- 05 нау. 2024 01:40
- 181
Мектеп ережесін сақтайық!
Бағыты: Азаматтық - патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
Тақырыбы: «Мектеп ережесін сақтайық!»
Мақсаты: Оқушыларды білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін тексеру. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Оқушылардың ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайд.
Жоспары:
І. Кіріспе
«Білім керек бәріне!»
ІІ. Оқушы анты
Оқушы ережесі
Оқушының сабақтағы міндеттері
ІІІ. Көрініс «Кім кінәлі?»
ІV. Озық ойлы оқушы
V. Қорытынды
Мұғалім: «Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі» демекші, оқушылар, бүгінгі жиынымыздың тақырыбы: «Мектеп ережесін сақтайық!». Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.
Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала ортаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ал ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларың керек.
І. «Білім керек бәріне!»
Мұғалім: Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы. Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сендер де білімді болсаңдар, өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар! Мектеп, оқу, білім туралы оқушылардың өлең - тақпақтарына кезек берейік!
1.
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз!
Мектеп анам бүгінде,
Мектеп алтын босағам
Мектеп берген біліммен,
Марқаяды жас ұлан.
2.
«Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы»-
Осы мақал мәнісі
Қалай?- деп інім сұрады.
Болғың келсе білімді,
Кітаппен достас мәңгілік
Жадында білім жаңғырып
Оятар сана сезімді
Танырсың жатты, өзіңді
Ашарсың сөйтіп көзіңді.
3.
Алақай - ау, Алақай!
Алақай - ау, Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді,
Оқи алам өлеңді.
Бардым мен мектепке.
Оқушымын мен енді!
4.
Корабльді басқарып,
Көк жүзінде самғасам.
Тауды бұзып тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Табындырар бар елді,
Ғажап елдер сала алсам
Жасартатын әжемді,
Дәрі ойлап таба алсам.
ІІІ. Оқушы анты
- Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.
Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын.
Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, - деп ант етемін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.