстық. Балалар ауыл шетіндегі салқын көлде шомылып жүр. Қапан көлге жаяу барғысы келмей, әдемі өсіп тұрған бала қайыңның бұтағын сындырып алды. Сосын атына мінді де, ауыл шетіне шаба жөнелді. Мұны көрші қария көріп отырды.
Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқап, таңғалды. Ол қарияға:
- Ата. айтыңызшы. Неге су ағып тұр? - деді.
- Су емес. Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Сондықтан жылап тұр. Табиғат перзенті ағаштың да жаны, жүрегі бар, адамдардан күтім тілейді. Ал адамдардың жасайтыны осы.
Ұялған Қапан қызарып кетті. "Енді сындырмаймын, ата!" - деген сөздерді іштей қайталай берді.

2. Сөздік жұмысы. Таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру, қиын сөздерді тақтаға жазу.
Қайыңның бұтағы - ветка березы
қария - старец
табиғат перзенті - дитя природы
күтім тілейді - требует ухода
жасайтыны осы - делают вот это
іштей - про себя

3. Сұрақ - жауап кезеңі.
а) Жылдың қай мезгілі еді?
ә) Балалар не істеді?
б) Қапан не істеді?
в) Оның істеген қылығын кім көріп отырды?
г) Қапан нені байқап, таңғалды?
ғ) Ол қариядан не деп сұрады?
д) Қария Қапанға не деп жауап берді?
е) Ұялған Қапан не істеді?

4. 1 - 2 оқушы мәтіннің мазмұнын айтады.
5. Жоспар құру
а) Көлде
ә) Қайыңның көз жасы
б) Табиғат перзенті
6. Мәтінді мұғалім соңғы рет оқиды.
7. Оқушылар мазмұндама жазуға кіріседі.
ІІІ. Үй тапсырмасы. Өткен ережелерді қайталау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама