Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мектеп жасына дейінгі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Денені шымырландырудың,
Ерік - қайратты шыңдаудың,
Ақылды алғырландырудың,
Ойды салмақтандырудың
жолын білсең, сен тәрбиешісің. (Ш. Летурно)

Жаз маусымындағы жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары:
Педагогикалық ұжымның дайындығы
Әдістемелік жұмыстар
Балалар өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ата - аналармен жұмыс
Заттық - дамытушы ортаның жабдықталуы

Жаз маусымында балалардың бос уақытын ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
* балалардың жазғы демалысын әсерлі өткізуіне мейлінше қолайлы жағдай жасау;
*танымдық, жан - жақты қызығушылығы мен қабілетін
дамытуға ықпал ету;
Негізгі міндеттері:
* бала денсаулығын нығайтуда жаз маусымындағы ауа райының тамаша мүмкіндіктерін пайдалану
(күн, ауа. су, құм, т. б.)
*шынықтыру шаралары арқылы қимыл әрекетін таза ауада өткізу
*спорттық ептілік пен дағдысын одан әрі дамыту, қимыл белсенділіктерін арттыру
*жағымды көңіл - күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Жаз маусымында балалар өмірін ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктері:
● Әдеттегі ҰОІӘ қалыпты бір формасы болмайды
● Тәрбиеші - педагогтың шығармашылықпен, өзгеше әдіспен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
● Бала тұлғасын дамыта отырып тәрбиелейтін қызықтырушы іс - шаралар болып табылады.
● Балалар ұжымдық іс - әрекетке машықтанады.
● Балаларда қызығушылық пен құлшыныс, өздігінен іздену, дербес әрекет ету дағдысы дамиды.
● Тәрбиешіге де, балаларға ерекше дайын - дықты талап етпейтін әдіс - тәсілдерді пайдалану қажеттігі туындайды
● Мектеп жасын дейінгі баланың жетекші әрекеті - ойын түрлері көп қамтылады
● Отбасы және балабақшаның бірлескен іс - әрекетінің нәтижелі болуы
● Балаларда көркемөнердің барлық түрін (әңгіме құрау, өлең айту, сурет салу, жапсыру) танытуға жол ашылады
● Мерекелер мен ойын - сауықтар баланың жан - жақты дамуына әсерін тигізеді, эстетикалық, көркемдік талғамын дамытады

Жаз маусымында балалармен бос уақытта өткізілетін іс - шаралар
Көрме жұмыстары (сурет көрме, қолөнер бұйымдар)
Саяхат, жорықтар
Викториналық сәттер
Эксперименттік, жобалау әрекеттері
Салауатты өмір салты апталығы
Экологиялық апталық
Театрланған қойылымдар
Тақырыптық кештер
Жазғы олимпиадалық ойындар
Әуендік сәттер (ән, би, ойындар)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама