Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мектепалды даярлық топтарына арналған тест тапсырмалары (экология негіздері)
Айналаны қоршаған орта. Экология негіздері
Мектепалды даярлық топтарына арналған тест тапсырмалары

1. Берілген заттарды дұрыс орналастыр.
Күн, өсімдік, ауа, адам, тас, тау, саз.
Тірі табиғат:__________________________
Өлі табиғат:___________________________
2. Адам қолымен жасаған заттарды белгіле.
А) орындық, күн, топырақ
Ә) машина, кітап, домбыра.
Б) ұшақ, жануар, су.
3. Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылады?
Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Күн ұзарды. Түн қысқарды. Бұл қай кезде болады?
А) көктем
Ә) қыс
Б) жаз
В) күз
4. Күзгі табиғаттағы мезгілдік өзгерісті белгіле
А) қардың түсуі.
Ә) жапырақтардың бүршік жаруы.
Б) жапырақтардың түсуі.
5. Мезгілдер саны нешеу?
А) 3
Ә) 4
Б) 5
6. Қай жануар қысқы ұйқыға жатады?
А) қоян ә) аю б) бұғы
7. Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?
А) бұтақ
Ә) жапырақ
Б) тамыр
8. Берілген жануарлар тізімінен бөліп жаз.
Түйе, қасқыр, жолбарыс, ит, піл, ешкі, кірпі, мысық, түлкі, аю, қой, елік.
Үй жануарлары:_____________________
Жабайы жануарлар:__________________
9. Күн тәртібін ретімен орналастыр? Санмен көрсет. 1, 2, 3, 4, 5.
Ойнаймын
Киінемін
Таңертең тұрамын
Бақшаға барамын
Жуынамын
10. Жыл мезгілдерін ретімен жаз.
А)
Ә)
Б)
В)
11. Біздің Отанымыз қалай аталады?
А) Астана
Ә) Қазақстан Республикасы
Б) Шығыс Қазақстан
12. Қазақстан Республикасының Туының түсі қандай?
А) Көк
Ә) ақ
Б) көгілдір

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама