tengrinews.kz
- 23 ақп. 2026 10:00
- 19
Мексикадағы есірткі картельі басшысының өлімі елді дүрліктірді
Мексиканың Миноборогы елдегі ең ірі есірткі картельдерінің бірі "Халиско – Жаңа буын" ұйымының басшысы Немесио Осегера Сервантес, лақап аты Эль Менчо, әскери операция кезінде өлгенін хабарлады. Бұл жаңалық елде дүрлігу тудырып, бірден бірнеше штатта жаппай тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылықтың өршуіне себеп болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әскерилердің мәліметінше, картель мүшелері қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс кезінде бірнеше қылмыскер өлтірілген. Рубен "Н" (Осегера) ауыр жарақат алып, ұшақпен тасымалдау кезінде көз жұмған. Екі адам ұсталды, зымыран ұшырғыштарды қоса алғанда, ауыр қару-жарақ тәркіленді. Үш сарбаз жараланды. Бұл операцияны АҚШ билігімен бірлесіп, Мексика арнайы қызметтері қолдады. Халиско штатына қосымша күштер жіберілді.
Зорлық-зомбылықтың өршуі
Қауіпсіздік күштерінің мәлімдемесінен кейін Халиско штатында зорлық-зомбылық толқыны басталды. Бұл жағдай елдің басқа аймақтарына да тарады. Демалыс аймағы саналатын Пуэрто-Вальяртада картель мүшелері әскерилердің қозғалысын қиындату үшін көліктерді өртеп, жолдарды бөгеді. Гвадалахара халықаралық әуежайында қарулы адамдардың баса-көктеп кіруінен жолаушылар арасында дүрлігу басталды.
Пуэрто-Вальяртадағы сауда орталығының келушілерін қуып шығып, ғимаратты өртегені туралы да хабарланды. Сондай-ақ, Clash Report сайтының жазуынша, Халисконың солтүстігіндегі Ұлттық гвардияның базасына шабуыл жасалып, Пуэрто-Вальяртадағы Икстапа түрмесін басып алу әрекеті болған.
АҚШ-тың ескертуі
АҚШ Мемлекеттік департаменті саяхатшы американдықтарға ескерту жасап, қауіпсіздік операциялары, жолдардың бұғатылуы және қылмыстық белсенділікке байланысты Халиско, Тамаулипас және Мичоакан штаттарында үйден шықпауға кеңес берді.
Эль Менчо кім еді?
Бұрын полиция қызметкері болған Осегера, Мексиканың ең қуатты және қатыгез қылмыстық ұйымдарының бірін басқарды. АҚШ оны іздестіріп, ақпараты үшін үлкен сыйақы ұсынған болатын. CJNG қысқа мерзім ішінде халықаралық қылмыстық ұйымға айналып, бұрынғы одақтастары Синалоа картельімен бәсекелес болды. 2022 жылы АҚШ Әділет министрлігі Эль Менчоны АҚШ-қа контрабандалау үшін фентанил өндіру мен таратуды ұйымдастырды деп айыптады.