Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектеп директоры бірегей олжасының арқасында әлемге танымал болды. Миллионға бағаланар әдіс!

Ұзақ уақыт бойы бұл мектептің оқушылары тамаша біліммен мақтана алмай келді, бірақ мектеп басшысы бір нәрсені өзгертіп еді, бәрі өзгеріп шыға келді!

Қарапайым оқу күні балаға үлкен стресс әкелуі мүмкін, бұдан кейін ол үй тапсырмасына да, қызығушылықтарына да жинақтала алмайтын болады.

Мектепте үлгерімді жақсартуға арналған әдіс

Мичиганнның бір мектептің директоры 2010 жылы мектебі штаттағы ең нашар мектеп ретінде танылған соң мектебінің жұмысын жақсартудың бір әдісін ойлап тапты.

Балаға түсетін салмақты азайтып, баланың жұмыс күнін ұзарту үшін ол жаңа тақырыптарды онлайн-лекциялардың көмегімен оқытуды ұсынды. Оқушылар сабақты үйде қарай алады, ал мектепте мұғалімдермен үй тапсырмасын талдап, жаңа тақырыптарды талқылайтын болған.

Жаттығу кезінде ол оқушыларды бейнетаспаға түсіруді ұсынған, осылайша оқушылар өз кемшіліктерін көретін болған. Бұл дене шынықтыру мен музыка сабақтарында өзекті болды. Балалар кітапханада жүріп те бейнені онлайн режимде көре алуы үшін бейнетаспалар мектептің сайтына жүктелді. Осылайша жаңа тақырыптарды меңгеріп, жаттығулар орындау оңай бола түсті.

Бұл іске асты!

Баланың жұмыс күні түбегейлі өзгерді. Оқушылар сыныпқа жаңа тақырыпты меңгеріп келгендіктен практикаға көбірек уақыт бөлінетін болды, сондықтан білім сапасы бірнеше есеге артты!

2011 жылы мектептің ілгерілей түскенін бәрі байқады. Мичиган мектебі осы әдісті қолданған тұңғыш мектеп болды. Қазірде бұл әдісті әлем бойынша қолдануда.

2012 жылы мектептің табысы өсе түсті. Балалар да, ата-аналар да мектепті жақсы көре бастады. Бірақ ең ұнамдысы, оқушылар жаңа білім алуға қызығушылығы артты.

Кейде таңғаларлық нәтижеге қол жеткізу үшін нанғысыз, тіпті ақылға сыймайтын әдістерді пайдалану керек. Бұл кез келген салаға қатысты. Бұл мектеп жайлы оқиға істеп жүрген ісіңде әрдайым жетіліп отыру керектігін, тәуекелге бару керектігін, сонымен қатар ақылға сыймайтын істерді де жасап тұру керектігіне үлгі болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама